"Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 150-қ қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 3-қ қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 қаңтарда № 26653 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 150-қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6952 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданының әкімі С. Сермагамбетов