Геодезиялық және картографиялық қызметке тексеру парағын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 473/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 111 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 желтоқсанда № 30885 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған геодезиялық және картографиялық қызметке тексеру парағы бекітілсін.

      2. "Жер құқығы қатынастары, жерді пайдалану мен қорғау, геодезия және картография, мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 502 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 101 бірлескен бұйрығының 1-тармағының 3 және 7-тармақшаларының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
Т. Жаксылыков
     
      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика

      және арнайы

      есепке алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 111 мен
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 473/НҚ Бірлескен бұйрықпен
бекітілген

Тексеру парағы

      геодезиялық және картографиялық қызметке

      Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне қатысты

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган______________________________

      ___________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт ______________________________________

      ___________________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ______________________________

      ___________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы _______________________________________

Талаптардың тізбесі

Талапқа сәйкес келеді

Талапқа сәйкес келмейді

1

2

3

4

1.

Геодезия және картография саласындағы геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды жүргізудің басталуы туралы хабарламаның болуы



2.

Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін меншікті немесе жалға алынған тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығының не болмаса зауыттық нөмірлерін көрсете отырып салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар, құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызмет көрсетуге арналған шарттың болуы



3.

Штатта геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маманның болуы



4.

Аэротүсірілім жұмыстары орындалған жағдайда, оларға рұқсаттың болуы



5.

Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) арналған рұқсаттың болуы



      Лауазымды адам (дар):___________________ ________________

      (лауазымы             (қолы)

      __________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)

      Бақылау субъектісі ______________________ ___________________

      (лауазымы)             (қолы)

      ___________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)