"Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 44 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 458/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 қарашада № 30715 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14130 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Пошта туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) пошта операторының қызметтерін пайдаланушыларға пошта байланысының әмбебап қызметтерін ұсынуды қамтамасыз ететін пошта желісін дамыту:

Елді мекеннің типі

Тұрғындар саны

Пошта байланысы бөлімшелерінің (стационарлық) ең аз мөлшері

Ауылдық елді мекендер*

2 мың адамнан кем емес

1

      * бірнеше ауылдық елді мекенді қамтитын ауылдық округ шегінде, ауылдық округтың халықтың жалпы саны кемінде 2000 (екі мың) адам болатын барлық ауылдық елді мекенінде бір пошта байланысы бөлімшесі (стационарлық).

      2) пошта байланысы бөлімшелерінің (стационарлық) жұмыс режимінің көрсеткіштері:

Елді мекеннің типі

Пошта байланысы бөлімшелерінің (стационарлық) ең аз жұмыс режимі

Республикалық маңызы бар қала

Аптасына кемінде 5 күн;
жұмыс режимі: сағат 9:00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні жұмыс режимі: сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін, жексенбі демалыс күні

Облыстық маңызы бар қала

Аптасына кемінде 5 күн;
жұмыс режимі: сағат 9:00-ден 17.00-ге дейін, көрсетілетін қызметтердің көлеміне байланысты түскі асқа үзіліспен; демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

Аудандық маңызы бар қалалар мен елді мекендер

Аптасына кемінде 5 күн;
жұмыс режимі: сағат 9:00-ден 17.00-ге дейін, көрсетілетін қызметтердің көлеміне байланысты түскі асқа үзіліспен; демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

Ауылдық елді мекендер

Аптасына кемінде 3 күн;
жұмыс режимі: көрсетілетін қызметтердің көлеміне байланысты күніне кемінде 2 сағат түскі асқа үзіліспен.

      * жылжымалы пошта байланысы бөлімшелерінің пошта операторының қызметтерін пайдаланушыларға қызмет көрсетуі бойынша жұмыс режимі маршрут бойынша қозғалыс графигін әзірлеу кезінде қызмет көрсету көлеміне сүйеніп, бірақ сенбі және жексенбі – демалыс күндері екені ескеріліп, бір елді мекенге кем дегенде 0,5 сағат есебімен белгіленеді.

      3) пошта жәшіктерінен тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін жинап алу жиілігінің көрсеткіші

Елді мекеннің типі

Пошта жәшіктерінен
тіркелмейтін пошта
жөнелтілімдерін
жинап алудың
ең аз мөлшері

Республикалық маңызы бар қала

Аптасына кемінде 5 күн;
күніне кемінде 1 рет

Облыстық маңызы бар қала

Аптасына кемінде 5 күн;
күніне кемінде 1 рет

Аудандық маңызы бар қала мен елді мекендер

Аптасына кемінде 4 күн;
күніне кемінде 1 рет

Ауылдық елді мекендер

Аптасына кемінде 2 күн;
күніне кемінде 1 рет

      * өндірістік объектінің жанына немесе ішіне орнатылған пошта жәшіктерінен тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін жинап алу күніне кемінде 2 рет жүргізіледі

      4) тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін және мерзімді баспа басылымдарын жеткізу жиілігінің ең төменгі көрсеткіші

Елді мекеннің типі

Тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін және мерзімді баспа басылымдарын жеткізудің ең аз мөлшері

Республикалық маңызы бар қала

Кемінде 5 күн;
күніне кемінде 1 рет

Облыстық маңызы бар қала

Кемінде 5 күн;
күніне кемінде 1 рет

Аудандық маңызы бар қала мен елді мекендер

Кемінде 4 күн;
күніне кемінде 1 рет

Ауылдық елді мекендер

Кемінде 2 күн;
күніне кемінде 1 рет

      5) пошта жәшіктерін орналастыру көрсеткіштері:

Елді мекеннің типі

Тұрғындар саны

Пошта жәшіктерінің ең аз мөлшері

Республикалық маңызы бар қала

әрбір 60 мың адамға

4

Облыстық маңызы бар қала

әрбір 40 мың адамға

3

Аудандық маңызы бар қала мен елді мекендер

әрбір 30 мың адамға

4




Ауылдық елді мекендер

500 және оданда жоғары адамға

1

      Барлық пошталық бағыттар және пошта байланысы операторларының көліктерінің қозғалыс кестелері пошта байланысының әмбебап қызметін уақытылы көрсететуін және толық қамтуын қамтамасыз етулері қажет.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі