Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кредиттік бюро есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 225 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19682 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Кредиттік бюро есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және ұсыну қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының екінші бөлігіне және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес кредиттік бюро есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы және ақпарат берушілер бойынша қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес есепті тоқсан ішінде қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес кредиттік бюроның есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.";
1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
6-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
7-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қаржы нарығының статистикасы департаменті (А.М. Боранбаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы |
Г. Пирматов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы 2022 жылғы 21 қарашадағы № 99 Қаулыға 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 225 қаулысына 1-қосымша |
Кредиттік бюро есептілігінің тізбесі
Кредиттік бюроның есептілігінде:
1) кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы және ақпарат берушілер бойынша қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы есеп;
2) есепті тоқсан ішінде қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есеп қамтылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы 2022 жылғы 21 қарашадағы № 99 Қаулыға 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 225 қаулысына 2-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны және ақпаратты берушілер бойынша қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: Pril_2
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы "______" ____________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: кредиттік бюро
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті
тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей.
Нысан
1-кесте. Кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы есеп
№ | Көрсеткіштің атауы | Есепті кезеңдегі кредиттік тарихтың саны | Үдемелі жиынтықпен дерекқор жасалғаннан бастап кредиттік тарихтың саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Кредиттік тарихтың жалпы саны6 оның ішінде | ||
1.1 | жеке тұлғалар бойынша | ||
1.2 | заңды тұлғалар бойынша |
2-кесте. Ақпаратты берушілер бойынша қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы есеп
№ | Ақпарат берушінің атауы | Бизнес - сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін, оның ішінде жеке кәсіпкер үшін) | Есепті кезеңдегі қарыздар беру, қызметтер көрсету жөніндегі шарттардың саны | Есепті кезеңдегі шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны | ||||||
барлығы | оның ішінде | барлығы | оның ішінде | |||||||
жеке тұлғалар бойынша | дара кәсіпкерлер бойынша | заңды тұлғалар бойынша | жеке тұлғалар бойынша | дара кәсіпкерлер бойынша | заңды тұлғалар бойынша | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1 | Екінші деңгейдегі банктер | |||||||||
1.1 | ||||||||||
1.n | ||||||||||
2 | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар | |||||||||
2.1 | ||||||||||
2.n | ||||||||||
3 | Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар | |||||||||
3.1 | ||||||||||
3.n | ||||||||||
4 | Тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар | |||||||||
4.1 | ||||||||||
4.n | ||||||||||
5 | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы | |||||||||
6 | Коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері | |||||||||
6.1 | ||||||||||
6.n | ||||||||||
7 | Коллекторлық агенттіктер | |||||||||
7.1 | ||||||||||
7.n | ||||||||||
8 | Ақпарат беру туралы шарттар негізінде өзге де тұлғалар | |||||||||
8.1 | ||||||||||
8.n | ||||||||||
Барлығы |
кестенің жалғасы
Үдемелі жиынтықпен дерекқор жасалғаннан бастап қарыздар беру, қызметтер көрсету жөніндегі шарттардың саны | Үдемелі жиынтықпен дерекқор жасалғаннан бастап шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны | Ақпарат берушінің дерекқордағы ақпаратты соңғы жаңартқан күні | ||||||
барлығы | оның ішінде | барлығы | оның ішінде | |||||
жеке тұлғалар бойынша | дара кәсіпкерлер бойынша | заңды тұлғалар бойынша | жеке тұлғалар бойынша | дара кәсіпкерлер бойынша | заңды тұлғалар бойынша | |||
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
Атауы _______________________________________________________
Мекенжайы ______________________________________________________
Телефоны ________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________
Орындаушы ______________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефон
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам _____________________
____________________________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Күні 20__ жылғы "______" ______________
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы және ақпарат берушілер бойынша қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы есеп (индексі: Pril_2, кезеңділігі тоқсан сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы және ақпарат берушілер бойынша қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының екінші бөлігіне және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Кредиттік бюро Нысанды тоқсан сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады.
4. Нысанға орындаушы және басшы немесе ол есепке қол қою функциясы жүктелген адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 1-кестенің 3-бағанында есепті кезеңде кредиттік тарих дерекқорына енгізілген кредиттік тарихтың саны көрсетіледі.
6. 1-кестенің 4-бағанында үдемелі жиынтықпен дерекқор жасалғаннан бастап кредиттік тарих дерекқорына енгізілген кредиттік тарихтың саны көрсетіледі.
7. 2-кестенің 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-бағандарында тиісінше есепті тоқсан ішінде кредиттік бюроның дерекқорына түскен қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.
8. 2-кестенің 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-бағандарында үдемелі жиынтықпен дерекқор жасалғаннан бастап кредиттік бюроның дерекқорына түскен қарыздар беру, қызметтер көрсету және шартты міндеттемелер жөніндегі шарттардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.
9. 2-кестенің 20-бағанында ақпарат берушінің дерекқордағы ақпаратты соңғы жаңартқан күні көрсетіледі.
10. 2-кестенің 3-жолында "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар бойынша мәліметтер көрсетіледі.
11. 2-кестенің 4-жолында жүйелендiрiлген белгiлерi "Тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкерлердiң немесе заңды тұлғалардың жүйелендiрiлген белгiлерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 қаңтардағы № 25 қаулысында тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар бойынша мәліметтер көрсетіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы 2022 жылғы 21 қарашадағы № 99 Қаулыға 3-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 225 қаулысына 3-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Есепті тоқсан ішінде қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: Pril_3
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы "______" ____________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: кредиттік бюро
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын.
Нысан
Кесте. Қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есеп
№ | Клиенттің атауы | Негізі | Қызметтің атауы | Қызметтің құны, мың теңгемен | Қызмет көрсету күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | 1-қызмет түрі | ||||
1.1 | |||||
1.n | |||||
2. | 2-қызмет түрі | ||||
2.1 | |||||
2.2 | |||||
2.n | |||||
n. | n қызмет түрі | ||||
n.1 | |||||
n. n | |||||
Барлығы |
Атауы _______________________________________________________
Мекенжайы ________________________________________________
Телефоны ________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _________________________
Орындаушы ______________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол функциясы жүктелген адам
_____________________________________________ ______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Күні 20__ жылғы "______" __________________
Есепті тоқсан ішінде қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есептің нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Есепті тоқсан ішінде қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есеп (индексі: Pril_3, кезеңділігі: тоқсан сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Есепті тоқсан ішінде қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы екінші бөлігіне және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Кредиттік бюро Нысанды тоқсан сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады.
4. Нысанға орындаушы мен басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 2-бағанның 1, 2 және n-жолдарында "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2-тармағында көзделген шеңберінде есепті тоқсан ішінде қызметтер көрсетілген қосымша қызмет түрлерінің атаулары көрсетіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы 2022 жылғы 21 қарашадағы № 99 Қаулыға 4-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 225 қаулысына 4-қосымша |
Кредиттік бюроның есептілікті ұсыну қағидалары
1. Осы Кредиттік бюроның есептілікті ұсыну қағидалары "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы екінші бөлігіне, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және кредиттік бюроның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Есептілік "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы" ақпараттық жүйені пайдалану арқылы электрондық форматта ұсынылады.
3. Кредиттік бюроның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойған есептілік электрондық форматта сақталады.
4. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін кредиттік бюроның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.
5. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі.