Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 118 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 1 тамыздағы № 174 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 тамызда № 29083 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 118 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4550 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулысымен бекітілген 3-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдгінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Шығыс Қазақстан облысы
      әкімінің міндетін атқарушы А. Сматлаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Шығыс Қазақстан
      облыстық мәслихаты

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2022 жылғы 1 тамыздағы
№ 174 қаулысына
қосымша
  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2016 жылғы "20" сәуірдегі
№ 118 қаулысына
3-қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Орта білім беру ұйымының (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының, мамандандырылған білім беру ұйымының, арнайы білім беру ұйымының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымның, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымының, оқу-әдістемелік (әдістемелік) орталықтың (кабинеттің), дарынды балалармен жұмыс жөніндегі орталықтардың, қосымша білім берудің (орталықтың, кешеннің) басшысы (директор, мектепке дейінгі ұйымның меңгеруші);

      білім беру ұйымы басшысының орынбасары: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік, оқу-сауықтыру жұмысы және қосымша білім беру (орталық, кешен), тәрбие жұмысы, ақпараттандыру, бастапқы әскери даярлық бойынша, инновациялық білім беру (технологиялар), ақпараттық технологиялар бойынша, бейінді, кәсіптік оқыту бойынша, оқу-әдістемелік бірлестік бойынша;

      барлық мамандық мұғалімдері;

      білім беру ұйымдары интернатының, зертханасының, кабинетінің; оқу-өндірістік, оқу-әдістемелік, оқу-тәрбие қызметімен, оқу бөлімімен, секторымен, оқу-өндірістік (оқу) шеберханасымен тікелей айналысатын білім беру ұйымдарындағы бөлімшенің кітапхана меңгерушісі;

      әлеуметтік педагог, қосымша білім беру педагогы, педагог-психолог, арнайы педагог (мұғалім-дефектолог, дефектолог, мұғалім-логопед, логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог);

      тәрбиеші: жатақхананың аға тәрбиешісі, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында), тәрбиеші-ана, тәрбиешінің көмекшісі;

      аға вожатый, вожатый;

      оқытушы; тікелей оқу-оқытушылық қызметпен айналысатын спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы, спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушы;

      аға шебер, өндірістік оқыту шебері; өндірістік оқыту шебері – оқытушысы;

      әдіскер: мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының, қосымша білім беру ұйымдарының; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының, оқу-әдістемелік (әдістемелік) орталықтың (кабинеттің), арнайы білім беру ұйымының;

      оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын музыкалық жетекші, аккомпаниатор, концертмейстер, хореограф, көркемдік жетекші;

      мамандар (бас, аға), оның ішінде: кітапханашы, медициналық бике, вожатый, хореограф, нұсқаушы, лаборант.