"Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 359 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 24 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 19 қаңтарда № 31719 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 359 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23754 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықта:

      314-тармақ алып тасталсын;

      319-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "319. Жұмыс құжаттамасында қосымша нұсқаулар болмаған кезде герметикалығы мен беріктігіне сынау қысымының (гидравликалық) шамасын мына:

      1) 0,5 мегапаскальға дейін - жұмысшыдан 1,5 есе, бірақ кемінде 0,2 Мегапаскальға (шаршы сантиметрге 2 килограмм күш);

      2) 0,5 мегапаскальдан жоғары - жұмыс қысымынан 1,25 есе, бірақ жұмыс қысымының кемінде 0,3 Мегапаскаль шамасына сәйкес қабылдау керек:. (шаршы сантиметрге 3 килограмм күш).


, бірақ кемінде 0,2 Мегапаскаль (шаршы сантиметрге 2 килограмм күш), мұнда Р - құбыр жолдардың қысым есебі, Мегапаскаль;

- 20 градус Цельсий құбыр жолдар материалдарының рұқсат етілген қысымы;

- ең жоғары, қалыпты есеп температурасындағы құбыр жол материалдары үшін рұқсат етілген қысым.

      Барлық жағдайларда сыналатын қысымның мөлшері құбыр жол қабырғасындағы эквиваленттік қысымы сынау температурасында материалдың аққыштық шегінің 90 пайыздан аспайтындай болады.

      Вакуумдық құбыр жолдар мен улы және жарылыс өртқауіпті орталарға арналған артық қысымсыз құбыржолдар үшін беріктікке сыналатын қысым мөлшері 0,2 Мегапаскаль (шаршы сантиметрге 2 килограмм күш) тең болып қабылданады.";

      410 және 411-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "410. Құбыржолды беріктік пен герметикалыққа мерзімді сынау құбыржолды ревизиялау кезінде жүргізеді.

      10 Мегапаскальға (шаршы сантиметрге 100 килограмм күш) дейінгі қысымды құбыр жолдар үшін сынау жүргізу мерзімі, осы құбыр жол үшін қабылданған 367-тармақтың шарттарына сәйкес, тексеріс жүргізудің екі еселенген жиілігіне тең, бірақ 8 жылда бір реттен жиі емес мерзім қабылданады.

      10 Мегапаскальдан (шаршы сантиметрге 100 килограмм күш) жоғары қысымды құбыр жолдар үшін сынау жүргізудің мерзімдері, мынадай мерзімдерден жиі болмайды:

      1) 200 градус Цельсийге дейінгі температуралы құбыр жолдар үшін -8 жылда бір рет;

      2) 200 градус Цельсийден жоғары температуралы құбыр жолдар үшін -4 жылда бір рет.

      411. ҚҰбыржолдарды беріктігі мен герметикалыққа сынау мерзімі құбыржолдарға тексеріс жүргізу уақытында жүргізеді. Сынақ қысымы және сынақ жүргізу тәртібі осы Нұсқаулықтың 7-тарауының рұқсат етілген шарттарына сәйкес келеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі