"Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 198/27-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 шiлдеде № 28735 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):

      52-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) шипажайлық-курорттық емделу:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Қазақстандағы

      1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте ақталған қатысушылар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына;

      жолдама құнының 25%-ын төлеумен жасы бойынша зейнеткерлерге;

      жолдама құнының 18%-ын төлеумен еңбек ардагерлеріне, ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар ішінен жасы бойынша зейнеткерлерге;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатның хатшысы
Е. Каналимов