Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1336 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 желтоқсанда № 31419 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кедендік сараптаманы өзге уәкілетті сараптама ұйыммен (сарапшымен) жүргізу үшін тағайындау қағидаларын және мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) кедендік сараптаманы жүргізуге тарту ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16347 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 466-бабы 2-тармағына және 467-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген кедендік сараптаманы өзге уәкілетті сараптама ұйыммен (сарапшымен) жүргізу үшін тағайындау қағидасы, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) кедендік сараптаманы жүргізуге тарту қағидасы, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Кедендік сараптама жүргізу үшін кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сәйкестендіру құралдарды алу қағидалары мен құжаттар, құжаттар мен тауарлардың сәйкестендіру құралдарын алу туралы акт нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16527 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 471-бабы 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік сараптама жүргізу үшін кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сәйкестендіру құралдарды алу қағидалары, осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген құжаттарды, құжаттардың және тауарлардың сәйкестендіру құралдарын алу актісінің нысаны, осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін
атқарушы
2022 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1336 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 29 қаңтардағы
№ 77 бұйрығына
1-қосымша

Кедендік сараптаманы өзге уәкілетті сараптама ұйымы (сарапшы) жүргізу үшін тағайындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кедендік сараптаманы өзге уәкілетті сараптама ұйымы (сарапшы) жүргізу үшін тағайындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 466-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және кедендік сараптаманы өзге уәкілетті сараптама ұйымы (сарапшы) жүргізу үшін тағайындау тәртібін айқындайды.

2-тарау. Кедендік сараптаманы өзге уәкілетті сараптама ұйымы (сарапшы) жүргізу үшін тағайындау тәртібі

      2. Кедендік сараптама тауарларға, кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарға, сондай-ақ осындай тауарлар мен құжаттарды сәйкестендіру құралдарына қатысты тағайындалады.

      3. Кедендік сараптаманы мемлекеттік кірістер органы тағайындайды.

      Кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімді мемлекеттік кірістер органы уәкілетті кеден органынан өзге уәкілетті сараптама ұйымдарын (сарапшыларды) тартудың мүмкін еместігі туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      4. Кедендік сараптаманы жүргізу үшін өзге уәкілетті сараптама ұйымдарын (сарапшыларды) таңдау Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін
атқарушы
2022 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1336 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 29 қаңтардағы
№ 77 бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) кедендік сараптама жүргізуге тарту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) кедендік сараптаманы жүргізуге тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 467-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) (бұдан әрі – сарапшы (маман)) кедендік сараптама жүргізуге тарту тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік кірістер органдары кедендік операцияларды жасаған және (немесе) кедендік бақылау жүргізген кезде туындайтын, арнайы және (немесе) ғылыми білімді талап ететін мәселелерді түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер органы кедендік сараптаманы тағайындайды.

2-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) кедендік сараптаманы жүргізуге тарту тәртібі

      3. Уәкілетті мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу" Заңына сәйкес арнайы және (немесе) ғылыми білімді пайдалана отырып жүргізетін, зерттеулер және (немесе) сынақтар бойынша қызметтерді көрсетуіне сарапшылардың (мамандардың) ұсынуына мемлекеттік сатып алуды жүргізеді.

      4. Жүргізілген мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша уәкілетті мемлекеттік кірістер органы мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы деп танылған сарапшымен (маманмен) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) сәйкес шарт жасасады.

      5. Сарапшы (маман) жүргізілген кедендік сараптама нәтижелері бойынша Кодекстің 469-бабында белгіленген талаптарға сәйкес қорытынды жасайды және кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органына құрастырған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді.

      6. Кедендік сараптаманы жүргізуге арналған шығыстары Кодекстің 466-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

      Сарапшының (маманның) кедендік сараптаманы жүргізу нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде кедендік сараптаманы жүргізуге байланысты туындаған шығыстар кедендік сараптама жүргізілетін тауарларға және (немесе) құжаттарға қатысты тұлғаның қаражаты есебінен өтеледі.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін
атқарушы
2022 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1336 Бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 229 бұйрығына
1-қосымша

Кедендік сараптама жүргізу үшін кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сәйкестендіру құралдарды алу қағидалары

1 – тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, кедендік сараптама жүргізуге арналған сәйкестендіру құралдарын алып қою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Кодекстің 471-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларға кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, кедендік сараптама жүргізуге арналған сәйкестендіру құралдарын алып қою тәртібін айқындайды.

      2. Декларанттар не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамдар, немесе олардың өкілдері кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сәйкестендіру құралдарын алу (бұдан әрі – құжаттарды және сәйкестендіру құралдарын алу) кезінде қатысады және мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларына жәрдем көрсетеді.

2 – тарау. Кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды, сәйкестендіру құралдарын алу тәртібі

      3. Құжаттарды және сәйкестендіру құралдарын алуды жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы 1 (бір) жұмыс күн ішінде декларантты не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамды, құжаттарды және сәйкестендіру құралдарын алып қою қажеттілігі туралы хабардар етеді.

      Декларанттар не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамның, немесе олардың өкілдерінің мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасына құжаттарды және сәйкестендіру құралдарын ұсынудан бас тартқан жағдайда, Кодекстің 413-бабы 6-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, 2 (екі) куәгердің қатысуымен, ал осы Кодекстің 413-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда – тағайындалған пошта байланысы операторы өкілінің қатысуымен, ал ол болмаған кезде 2 (екі) куәгердің қатысуымен құжаттарды және сәйкестендіру құралдарын алады.

      Куәгерлер ретінде кәмелетке толған әрекетке қабілетті азаматтар тартылады, куәгер ретінде мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары мен жұмыскерлердің, төлеушінің құрылтайшыларының (қатысушыларының) қатысуына жол берілмейді.

      4. Құжаттарды және сәйкестендіру құралдарын алу мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамымен декларанттың не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамдарының немесе олардың өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.

      5. Құжаттарды және сәйкестендіру құралдарын алу кезінде арнайы және (немесе) ғылыми танымдар және техникалық құралдар қажет болған жағдайда кедендік сарапшының қатысуымен жүргізіледі.

      Құжаттарды және сәйкестендіру құралдарын алу кезінде кедендік сарапшының қатысуына негіз уәкілетті мемлекеттік кірістер органдарына, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасының өтініші болып табылады.

      6. Құжаттар және сәйкестендіру құралдарын алу нәтижелері бойынша, құжаттар мен тауарлардың сәйкестендіру құралдарын алу туралы актісі, осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша толтырылады.

      7. Құжаттар және сәйкестендіру құралдарын алу туралы актісі үш данада жасалады.

      бірінші данасы мемлекеттік кірістер органында қалады;

      екінші данасы алынған құжаттар және сәйкестендіру құралдарымен бірге кедендік сараптаманы жүргізуге уәкілетті мемлекеттік кірістер органына жолданады;

      үшінші данасы егер олар белгіленген болса декларантқа, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге адамға немесе олардың өкілдеріне табыс етуге (жіберуге) жатады.

      8. Кедендік сараптамаға жіберілетін құжаттар және сәйкестендіру құралдарын алу оралады және мөрленеді.

      Орамада түсіндірме жазулары (затбелгілері) болады.

      Түсіндірме жазуларда мыналар көрсетіледі:

      Құжаттар және сәйкестендіру құралдарын алу күні;

      алынған құжаттар және сәйкестендіру құралдарын атауы және саны;

      Құжаттар және сәйкестендіру құралдарының нөмірі және күні;

      тауарға ілеспе құжаттар бойынша тауардың атауы;

      тауарға арналған декларацияның нөмірі;

      құжаттарды және сәйкестендіру құралдарын алған лауазымды тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты (егер ол болса) және қолы.

      Түсіндірме жазу лауазымды тұлғаның жеке нөмірлік мөр бедерімен не мемлекеттік кірістер органының мөр бедерімен куәландырылады.

      9. Кедендік сараптамаға жолданатын құжаттар және сәйкестендіру құралдары мемлекеттік кірістер органдарының сәйкестендіру құралдарын пайдаланумен орамның тұтастығын бұзбай алуға болмайтындай оралады.

      10. Мемлекеттік кірістер органы құжаттар және сәйкестендіру құралдарын кедендік сараптамаға құжаттар мен сәйкестендіру құралдарын алу күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде жолдайды.

      11. Кедендік сараптама аяқталғаннан кейін алынған құжаттар және сәйкестендіру құралдарын кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кіріс органына қайтарылады.

      12. Кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кіріс органы құжаттар және сәйкестендіру құралдарын кедендік сараптаманы жүргізген уәкілетті мемлекеттік кірістер органынан алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күннен кешіктірмей сондай құжаттар мен сәйкестендіру құралдары алынған тұлғаны, олардың кері қайтарылатыны туралы хабардар етеді

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін
атқарушы
2022 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1336 бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 229 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан

Құжаттарды, құжаттардың және тауарлардың сәйкестендіру құралдарын алу туралы актісі

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      "___" _______________ 20__ жыл.                         № ___________

      1.______________________________________________________________

      (құжаттарды және сәйкестендіру құралдарын алған мемлекеттік кірістер органының

      лауазымды тұлғасының лауазымы, тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда)

      ___________________________________________________________________

      декларанттың не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар адамның, немесе олардың

      өкілдерінің қатысуымен ______________________________________

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты-жөні, (ол болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен

      нөмірі, тұрғылықты жері) куәгерлердің:

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты-жөні, (ол болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен

      нөмірі, тұрғылықты жері)

      ____________________________________________________________________

      өзге де тұлғалардың:

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты-жөні, (ол болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен

      нөмірі, тұрғылықты жері) кедендік сарапшының

      қатысуымен: _________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты-жөні, (ол болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен

      нөмірі, тұрғылықты жері) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы"

      Қазақстан Республикасы Кодексі 471-бабының 10-тармағына сәйкес құжаттарды және

      сәйкестендіру құралдарын алуды жүргізді

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (құжаттар және сәйкестендіру құралдарының атауы тиесілі

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие ұйымының, оның өкілінің толық атауы,

      орналасқан жері; жеке тұлғалар үшін – тегі, аты – жөні (ол болған жағдайда), туылған

      жылы және жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты

      жері)

      2. Құжаттарды және сәйкестендіру құралдарын алуды бастар алдында 1 бөлімінде

      көрсетілген тұлғаларға, мемлекеттік кірістер органы лауазымды тұлғаларына

      құжаттарды және сәйкестендіру құралдарын алу кезінде жүргізілетін барлық іс-

      әрекеттерге қатысуға, және актіге енгізуге жататын арыз жасауға, түсініктеме беруге

      олардың құқықтары түсіндірілді.

      ________________ ______________________________________

      (қолы)             (тегі, аты – жөні (ол болған жағдайда)

      ________________ ______________________________________

      (қолы)             (тегі, аты – жөні (ол болған жағдайда)

      3. Осы акт бойынша мынадай құжаттар және сәйкестендіру құралдары тәркіленді:

№р/с

Құжаттарды және сәйкестендіру құралдарының атауы

Саны

Ескертпе

















      ___________________________________________________________________

      (егер қосымша болса көрсету)

      ___________________________________________________________________

      4. Алынған құжаттар және сәйкестендіру құралдары оралған:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (оралу түрі, декларантпен, тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге адаммен, немесе

      олардың өкілдерімен, куәгермен, маманмен, кедендік сарапшымен (сарапшымен),

      құжаттарды және сәйкестендіру құралдарын алуды жүргізген мемлекеттік кірістер

      органы лауазымды тұлғасымен расталған түсіндірме жазулар, пломбаның нөмірі (егер

      құжаттарды және сәйкестендіру құралдарын орау кезінде қолданылса)

      5. Қатысқан тұлғалардың өтініштері немесе ескертулері:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мазмұны және өтініш немесе ескерту жасаған тұлғаның тегі, аты-жөні

      (ол болған жағдайда) көрсетіледі, егер ұсыныс болса – көрсетіледі)

      Акті оқылды. Дұрыс жазылды.

      Куәгерлер:

      ____________       ______________________________________

      (қолы)             (тегі, аты – жөні (ол болған жағдайда)

      _____________       ____________________________________

      (қолы)             (тегі, аты – жөні (ол болған жағдайда)

      Қатысушы тұлғалар:

      _____________       ___________________________________

      (қолы)             (тегі, аты – жөні (ол болған жағдайда)

      _____________       ____________________________________

      (қолы)             (тегі, аты – жөні (ол болған жағдайда)

      Актіні құрастырды:

      ___________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органы лауазымды тұлғасының лауазымы, тегі, аты – жөні

      (ол болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органы лауазымды тұлғасының қолы, жеке нөмірлік мөрі)

      Осы актінің көшірмесін алды

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты – жөні (ол болған жағдайда)

      "_____" _____________ 20___жыл.

      (акт көшірмесін алу күні)