Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының "Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 537/73-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1298 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларында:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 34-тармақшамен толықтырылсын:
"34) ағаштарды заңсыз кесу – уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырылатын ағаштарды кесу;";
11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау мыналарды қамтиды:
1) жасыл екпелерді отырғызу;
2) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, ағаштарды ақтау, жасыл қоршамды қию, ағаштардың діңін көтеру, ағаш өскіндерін жою;
3) гүлзарлар, көгалдарды орналастыру, арамшөптерді отау, шөптерді шабу, қысқы кезеңде раушан гүлдерін жауып ұстау;
4) бүкіл вегетациялық кезең бойы жасыл екпелерді суару, жазғы маусымда аптада екі рет суарылады;
5) ұшарбасты қалыптастыру;
6) жасарту;
7) тыңайтқыштар салу;
8) жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу.
9) авариялық, құрғаған, жасамыс ағаштарды және бұталарды санитариялық кесу, ұшарбасты қалыптастыру.";
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
"15-1 Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы учаскеде сақтауға жататын барлық екпелер олардың тиімді қорғалуын қамтамасыз ететін арнайы қорғаныш қоршауларымен механикалық және өзге де зақымданулардан қорғалады.";
17 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"17. Жасыл екпелерді есепке алу Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасыл екпелер тізіліміне енгізілетін, есепке алу объектісінің шекарасында орналасқан жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу арқылы жүзеге асырылады.";
22 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"22. Жасыл екпелердің тізімі мен есебін уәкілетті орган электрондық нысанда жүргізеді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырады."
28 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"28. Жалпыға ортақ жерлердегі ағаштарды санитариялық кесуді және (немесе) кесуді осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйым уәкілетті органның жазбаша келісімі бойынша жүргізеді.";
40 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"40. Ағаштарды кесу кезінде уәкілетті органның рұқсаты бойынша өтемдік отырғызу он есе мөлшерде жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:
"40-1. Ағаштарды өтемдік отырғызу кесегімен биіктігі кемінде 2,5 метр жапырақты ағаш көшеттерін немесе кесегімен биіктігі кемінде 2 метр қылқан жапырақты ағаш көшеттерін отырғызу арқылы жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 41-1-тармақпен толықтырылсын:
"41-1 Ағаштарды заңсыз кесу, жою, бүлдіру немесе жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау ережелерін бұзған жеке немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жауап ты болады және жиырма есе мөлшерде өтемдік ағаш отырғызуды жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген ағаштар заңсыз кесілген, жойылған, бүлінген жағдайда ағаштарды өтемдік отырғызу отыз есе мөлшерде жүргізіледі."
46 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"46. Ағаштарды кесу кезінде өтемдік отырғызу уәкілетті органның рұқсаты бойынша және (немесе) ағаштарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру кезінде кесу, ағаштарды жою немесе бүлдіру орнынан 1 километр радиуста аумақта жүргізіледі.
Өтемдік отырғызу үшін кесу орнынан 1 километр радиуста бос орын болмаған кезде өтемдік отырғызу аумағын уәкілетті орган жазбаша түрде көрсетеді.
Ағаштарды амалсыз кесу кезінде өтемдік отырғызу көгалдандыруды, жасыл желектерді күтіп-ұстауды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымды тарта отырып, жалпы пайдаланымдағы жерлерде жүргізіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатның хатшысы |
Е. Каналимов |