ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 386-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өндіруші немесе импорттаушы қолданатын қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 688 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30483 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өндіруші немесе импорттаушы қолданатын қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесіне қойылатын талаптарда:
4-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасының аумағында қалдықтарды қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды. Өндіруші (импорттаушы) тиісті жартыжылдықта өткізілген немесе импортталған өнім (тауар) массасының және оның қаптамасының кемінде отыз пайызын қайта өңдеуді қамтамасыз етеді.".
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
З. Сулейменова |