Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округінің Берел ауылында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 сәуірде № 27587 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 11 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 27.12.2022 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 - бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2022 жылғы 31 наурыздағы № 55 ұсынысына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округінің Берел ауылында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс - шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауылдық округінің әкімі А. Аманов