Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 23 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қаңтарда № 26597 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 26.09.2022 № 417 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1-1. Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 26.09.2022 № 417 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 20 қаңтардағы
  № 23 қаулысына
  1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 18.11.2022 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қостанай облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 14.02.2023 № 59 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, осы қаулының 1-қосымша 01.01.2023 бастап туындаған қатынастарға қолданылады).

Елді мекен

Тәрбиеленушілер саны

Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

болу режимі 9 сағаттық топта

болу режимі 10,5–12 сағаттық топта

санаторлы топта

арнайы топтар

1

қала

19549

42675

46189

68404

81865

2

ауыл

5482

46892

50933

76310

91748

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 20 қаңтардағы
  № 23 қаулысына
  2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 18.11.2022 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

      Ескерту. Қаулы 2-қосымшамен толықтырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 26.09.2022 № 417 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 14.02.2023 № 59 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Мектепке дейінгі ұйымдардың орналасқан жері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы ата-ананың бір айдағы төлемақысының мөлшері (теңге) 3 жасқа дейін/3 жастан бастап

9 сағаттық режимдегі топтар

10,5 сағаттық режимдегі топтар

12 сағаттық режимдегі топтар

1

Алтынсарин ауданы

3 жасқа дейін – 12125
3 жастан бастап – 14831

-

-

2

Амангелді ауданы

-

3 жасқа дейін – 9606
3 жастан бастап – 12338

-

3

Арқалық қаласы

3 жасқа дейін – 14215
3 жастан бастап – 17163

3 жасқа дейін – 14215
3 жастан бастап – 17163

3 жасқа дейін – 14361
3 жастан бастап – 17369

4

Әулиекөл ауданы

-

3 жасқа дейін – 11994
3 жастан бастап – 15295

-

5

Бейімбет Майлин ауданы

3 жасқа дейін – 12761
3 жастан бастап – 14824

3 жасқа дейін – 15545
3 жастан бастап – 17506

-

6

Денисов ауданы

-

3 жасқа дейін – 12498
3 жастан бастап – 15783

-

7

Жангелдин ауданы

-

3 жасқа дейін – 10056
3 жастан бастап – 12828

-

8

Жітіқара ауданы

-

3 жасқа дейін – 15451
3 жастан бастап – 19219

-

9

Қамысты ауданы

3 жасқа дейін – 15769
3 жастан бастап – 18602

-

-

10

Қарабалық ауданы

-

3 жасқа дейін – 13296
3 жастан бастап – 16507

-

11

Қарасу ауданы

-

3 жасқа дейін – 11242
3 жастан бастап – 12893

-

12

Қостанай ауданы

-

3 жасқа дейін – 12068
3 жастан бастап – 14927

3 жасқа дейін – 16394
3 жастан бастап – 19989

13

Қостанай қаласы

-

-

3 жасқа дейін – 17690
3 жастан бастап – 20880

14

Лисаков қаласы

-

3 жасқа дейін – 14012
3 жастан бастап – 17165

-

15

Меңдіқара ауданы

-

3 жасқа дейін – 15810
3 жастан бастап – 18221

-

16

Науырзым ауданы

-

3 жасқа дейін – 13772
3 жастан бастап – 16556

-

17

Рудный қаласы

-

-

3 жасқа дейін – 16450
3 жастан бастап – 19161

18

Сарыкөл ауданы

3 жасқа дейін – 12000
3 жастан бастап – 14500

3 жасқа дейін – 12000
3 жастан бастап – 14500

-

19

Ұзынкөл ауданы

-

3 жасқа дейін – 10921
3 жастан бастап – 15315

-

20

Федоров ауданы

-

3 жасқа дейін – 11753
3 жастан бастап – 14261

-