Шалқар ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 қарашадағы № 323 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 қарашада № 30665 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шалқар ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Бигеев

  Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 қарашадағы № 323 шешіміне қосымша

Шалқар ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (Қосылған құн салығысыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғын айына

105,00

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын айына

128,62

Жылдық тариф бірлігіне (көлеміне)

1 м3

787,48