"Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 24 қаңтарда № 31759 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16525 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 152-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық банкі

      20 ___ жылғы "___" ________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қаржы министрінің
2023 жылғы 23 қаңтардағы
№ 57 Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 21 ақпандағы
№ 260 бұйрығымен
бекітілген

Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 152-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленген және валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары (келісім бойынша) немесе екінші деңгейдегі банктер осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органдарына валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны (бұдан әрі – қорытынды) табыс етеді.

      3. Қағидалар мынадай салық төлеушілерге қолданылмайды:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім шеңберінде жүзеге асыратын, олар үшін мемлекеттік кірістер органдарына салық төлеушімен ұсынылған өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге сәйкес ашылған бірлескен банктік шоттан нотариалдық расталған үзінді-көшірмелері қорытынды болып табылады;

      2) Салық кодексінің 722-бабы 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісімнің шеңберінде теңізде көмірсутегін барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын, олар үшін салық төлеушінің мемлекеттік кірістер органына ресми ілеспе хатпен ұсынған шетел банкінің немесе резидент елдің заңнамасына сәйкес банктік операцияларды реттеуді жүзеге асыратын ұйымның шотына төлемнің түсуін растайтын үзінді-көшірмесі қорытынды болып табылады.

      Егер түсімді (ішінара немесе толығымен) тікелей немесе жанама бақыланатын ұлттық компания және (немесе) Ұлттық басқарушы холдинг салық төлеушінің міндеттемелерін орындау есебіне осындай салық төлеушінің шетел банкіндегі шотына түсімдерсіз жолдаған және (немесе) ұстаған жағдайда, онда мемлекеттік кірістер органына ұсынылған, осындай салық төлеуші мен тауарды сатып алушы арасындағы өзара есеп айырысудың тиісті салыстыру актісі қорытынды болып табылады.

      Бұл ретте, егер осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжат шетел тілінде жазылса, онда оған нотариалды куәландырылған орыс тіліндегі аудармасы қоса беріледі.

2-тарау. Қорытындыны беру тәртібі

      4. Мемлекеттік кірістер органдары валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны қалыптастыру күніндегі жағдай бойынша осындай қорытындыны беру туралы сұрау салуларды салықтық тексеру басталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

      есеп нөмірлері алынған валюталық шарттарға қатысты экспорт бойынша валюталық шартқа есептік нөмір беру орны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына немесе екінші деңгейдегі банктерге;

      Қазақстан Республикасында филиалдар мен өкілдіктер арқылы қызметтерін жүзеге асыратын резидент еместерге қатысты филиалдың немесе өкілдіктің банктік шотын ашу орны бойынша екінші деңгейдегі банктерге жібереді.

      5. Мемлекеттік кірістер органдары сұрау салуды жолдаған кезде:

      салық төлеушінің атауы;

      жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН);

      валюталық шарттың нөмірі және күні;

      сұрау салынған кезең;

      нұсқаманың тіркеу нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Экспорт бойынша валюталық шарттарға қатысты сұрау салуда валюталық шарттың есептік нөмірі мен күні көрсетіледі.

      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (келісім бойынша) немесе екінші деңгейдегі банктердің аумақтық филиалдары мемлекеттік кірістер органының қорытындыны беру туралы сұрау салуы бойынша электрондық түрде осындай сұрау салуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қорытындыны береді. Қорытынды басшының не басшының жазбаша шешімімен қорытындыға қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен екінші деңгейдегі банктер арасында ақпараттық жүйелердің мемлекеттік кірістер органдарымен интеграция болмаған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттар қағаз жеткізгіште ұсынылады. Бұл ретте, ілеспе хат пен қорытындыға басшы не басшының жазбаша шешімімен қорытындыға қол қоюға уәкілеттік берілген тұлға қол қояды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі банктің аумақтық филиалының мөрімен (ол болған кезде) бекітіледі.

  Валюталық түсімнің түсуі
туралы қорытындыны беру
қағидаларына
қосымша
нысан

20___ жылғы "___" _______ бастап 20___ жылғы "____" _______ аралығындағы кезеңге валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды

р/с №

Тексерілетін салық төлеуші

Шот валютасы

Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

Салық төлеушінің атауы

1

2

3

4

      кестенің жалғасы

Валюталық түсімнің түсуі туралы мәліметтер

Валюталық шарттың нөмірі мен күні

Валюталық шарттың есепке алу нөмірі және оны берген күні немесе валюталық шарттың нөмірі және күні

Жөнелтушінің атауы

Күні

Төлем сомасы

5

6

7

8

9

      Валюталық шарттың бойынша жиынтығы: ________________________

      Ескертпе: 9-баған есеп нөмірлері алынған немесе экспорт бойынша валюталық шарттарға қатысты толтырылады.

      Осы нысанның қосымшасында қорытындыны толтыру жөніндегі түсіндірме келтірілген.

  Валюталық түсімнің түсуі
туралы қорытындыға
қосымша

"Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      Нысан мына үлгіде толтырылады:

      нысанның 1-бағанында қатардың рет нөмірі көрсетіледі;

      нысанның 2-бағанында жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) көрсетіледі;

      нысанның 3-бағанында салық төлеушінің атауы көрсетіледі;

      нысанның 4-бағанында "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" ҚР ҰЖ 07 ISO 4217 жіктеушісіне сәйкес валютаның әріптік белгісі көрсетіледі;

      нысанның 5-бағанында жіберушінің атауы көрсетіледі;

      нысанның 6-бағанында күні көрсетіледі;

      нысанның 7-бағанында төлем сомасы көрсетіледі;

      нысанның 8-бағанында валюталық шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі;

      нысанның 9-бағанында эқспорт бойынша валюталық шарттың есептік нөмірі және оның берілген күні көрсетіледі (есептік нөмірі алынған экспорт бойынша влаталық шарттарға қатысты толтырылады).