Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2022 жылға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 62 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 наурызда № 27164 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2022 жылға арналған субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2022 жылғы 17 наурыздағы
№ 62 қаулысына
қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2022 жылға арналған субсидиялардың көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидияланатын көлем

Субсидиялар көлемі, теңге

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

1)

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

Бас/
шағылыстыру маусымы

10 000

138 000

1 380 000 000

2)

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

15 000

36 800

552 000 000

2.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

Бас/
шағылыстыру маусымы

100 000

3 473

347 300 000

3.

Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу

Сатып алынған бас

150 000

3 615

542 250 000

4.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:

1)

Отандық

Сатып алынған бас

150 000

6 370

955 500 000

2)

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған

225 000

300

67 500 000

3)

Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған

Сатып алынған бас

300 000

100

30 000 000

5.

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату

Тірідей салмағы килограмм

200

664 400

132 880 000


Барлығы:




4 007 430 000

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу:

1)

Қос жынысты

Сатып алынған доза

5 000

4 250

21 250 000

2.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:

1)

Отандық

Сатып алынған бас

200 000

125

25 000 000

2)

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған

225 000

95

21 375 000

3)

Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған

400 000

105

42 000 000

3.

Сүт өндіру құнын арзандату:

1)

Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылықтар

Өткізілген немесе өңделген килограмм

45

19 913 160

896 092 200

2)

Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылықтар

30

13 698 360

410 950 800

3)

Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылықтар

20

4 883 190

97 663 800

4)

Ауыл шаруашылығы кооперативі

20

3 812 120

76 242 400


Барлығы:




1 590 574 200

Етті құс шаруашылығы

1.

Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу

Сатып алынған бас

600

21 578

12 946 800

2.

Құс етін өндіру құнын арзандату:

1)

15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

Өткізілген килограмм

80

17 296 165

1 383 693 200

2)

5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

60

10 423 430

625 405 800


Барлығы:




2 022 045 800


Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу

Сатып алынған бас

60

30 000

1 800 000


Барлығы:




1 800 000

Шошқа шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды шошқалар сатып алу

Сатып алынған бас

140 000

246

34 440 000

2.

Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу

Бас/
шағылыстыру маусымы

40 000

3 030

121 200 000


Барлығы:




155 640 000

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

1)

Қойлардың асыл тұқымды аналық басы

Бас/
шағылыстыру маусымы

4 000

87 010

348 040 000

2)

Қойлардың тауарлық аналық басы

2 500

123 540

308 850 000

2.

Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу

Сатып алынған бас

15 000

20 140

302 100 000


Барлығы:




958 990 000

Жылқы шаруашылығы

1.

Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу

Сатып алынған бас

100 000

130

13 000 000


Барлығы:




13 000 000


Балара шаруашылығы

1.

Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

Балара ұясы/маусым

5 000

14 000

70 000 000


Барлығы:




70 000 000

Марал шаруашылығы

1.

Маралдардың (бұғылардың) аналық бастарымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

Бас/шағылыстыру маусымы

10 000

3 000

30 000 000


Барлығы:




30 000 000


Жиыны сома:




8 849 480 000