"Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы" 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 және "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 13 шілдедегі № 514 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 334 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 желтоқсанда № 31422 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10382 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасында:

      2-тармақ алып тасталсын.

      2. "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 514 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17281 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларында:

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 334 бұйрығына
қосымша
"Мемлекеттік емес өртке
қарсы қызметтерді
аттестаттау қағидаларына"
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
Өртке қарсы қызмет комитетінің
төрағасына
_______________________

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті аттестаттау туралы өтініш

      Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және

      ______________________________________________________________________

      мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет атауы

      ______________________________________________________________________

      мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет түрі ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде

      өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-

      құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат

      беруіңізді сұраймын

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі:_______________________________________________

      Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет орналасқан жері:________________________

      ________________________________________________________________________

      Меншік тұрғын үй не өзге заңды құқықта көлік құралдарының: Мемлекеттік нөмірлік

      белгінің (тіркеу нөмірі)____________________________________________________

      Техникалық паспорт сериясы және нөмірінің бар-жоғы туралы мәлімет

      _________________________________________________________________________

      Меншік тұрғын үй не өзге заңды құқығында кезметкерлерді, өрт сөндіру- құтқару

      техникасын, жабдық пен жарақты орналастыруға арналған объектінің бар-жоғы туралы

      мәлімет:

      Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі_____________________________________

      Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783

      "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту

      туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 болып

      тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің бір

      жұмыскеріне арналған арнайы киім-кешек пен өртке қарсы құрал-жабдық тізбесі

      бойынша арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы құрал-жабдықпен қамтамасыз

      етілген қызметкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлері:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Басшы ___________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ____________________

      Күні