"Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәурдегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 ақпанда № 31854 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәурдегі № 319 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11193 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларында:

      3-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-2. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар сатып алынғаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен (Нормативтік құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 26867 болып тіркелген) бекітілген өрт қауіпсіздігі қағидаларын талаптарына сәйкес келетін және есепке алынатын өнімнің сақталуын, есепке алынуын және бар-жоғын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық өнімді сату үшін арнайы жабдықталған меншікті немесе жалға алу құқығындағы үй-жайлардың және (немесе) сақтау қоймаларына орналастырылады.";

      3-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-3. Заңды тұлғалар қызмет көрсететін аумағында дайын пиротехникалық өнімдерді сату үшін арнайы жабдықталған үй-жай және (немесе) сақтау қоймасы орналасқан ішкі істер органына пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сатып алуға рұқсатты алу үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығымен (Нормативтік құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 20184 болып тіркелген) бекітілген "Заңды тұлғаларға азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларының 13-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесін ұсынады.

      Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау жөніндегі полиция қызметкері ұсынылған құжаттарды және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық үкіметтің "шлюзі" арқылы алады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңды тұлғалар қызмет көрсететін аумағында дайын пиротехникалық өнімдерді сату үшін арнайы жабдықталған үй-жай және (немесе) сақтау қоймасы орналасқан ішкі істер органына пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтауға рұқсатты алу үшін № 254 бұйрығымен бекітілген 14-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесін ұсынады";

      6-тармақтың алып тасталсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтауға арналған рұқсат үш жылдық мерзімге беріледі.

      Рұқсат беруден дәлелуі бас тарту рұқсат беру үшін белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.

      Мынадай:

      1) №254 бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін көзделген негіздермен;

      2) сақтау орны осы Қағидалардың 10-34-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартылады.";

      8-тармақтың алып тасталсын;

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Сақтау орны мен қойма аумағын таза ұстау қажет, сынған ыдыстарды, бөгде және жанғыш материалдарды сақтауға жол берілмейді. Қойма ғимаратының кіру жолдарын, өрт сөндіру, су көздерінің, сондай-ақ өртке қарсы мүккамалдар мен жабдықтарға бару жолдары үнемі бос болуы тиіс.

      Қоймалар арасындағы қауіпсіз қашықтықтарды қандай да бір материалдар, жабдықтар мен басқа да заттарды сақтау үшін пайдалануға болмайды.

      Азаматтық пиротехникалық бұйымдарды пайдалану өрт қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып әзірленген пайдалану құжаттамасының немесе белгіленген тәртіпті бекітілген технологиялық нұсқаулықтар (техникалық процестер) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      Азаматтық пиротехникалық бұйымдарды мақсатсыз пайдалануға жол берілмейді.

      Адамдарға пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сатып алумен, сақтаумен, есепке алумен, тасымалдаумен, пайдаланумен тікелей байланысты жұмыстарға рұқсат беру адамдарға жарылғыш материалдарына рұқсат беру талаптарына сәйкес жүргізіледі.";

      37-тармақ 5) тармақшасы алып тасталсын;

      Көрсетілген азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларында 3-қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министірлігі


      КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі