Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 93 "Тұқым шаруашылығын дамытуға 2022 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 10 қарашадағы № 277 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 қарашада № 30499 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 93 "Тұқым шаруашылығын дамытуға 2022 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27815 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2022 жылғы 10 қарашадағы
№ 277 қаулысына қосымша
  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2022 жылғы 22 сәуірдегі
№ 93 қаулысына қосымша

Тұқым шаруашылығын дамытуға 2022 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдері

Бюджет түрі

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға қажет етілетін ақшалай қаражат барлығы (мың теңге)

оның ішінде (мың теңге)

бірегей тұқымдар

элиталық тұқымдар

бірінші репродукция тұқымдары

бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары

Жергілікті

2 421 786,00

5 635,438

214 183,680

177 359,088

2 024 607,794

Барлығы

2 421 786,00

5 635,438

214 183,680

177 359,088

2 024 607,794