Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 369 "Риддер қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1192 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 қаңтарда № 31556 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 369 "Риддер қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-174 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Риддер қаласы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бірыңғай тарифін белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Риддер қаласы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бірыңғай тарифі 130 (жүз отыз) теңге мөлшерінде белгіленсін.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Риддер қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қаласының әкімі Д. Горьковой
      "КЕЛІСІЛДІ"
Риддер қалалық
мәслихаты