БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мәдениет, мәдениет саласында білім беру, тілдерді дамыту, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спорт салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 419 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13179 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
А блогында – Басқарушы персонал:
"
А2 | 1 | Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының басқарма басшысы |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
А2 | 1 | Республикалық маңызы бар ММ және МҚК басқарма басшысы |
";
B блогында – Негізгі персонал:
"Өзге де салалар" бөлімінде:
"
В2 | 1 | Біліктіктегі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: әдіскер, жаттықтырушы |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
В2 | 1 | Біліктіктегі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: әдіскер, жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы |
";
"
В2 | 2 | Біліктіліктегі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: әдіскер, жаттықтырушы, психолог |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
В2 | 2 | Біліктіліктегі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: әдіскер, жатттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, психолог |
";
"
В2 | 3 | Біліктіліктегі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: әдіскер, жаттықтырушы, психолог |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
В2 | 3 | Біліктіліктегі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: әдіскер, жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, психолог |
";
"
В3 | 1 | Біліктіктегі орташа деңгейдегі жоғары санатты мамандар: әдіскер, жаттықтырушы |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
В3 | 1 | Біліктіктегі орташа деңгейдегі жоғары санатты мамандар: әдіскер, жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы |
";
"
В3 | 2 | Біліктіктегі орташа деңгейдегі бірінші санатты мамандар: әдіскер, жаттықтырушы |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
В3 | 2 | Біліктіктегі орташа деңгейдегі бірінші санатты мамандар: әдіскер, жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы |
";
"
В3 | 3 | Біліктіктегі орташа деңгейдегі екінші санатты мамандар: әдіскер, жаттықтырушы |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
В3 | 3 | Біліктіктегі орташа деңгейдегі екінші санатты мамандар: әдіскер, жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы |
";
С блогында - Әкімшілік персонал:
"
С2 | Әкімшілік қызметтерді орындайтын бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі мамандар: аккомпаниатор, ат спорты түріндегі мал дәрігері, аудармашы, бағдарламашы, бухгалтер, заңгер, зертханашы, зоотехник, инженер, инспектор, кітапханашы, қару-жарақ шебері, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, механик, музыкалық жетекші, мұрағатшы, нұсқаушы (нұсқаушы-спортшыдан басқа), референт, суретші, шебер, экономист, энергетик |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
С2 | Әкімшілік қызметтерді орындайтын бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі мамандар: аккомпаниатор, ат спорты түріндегі мал дәрігері, аудармашы, бағдарламашы, бухгалтер, заңгер, зертханашы, зоотехник, инженер, инспектор, кітапханашы, қару-жарақ шебері, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, механик, музыкалық жетекші, мұрағатшы, нұсқаушы (нұсқаушы-спортшыдан басқа), референт, суретші, шебер, экономист, энергетик, менеджер |
".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Оралов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі