"Ойын бизнесі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шiлдедегi № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 383 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 желтоқсанда № 31247 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ойын бизнесі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20947 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алу үшін "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес біліктілік талаптары қойылады.";

      5, 6, 7 және 8 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес баяндалған.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушімен 10 (он) жұмыс күні ішінде лицензия беруге бұйрық, қайта ресімделген лицензия – 3 (үш) жұмыс күні ішінде дайындалады, бұрыштама қойылады /қол қойылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді.

      Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты тисті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде Бірыңғай байланыс-орталығына және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.

      8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, онда шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.";

      Қағидалардың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алу үшін "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес біліктілік талаптары қойылады.";

      5, 6, 7 және 8 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес баяндалған.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушімен 10 (он) жұмыс күні ішінде лицензия беруге бұйрық, қайта ресімделген лицензия – 3 (үш) жұмыс күні ішінде дайындалады, бұрыштама қойылады /қол қойылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді.

      Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты тисті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде Бірыңғай байланыс-орталығына және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.

      8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, онда шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.";

      Қағидалардың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары" мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алу үшін "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес біліктілік талаптары қойылады.";

      5, 6, 7 және 8 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес баяндалған.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушімен 10 (он) жұмыс күні ішінде лицензия беруге бұйрық, қайта ресімделген лицензия – 3 (үш) жұмыс күні ішінде дайындалады, бұрыштама қойылады /қол қойылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді.

      Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты тисті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде Бірыңғай байланыс-орталығына және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.

      8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, онда шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.";

      Қағидалардың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алу үшін "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес біліктілік талаптары қойылады.";

      5, 6, 7 және 8 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес баяндалған.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушімен 10 (он) жұмыс күні ішінде лицензия беруге бұйрық, қайта ресімделген лицензия – 3 (үш) жұмыс күні ішінде дайындалады, бұрыштама қойылады /қол қойылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді.

      Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты тисті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде Бірыңғай байланыс-орталығына және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.

      8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, онда шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.";

      Қағидалардың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды, Бірыңғай байланыс-орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты беруді қамтамасыз етсін;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін атқарушы
С. Жарасбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2022 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 383 бұйрығына
1-қосымша
  "Казино қызметімен айналысу
үшін лицензия беру"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап:
лицензия беру – 10 (он ) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.
Құжаттар толық болмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдаудан жазбаша дәлелді бас тартуы – 2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Казино қызметімен айналысуға құқық беретін лицензия, қайта ресімделген лицензия, не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға көрсетіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 4-тармағына сәйкес, казино қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшерлемелері:
лицензия беру кезінде лицензиялық алым 3845 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.
Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Лицензия алу үшін:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы (эпидемиялық мәні жоғары объектілер үшін – санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық мәні болмашы объектілер үшін –қызметтің басталғаны туралы хабарлама) және өрт қауіпсіздігі салаларындағы рұқсат беру құжаттарының көшірмелерін ұсына отырып, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақ үй кешенінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізіндегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер нысаны;
4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы ойын жабдығы туралы мәліметтер нысаны;
5) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер нысаны;
6) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары;
7) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі қағидалары;
8) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 60000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;
лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.
Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға көрсетілетін қызметті алушының осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ойын бизнесі саласындағы қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар;
7) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
8) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 741680 телефоны арқылы, не Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2022 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 383 бұйрығына
2-қосымша
  "Ойын автоматтары залы
қызметімен айналысу үшін
лицензия беру" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап:
лицензия беру – 10 (он ) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.
Құжаттар толық болмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдаудан жазбаша дәлелді бас тартуы – 2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Ойын автоматтары залы қызметімен айналысуға құқық беретін лицензия, қайта ресімделген лицензия, не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға көрсетіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 4-тармағына сәйкес, ойын автоматтары залы қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшерлемелері:
лицензия беру кезінде лицензиялық алым 3845 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.
Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Лицензия алу үшін:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы (эпидемиялық мәні жоғары объектілер үшін – санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық мәні болмашы объектілер үшін –қызметтің басталғаны туралы хабарлама) және өрт қауіпсіздігі салаларындағы рұқсат беру құжаттарының көшірмелерін ұсына отырып, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге заңды негізіндегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер нысаны;
4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы ойын жабдығы туралы мәліметтер нысаны;
5) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер нысаны;
6) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары;
7) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі қағидалары;
8) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 60000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;
лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.
Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға көрсетілетін қызметті алушының осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ойын бизнесі саласындағы қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар;
7) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
8) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 741680 телефоны арқылы, не Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2022 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 383 бұйрығына
3-қосымша
  "Букмекер кеңсесі қызметімен
айналысу үшін лицензия беру"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап:
лицензия беру – 10 (он ) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.
Құжаттар толық болмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдаудан жазбаша дәлелді бас тартуы – 2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Букмекер кеңсесі қызметімен айналысуға құқық беретін лицензия, қайта ресімделген лицензия, не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға көрсетіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 4-тармағына сәйкес, букмекер кеңсесі қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшерлемелері:
лицензия беру кезінде лицензиялық алым 640 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.
Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Лицензия алу үшін:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы (эпидемиялық мәні жоғары объектілер үшін – санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық мәні болмашы объектілер үшін –қызметтің басталғаны туралы хабарлама) және өрт қауіпсіздігі салаларындағы рұқсат беру құжаттарының көшірмелерін ұсына отырып, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер нысаны;
4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы ойын жабдығы туралы мәліметтер нысаны;
5) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер нысаны;
6) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы букмекерлік кеңсенің жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі қағидалары;
7) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 40000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;
лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші (бұдан әрі – электрондық сұрау салу);
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), лицензия туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.
Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға көрсетілетін қызметті алушының осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ойын бизнесі саласындағы қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар;
7) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
8) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 741680 телефоны арқылы, не Бірыңғай байланыс-орталығының: 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2022 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 383 бұйрығына
4-қосымша
  "Тотализатор қызметімен
айналысу үшін лицензия беру"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап:
лицензия беру – 10 (он ) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.
Құжаттар толық болмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдаудан жазбаша дәлелді бас тартуы – 2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Тотализатор қызметімен айналысуға құқық беретін лицензия, қайта ресімделген лицензия, не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға көрсетіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 4-тармағына сәйкес, тотализатор қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алым мөлшерлемелері:
лицензия беру кезінде лицензиялық алым 640 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.
Төлем қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Лицензия алу үшін:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші;
2) құжаттың электрондық нысанындағы лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);
3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы (эпидемиялық мәні жоғары объектілер үшін – санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық мәні болмашы объектілер үшін –қызметтің басталғаны туралы хабарлама) және өрт қауіпсіздігі салаларындағы рұқсат беру құжаттарының көшірмелерін ұсына отырып, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер нысаны;
4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы ойын жабдығы туралы мәліметтер нысаны;
5) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер нысаны;
6) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы тотализатордың жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі қағидалары;
7) құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 10000 АЕК мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт;