Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің 2020 жылғы 2 желтоқсаңдағы № 18 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 22 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 желтоқсанда № 31384 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 18 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6754 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 22-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "

22

№ 222 сайлау учаскесі

Лебяжье ауылы, Коммунистическая көшесі, 8, "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Лебяжье ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Бос уақытты ұйымдастыру орталығының ғимараты

Лебяжье ауылы

      ".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жумабаев ауданының әкімі
К. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Мағжан Жұмабаев ауданының

      сайлау комиссиясы