"Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 69 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 ақпанда № 31844 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12804 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметі алу үшін өтініш беруші "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ұшуды орындауды бастаудың жоспарланған күніне дейін 60 (алпыс) жұмыс күні бұрын: "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік алуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушы) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) 8-тармағында көзделген құжаттарды жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.

      Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды электрондық түрде портал арқылы берген кезде – өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өтінімді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Уәкілетті ұйым электрондық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

      Өтініш берушіден ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Құжаттар топтамасымен өтінім келіп түскен күні көрсетілетін қызметті беруші тіркеуді жүзеге асырады және орындаушыны тағайындайды.

      Өтінімді және құжаттарды қарау мерзімі өтінім тіркелген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді одан әрі қарау туралы еркін нысанда бас тарту (бұдан әрі – бас тарту) туралы дәлелді жауап жолдайды.

      Орындаушы:

      1) ұсынылған құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды;

      2) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген құжаттарды қараудан бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды жібереді.

      Құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге тексеру жүргізу туралы шешім жолдайды.

      Тексеру жүргізу үшін шешім қабылданған сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторлары қатарынан Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу ) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде бірыңғай байланыс орталығына, мемлекеттік қызмет берушіге мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";

      17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Заңның 16-3-бабының 2-тармағында көзделген бұзушылықтар анықталған;";

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Уәкілетті ұйым пайдаланушының тексеру жүргізу арқылы белгіленген мерзімде жоспардың орындалуын бақылайды.

      Жоспардың орындалуын тексеру қорытындысы бойынша уәкілетті ұйым үш жұмыс күні ішінде:

      жоспар орындалған жағдайда ұшуды орындау құқығына куәлік қолданылуын қайта бастайды;

      жоспар орындалмаған жағдайда рұқсат беруден дәлелді бас тартуды жібереді.

      20. Уәкілетті ұйым жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыны қайта бастау не жіберуден бас тарту жөніндегі шешімді тексеру аяқталған сәттен бастап екі жұмыс күні мерзімінде пайдаланушыға жазбаша нысанда хабарлайды.";

      2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің 2023 жылғы
2 ақпандағы № 69
Бұйрыққа қосымша
Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша

Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Уәкілетті ұйымның атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Ұшуларды орындау құқығына куәлік (жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушы) (бұдан әрі - куәлік) беру – 60 (алпыс) жұмыс күні;

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы:
электрондық (толық автоматтандырылған)

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) порталдың – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8:30-ден 17:30-ға дейін

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Ұшуларды орындау құқығына куәлік алу үшін (жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушысы):
1) мынадай құжаттарды қоса бере отырып осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім:
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшермесі;
3) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы немесе техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымға арналған шарттың электрондық көшірмесі;
4) ұшуды қамтамасыз етуге арналған шарттардың электрондық көшірмесі;
5) пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасының электрондық көшірмесі;
6) пайдалану ерекшеліктерінің жобасының электрондық көшірмесі;
7) әуе кемесін экипажсыз жалға алу шарттарының (келісімшарттың) электрондық көшірмесі (жалға алынған әуе кемесі болған жағдайда).
Жеке тұлға құжаттарды портал арқылы берген кезде жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық түрде қоса бере отырып, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, ұшуды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтерді көрсетілетін уакілетті ұйымның тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі (қажет болған жағдайда) арқылы алады.
Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды портал арқылы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" берген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың осы Қағидалардың талаптарына, Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына, заңға немесе ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса;4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысан арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
Министрліктің – www.miid.gov.kz интернет- ресурстарында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімінде орналастырылған;
Өтініш берушінің ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады. Өтініш берушінің порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414 және 8 800 080 7777 .