"Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылғы 25 мамырдағы № 178/25-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 маусымда № 28313 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімімен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):

      16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "16. 9 мамырға (Жеңіс күні) әлеуметтік көмек мына санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 67 АЕК;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге (осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда) – 35 АЕК;

      басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне (осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда) – 35 АЕК;

      басқа адамдарға, еңбек ардагерлеріне – 11 АЕК.";

      39-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "39. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде мына мөлшерде:

      жалғыз болып табылатын тұрғын үйге елеулі зиян келтірілген, бүлінген, жойылған жағдайда отбасына 400 АЕК;

      отбасы мүшелері қайтыс болғанда – қаза болған адамға 150 АЕК мөлшерінде ұсынылады.";

      4-бөлімнің 4-тарауының атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы негізінде және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік көмек";

      50-2 тармақпен толықтырылсын:

      "50-2. Әлеуметтік көмек бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға босатылғаны туралы анықтаманы ұсына отырып, өтініш бойынша босатылғаннан кейін алты айдан кешіктірмей, бір рет 15 АЕК мөлшерінде көрсетіледі және қайта ұсынылмайды.";

      51-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "51. Осы Қағиданың 43, 50, 50-1-тармақтарына сәйкес ұсынылатын әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтар және 50-2-тармағында көрсетілген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар туралы мәліметтер әкімшінің қызметкерлерінің жариялауына жатпайды.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2022 жылдың 1 мамырынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатның хатшысы
Е. Каналимов