Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 және "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 8 ақпандағы № 140 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 қаңтарда № 31608 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 29.04.2025 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 29.04.2025 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпанындағы № 140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16409 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидаларында:

      көрсетілген Қағидалардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидалары";

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының жеткізілген лимиттері шегінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі өз қызметінің басымдықтарын, ұлттық жобаларды іске асыруды ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстарды дербес бөледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде:

      1) тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың мақұлданған болжамы;

      2) ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бекітілген (нақтыланған) көлемі;

      3) тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бекітілген көлемі;

      4) алдыңғы және ағымдағы қаржы жылдарында бюджеттік бағдарламалардың орындалу қорытындысы;

      5) бюджеттік инвестицияларды іске асыруды бағалау қорытындысы;

      6) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепке Жоғары аудиторлық палатаның (жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепке облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының) қорытындылары мен ұсынымдары;

      7) ұлттық жобалардың іс-шаралары;

      8) Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджет жобасы шығыстарының негізгі бағыттары бойынша оны алдын ала бағалауы;

      9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер есепке алынады.

      Ұлттық жобаларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, өзге де Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары есепке алынады.";

      20-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстары.

      Тұрақты сипаттағы ағымдағы шығыстар:

      мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды;

      мемлекеттік тікелей міндеттемелерді;

      шығыстардың көлемі бойынша негіздемелерді талап ететін мемлекеттік міндеттемелерді қамтиды.

      Күрделі шығындар:

      мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты күрделі шығындарды;

      ұлттық жобаларды іске асыруға байланысты күрделі шығындарды қамтиды.

      Бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстары:

      республикалық (жергілікті) бюджеттік инвестицияларды іске асыруға арналған шығыстарды;

      төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттерін қамтиды.".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне жіберілуін қамтамасыз етсін;

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 5 қаңтардағы
№ 4 Бұйрығына
1 қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 29.04.2025 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 5 қаңтардағы
№ 4 Бұйрығына
2 қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 29.04.2025 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.