"Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 529 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 желтоқсанда № 31510 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11745 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларында:

      2-тармақтың 11) тармақшасы алып тасталсын;

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жәрдемақы тағайындау үшін өтініш беруші жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға (мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде), Мемлекеттік корпорацияға, "электрондық үкіметтің" веб-порталы (мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі туралы ақпарат алу үшін) немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымша сәйкес 1 және 2 нысан бойынша өтінішті осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып ұсынады.";

      5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-1-қосымшада келтірілген.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәліметтер болмаған кезде осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің мемлекеттік қызметін көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесінде көрсетілген құжаттар өтінішке қоса беріледі.";

      9 және 9-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы өтініш берушіден жәрдемақы тағайындау үшін қабылданатын құжаттар топтамасының, мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің толықтығын тексереді, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің өтініш беруші осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сай ұсынған тұпнұсқаларына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

      Өтініш беруші осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесімен көзделген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынғанда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Құжаттардың электрондық көшірмелері Мемлекеттік корпорация бөлімшесі қызметкерінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылады, содан кейін өтініш пен өтініш беруші түпнұсқада ұсынған құжаттар өтініш берушіге қайтарылады.

      9-1. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген негіздер бойынша жәрдемақыны тағайындаудан бас тартады.";

      12-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген қажетті мәліметтерді алу туралы сұрау салуды;";

      14-тармақтың оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЭІМ осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне толық сәйкес келгенде жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы куәландырады;";

      14-тармақтың жиырма сегінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЭІМ мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне толық сәйкес келгенде жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді ЭЦҚ арқылы қабылдайды;";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқығылы.

      Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспесе мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 47-тармақпен толықтырылсын:

      "47. Орталық атқарушы орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және оны Бірыңғай байланыс-орталығына, жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға, Мемлекеттік корпорацияға және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.";

      Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына 1-1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 529 бұйрыққа қосымша
  Арнаулы мемлекеттік
жәрдемақы тағайындау
және төлеу қағидаларына
1-1-қосымша

"Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
1. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
2. Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
3. Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
4. Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары мен қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
5. Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамның және Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамға теңестілірген адамның қайтадан некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
6. Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ орденінің, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
7. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
8. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
9. 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда, кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
10. 1988-1989 жылдарда Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күніне құрсақта болған балаларын қоса алғанда, оқшаулау және қоныс аудару аймағынан (өз бетімен кеткен) Қазақстан Республикасына қоныс аударғандар қатарындағы адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
11. Бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
12. Жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау ;
13. Жетіден он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
14. Саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
15. Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
16. "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
17. "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
18. "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
19. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
20. Күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

1) қызмет көрсетуші (мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде):
бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
жетіден он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
2) Мемлекттік корпорация арқылы:
барлық кіші түрлер;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы – барлық кіші түрлер (мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі туралы ақпарат алу үшін);
4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы:
"Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
"Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру немесе қосымша құжат (құжаттар) сұрату үшін қажеттігіне қарай істер материалдарын жете ресімдеу қажет болғанда – 30 (отыз) жұмыс күні мерзіміне ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе, мемлекеттік қызмет қосымша құжатты (құжаттарды) Мемлекеттік корпорацияға ұсынған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні көрсетіледі.
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут, көрсетілетін қызметті берушіде – күту үшін уақыт талап етілмейді;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде/ "Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін:
бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
жетіден он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде/ проактивті:
"Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
"Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары мен қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
қайтыс болған Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамның және Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамға теңестілірген адамның қайтадан некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ орденінің, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда, кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
1988-1989 жылдарда Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күніне құрсақта болған балаларын қоса алғанда, оқшаулау және қоныс аудару аймағынан (өз бетімен кеткен) Қазақстан Республикасына қоныс аударғандар қатарындағы адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
"Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.
Электрондық (толық автоматтандырылған)/ қағаз түрінде/ "Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін/ проактивті:
күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны:
электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Порталда жәрдемақыны тағайындау туралы ақпарат өтініш берушінің "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
Проактивті қызмет арқылы қызмет көрсетілгенде қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы ұсынылады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорацияда – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде, өтініш берушінің жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы;
3) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау кестесі: сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.​enbek.​gov.​kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.​gov4c.​kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге:
1. Өтініш беруші (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшасының 1 және 2-нысанына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
2) күтім көрсетілетін адамға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенде – күтім көрсетілетін адамға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат;
3) мүгедектік туралы анықтама (мүгедектігі бар адамдардан ғана талап етіледі, күтім көрсетілетін адамның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау үшін);
4) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – шекаралас аумақтағы елді мекендегі тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгендігі туралы мәліметтер;
5) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-бағанының 2-тармағында көрсетілген жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжаттар.
Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растағанда, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты, тұрғылықты тұратын жерін растайтын құжатты, Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) тууы туралы куәлігін (куәліктері) не туу туралы акті жазбасынан үзінді көшірмені, неке қию туралы куәлікті (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесінің мүгедектік туралы анықтамаларын көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер бірреттік құпиясөз беру жолымен немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі жағдайында, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжаттарды алады.
2. Жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін – Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі;
2) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ орденінің, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлері үшін – награданың куәлігі және (немесе) Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі;
3) "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған адамдар үшін – "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағы берілгенін растайтын құжат;
4) "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдар үшін – "Халық қаһарманы" атағы берілгенін растайтын құжат;
5) "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдар үшін – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілгенін растайтын құжат;
6) жеңілдіктер Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар үшін:
Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен ұрыс қимылдары жүрген қалалар мен жүргізілген кезеңдер тізбесінің және Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен ұрыс қимылдары болған мемлекеттер, аумақтар және жүргізілген кезеңдер тізбесінің негізінде:
қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелетін қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі – КСР Одағы) iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары немесе тиісті кезеңде қорғанысына қатысу 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына есептелетін қалаларда болған адамдар үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші бала ретінде болғандар үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шет елдердің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құралымдар құрамында қатысқан адамдар үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсібі комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың жедел іс-қимыл жасау аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бастапқы кезінде басқа мемлекеттердің порттарында тұтқындалған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған адамдар үшін – "Ленинградты қорғағаны үшін" медаліне немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісіне қоса берілетін куәлік немесе 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, гетто және басқа еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары үшін – жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқын куәлігі немесе екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, гетто және басқа еріксіз ұстау орындарында мәжбүрлеп ұсталғандығы туралы архивтік анықтама немесе 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы (бұдан әрі – Чернобыль АЭС) апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдар үшін – Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушы куәлігі немесе Чернобыль АЭС-індегі апаттың немесе азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқанын, ядролық сынақтарға тікелей қатысқанын растайтын құжат немесе жергілікті әскери басқару органынан азаматтық немесе әскери тағайындау объектілеріндегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан фактісін растайтын, ядролық сынақтарға тікелей қатысқанын растайтын анықтама;
7) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар үшін:
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адам болған әскери қызметшілер үшін – әскери қызметшілер қатарындағы мүгедектігі бар адам екендігі туралы куәлігі (Кеңес Армиясы мүгедегінің жеңілдіктерге құқығы туралы), жараланғаны, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектігі туралы анықтама, жергілікті әскери басқару органынан соғыс қимылдарына қатысқан фактісін растайтын анықтама немесе 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік;
әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адам болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектігі туралы анықтама, ішкі істер органдарының, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің тиісті анықтамасы;
1944 жылғы 1 қаңтардан 1951 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Украин КСР-і, Беларусь КСР-і, Литва КСР-і, Латвия КСР-і, Эстон КСР-і аумақтарында іс-қимыл жасаған халықты қорғаушы, жауды жоюшы батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлермен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндетін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедектігі бар адам болған адамдар үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектігі туралы анықтама, жергілікті әскери басқару органынан соғыс қимылдарына қатысқан фактісін растайтын анықтама;
басқа елдерде іс-қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедектігі бар адам болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектігі туралы анықтама, тиісті санатын және басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсету салдарынан мүгедектігі бар адам болуын растайтын құжат;
Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедектігі бар адам болған адамдар мен ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебімен мүгедектігі тектік байланыстағы олардың балалары үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік, Чернобыль АЭС-індегі апаттың немесе азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарынан мүгедектігі жөніндегі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы аумақтық органының анықтамасы немесе Радиациялық әсерге байланысты аурудың себептік байланысын анықтау жөніндегі Өңірлік сараптама кеңесінің қорытындысы;
8) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері үшін:
Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысумен басқа мемлекеттер аумағында жүргізілген ұрыс қимылдары кезеңдері тізбесінің және Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен ұрыс қимылдары болған мемлекеттер, аумақтар және жүргізілген кезеңдер тізбесінің негізінде:
басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағы үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік, жергілікті әскери басқару органынан басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтама немесе басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқандығы туралы белгі соғылған әскери билет, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткендігін растайтын құжат және жараланған, контузия алған немесе зақымданғанын растайтын медициналық құжаттар, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендеріне және медальдарына қоса берілетін куәлік;
Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері – Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауға қатысқандығын растайтын жергілікті әскери басқару органынан анықтама;
Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері – Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға қатысқандығын растайтын жергілікті әскери басқару органынан анықтама;
Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қатардағы және басшы құрамының адамдары – Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқандығын растайтын жергілікті әскери басқару органынан анықтама;
9) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары мен қайтадан некеге отырмаған жесірлері үшін – әскери қызметшінің қайтыс болғандығы туралы куәлік немесе хабарлама немесе жергілікті әскери басқару органынан хабар-ошарсыз кету фактісі туралы анықтама, әскери қызметшіге туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);
10) қайтыс болған Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамның және Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамға теңестілірген адамның қайтадан некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы аурудың, еңбек жарақатының салдарынан және басқа да себептерден (заңға қарсы әрекеттерден басқа) мүгедектігі бар адам деп танылған азаматтардың зайыбы (жұбайы) үшін – неке туралы куәлік, жұбайының (зайыбының) қайтыс болғандығы туралы куәлік, жұбайының (зайыбының) мүгедектігін растайтын құжат;
11) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары үшін – қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлімі туралы хабарлама немесе куәлік, әскери қызметшінің қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен фактісі туралы жергілікті әскери басқару органынан анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасылары үшін – қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлімі туралы хабарлама немесе куәлік, әскери қызметшінің бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кету фактісі туралы жергілікті әскери басқару органынан анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);
қызмет міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары үшін – қаза тапқан (қайтыс болған) адамның өлімі туралы хабарлама немесе куәлік, қызмет міндеттерін атқару кезінде қаза табу фактісін растайтын ішкі істер органдарынан анықтама немесе құжат, қаза тапқан адаммен туыстық байланысын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәліктері);
Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары үшін – қаза тапқан адамның өлімі туралы куәлік, Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қайтыс болғанын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);
сәулелену ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ өлімі Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың әсер етуіне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасылары үшін – сәулелену ауруы салдарынан қайтыс болған адамның немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамның, сондай-ақ өлімі Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың әсер етуіне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтың өлімі туралы куәлік, өлімнің радиациялық әсер ету салдарынан болғанын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);
12) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар үшін – 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болған нысандар бойынша бұрынғы КСР Одағының тиісті органдары берген куәлік немесе наградтау куәлігі немесе архивтік анықтама немесе наградталу фактісі туралы жазбасы бар еңбек кітапшасы;
13) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда, кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар үшін – еңбек кітапшасы немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда, жұмысы туралы мәліметтерді қамтитын өзге де құжаттар, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда, әскери қызмет кезеңі туралы мәліметтерді қамтитын әскери билет немесе анықтама.
Сондай-ақ, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда, жұмысы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттарға:
жұмыс орны, сондай-ақ архив мекемелері берген жұмыс кезеңдері туралы мәліметтері бар құжаттар;
бұйрықтардан, жеке шоттары мен жалақы төлеуге арналған ведомостардан үзінді көшірмелер;
коммунистік партия немесе кәсіподақ мүшелерінің мүшелік билеттері немесе есеп карточкалары;
қызметін бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес жүзеге асырып келген жұмыс өтілін белгілеу жөніндегі, зейнетақы тағайындау жөніндегі комиссиялардың шешімдері;
сот шешімдері;
арнайы комиссиялардың шешімдері;
1998 жылға дейін берілген жеңілдіктерді алуға құқығы туралы куәлік;
фабрика-зауыт училищелерінде оқу фактісін растайтын анықтамалар жатады.
14) 1988-1989 жылдарда Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күніне құрсақта болған балаларын қоса алғанда, оқшаулау және қоныс аудару аймағынан (өз бетімен кеткен) Қазақстан Республикасына қоныс аударғандар қатарындағы адамдар үшін – Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюға қатысушының куәлігі немесе Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюға қатысу фактісін растайтын құжат, балалардың туу туралы куәлігі;
15) Байқоңыр қаласында тұрып жатқан бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде жетіден он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар үшін – мүгедектігі туралы анықтама, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатынын растайтын құжат;
16) Байқоңыр қаласында тұрып жатқан жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар үшін – мүгедектігі туралы анықтама, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатынын растайтын құжат;
17) саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдар үшін – мүгедектігі туралы анықтама, зейнеткерлік куәлік, ақталған азаматтың куәлігі немесе прокуратура органдарынан немесе ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдарынан ақталғаны туралы анықтамалары немесе ақталғаны туралы соттың шешімі;
18) Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар үшін – дербес зейнеткер куәлігі немесе Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы белгілеу жөніндегі комиссияның Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындау туралы шешімінен үзінді көшірме;
19) күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адам үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
күтім көрсетілетін қандас мәртебесі бар адамдар күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындауға жүгінгенде қандас куәлігін немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат ұсынады (жеке басты сәйкестендіру үшін);
жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат – сәйкестендіру үшін;
күтім жасау үшін айқындалған адамның әрекетке қабілеттілігі туралы мәліметтер жеке басты куәландыратын құжат бойынша ЖТМД ақпараттық жүйесінде тексеріледі;
психикалық денсаулық сақтау орталығында есепте тұру фактісінің болмауы туралы мәліметтер.
3. Порталда ақпарат алу үшін:
Өтініш берушінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мыналар:
1) өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;
2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы бұйрықта белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады;
4) Мемлекеттік корпорациядан жәрдемақы тағайындау, төлеу немесе жәрдемақы тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын ақпарат алу мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметін ұсыну фактісі болған кезде (күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақыны тағайындау үшін) өтініш берушіге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.​enbek.​gov.​kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.​gov4c.​kz интернет-ресурсында орналастырылған.
2. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан өтініш берушілер 1414, 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
3. ЭЦҚ-сы болған кезде өтініш берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Өтініш берушінің мемлекеттік қызметті көрсету статусы туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
4. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындалған кезде "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарға және "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті беру талап етілмейді.
5. Проактивті қызмет арқылы күтімді жүзеге асыратын адамға берілетін жәрдемақыны тағайындау қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылады, оны көрсету үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған қызметті алу субъектісінің міндетті келісімі қажет.
6. Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторизацияланған қолданушыларға қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бірреттік құпиясөзді пайдалану арқылы мобильді қосымшада авторизациядан өту, содан кейін "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау керек.