Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 23.08.2022 № 54/02 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 23.08.2022 № 54/02 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1-1. Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 23.08.2022 № 54/02 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1-2. Субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар және өтінім беру мерзімдері осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін
Ескерту. Қаулы 1-2-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 23.08.2022 № 54/02 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 15/01 қаулысына 1-қосымша |
2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 25.11.2022 № 81/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидиялау көлемі | Субсидиялар сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | |||
1.1 | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | Бас/шағылыстыру маусымы | 120 600 | 1 206 000 |
1.2 | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 20 150 | 302 250 | |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасын күтіп-бағу | Бас/шағылыстыру маусымы | 2 500 | 250 000 |
3. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасын сатып алу | Сатып алынған бас | 4 598 | 689 700 |
4. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | Сатып алынған бас | - | - |
4.1 | Отандық | 5 263 | 789 450 | |
4.2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған | 330 | 74 250 | |
4.3 | Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінен, Еуропа елдерінен импортталған | - | - | |
5. | Ірі қара малдың тұқымдық шығу тегіне сәйкес келетін импортталған аналық басын сатып алу | 383 | 57 450 | |
6. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату | Тірідей салмағы, килограмм | 3 261 250 | 652 250 |
7. | Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату | Өндірілген сиыр етінің килограмы | - | - |
Барлық сома | 4 021 350 | |||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу: | - | - | |
1.1 | Бір жынысты | Сатып алынған доза | - | - |
1.2 | Қос жынысты | 420 | 2 100 | |
2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | |||
2.1 | Отандық | Сатып алынған бас | 197 | 39 400 |
2.2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған | 15 | 3 375 | |
2.3 | Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінен, Еуропа елдерінен импортталған | 96 | 38 400 | |
3. | Сүт өндіру құнын арзандату: | |||
3.13.2 | Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | Өткізілген немесе өңделген килограмм | - | - |
Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | 5 937 300 | 178 119 | ||
3.3 | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 4 240 500 | 84 810 | |
3.4 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 5 796 250 | 115 925 | |
4. | Ірі қара малдың эмбриондарын сатып алу құнын арзандату | Дана | - | - |
5 | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерік орталықтарды субсидиялау | Ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас | 318 | 1 590 |
Барлық сома | 463 719 | |||
Етті құс шаруашылығы | ||||
1. | Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | Сатып алынған бас | 68 795 | 41 277 |
2. | Құс етін өндіру құнын арзандату: | |||
2.1 | 15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | Өткізілген килограмм | - | - |
2.2 | 10 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | - | - | |
2.3 | 5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс | 1 800 000 | 108 000 | |
2.4 | 500 тоннадан басталатын нақты өндіріс | 550 000 | 27 500 | |
3. | Күрке тауық етін өндіру құнын арзандату | - | - | |
4. | Суда жүзетін құс етін өндіру құнын арзандату | - | - | |
Барлық сома | 176 777 | |||
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | Сатып алынған бас | 2 045 500 | 122 730 |
2. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату миллион данадан басталатын нақты өндіріс (2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады) | Өткізілген дана | 423 090 000 | 1 269 270 |
Барлық сома | 1 392 000 | |||
Шошқа шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды шошқалар сатып алу | Сатып алынған бас | 1 093 | 153 020 |
2. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | Бас/шағылыстыру маусымы | 7 064 | 282 560 |
Барлық сома | 435 580 | |||
Қой шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | |||
1.1 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | Бас/шағылыстыру маусымы | 62 500 | 250 000 |
1.2 | Қойлардың тауарлық аналық басы | 120 000 | 300 000 | |
2. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | Сатып алынған бас | 8 376 | 125 640 |
2.1 | Импортталған асыл тұқымды аналық қойларды сатып алу | 1 000 | 30 000 | |
2.2 | Импортталған асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу | 10 | 1 500 | |
3. | Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды қошқарды күтіп-бағу | Бас/шағылыстыру маусымы | - | - |
4. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату | Өткізілген бас | 700 | 2 100 |
5. | Қойлардың эмбриондарын сатып алу құнын арзандату | Дана | 250 | 20 000 |
6. | Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтарды субсидиялау | Ұрықтандырылған бас/шағылыстыру маусымы | 6 667 | 10 000 |
Барлық сома | 739 240 | |||
Жылқы шаруашылығы | ||||
1. | Өнімді бағыттағы өндірушілердің асыл тұқымды айғырларын сатып алу | Сатып алынған бас | 130 | 13 000 |
Барлық сома | 13 000 | |||
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен: | ||||
1. | Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | Бас | 100 000 | 1 000 000 |
Барлық сома | 1 000 000 | |||
Барлығы | 8 241 666 |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 15/01 қаулысына 2-қосымша |
Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері
Ескерту. Қаулы 2-қосымшамен толықтырылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 23.08.2022 № 54/02 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
1 | Ауыл шаруашылығы жануарларының, ірі қара малдың аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | бас | 10 000 |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 15/01 қаулысына 3-қосымша |
Субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар және өтінім беру мерзімдері
Ескерту. Қаулы 3-қосымшамен толықтырылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 23.08.2022 № 54/02 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 25.11.2022 № 81/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшемшарттар | Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеру әдісі | Өтінімді беру мерзімі |
1. | Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | Өтінімді берген сәтте селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында және ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор ақпаратында аналық мал басының деректерге сәйкес және тіркеуде болуы | селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорымен және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорымен интеграцияланған өзара іс-қимыл | 2022 жылдың тамыз- желтоқсан айлары |
1.1 | Ірі қара малдың аналық басы |
1. өтінім берген сәтте 20 бастан кем емес және 200 бастан аспайтын меншікті аналық малдың болуы; |