Ұзынкөл аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 31 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 29 маусымдағы № 159 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 шілдеде № 28671 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ұзынкөл аудандық мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 31 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9865 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "6. Әлеуметтік көмек мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген ардагерлерге және басқа да адамдарға, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балаларға, табыстарын есепке алмай, ай сайын екі еселік ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      4) техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім (бұдан әрі – білім) алғаш рет сатып алатын адамдарға оқу жылы ішінде екі бөлікпен аударылатын Қазақстан Республикасының оқу орындарында білім алуға байланысты нақты құны бойынша оқу ақысын төлеу үшін жартыжылдықта 1 рет 400 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, білім беру гранттарының иегерлері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда, мыналардың ішінен:

      өтiнiш берудің алдындағы соңғы он екi айда Қостанай облысы бойынша белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың жастарына;

      табыстарын есепке алмай, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын жастарға;

      мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар, барлық санаттағы мүгедектерге табыстарын есепке алмай;

      5) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған және амбулаториялық емдеудегі адамдарға, табыстарын есепке алмай, ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";

      7-тармақтың 4) тармақшасы жана редакцияда жазылсын:

      "4) медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін дәрілік заттар мен медициналық қызмет көрсетуге арналған барлық санаттағы мүгедектерге табыстарын есепке алмай, нақты шығындар мөлшерінде 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл аудандық мәслихатының хатшысы А. Бараншина