"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік кұралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық қарап тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуіріндегі № 372 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 44 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 қаңтарда № 31786 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік кұралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық қарап тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуіріндегі № 372 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 мамырда № 11141 тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік кұралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық қарап тексеру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қарап тексеру жыл сайын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Е.С. Ботақановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов