"Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы бірінші бөлігінің 4-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мына:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттар тізбесі;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алуға арналған өтініштің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға арналған рұқсаттың нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Микроқаржы ұйымының 10 (он) пайыздан аз мөлшердегі акцияларына ие акционер-жеке тұлға туралы мәліметтер нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Микроқаржы ұйымының 10 (он) пайыздан аз мөлшердегі акцияларына ие акционер-заңды тұлға туралы мәліметтер нысаны бекітілсін.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2022 жылғы "___" ____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2022 жылғы "___" _____________
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2023 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 93 Қаулыға 1-қосымша |
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК), "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Микроқаржылық қызмет туралы заң) 27-бабы бірінші бөлігінің 4-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда қолданылатын ұғымдар Микроқаржылық қызмет туралы заңда, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағыналарда қолданылады.
2-тарау. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібі
3. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат (бұдан әрі – айналдыруға рұқсат) алу үшін микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – өтініш беруші) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Банкке айырбастау нысанында микроқаржы ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттар тізбесі бойынша құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алуға арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш) ұсынады.
4. Қоса берілген құжаттарымен бірге өтініш қағаз тасымалдағышта ұсынылады.
Уәкілетті орган өшіріп тазартылған, түзетілген не сызылған сөздері және оларда келісілмеген өзге де түзетулері бар құжаттарды қарауға қабылдамайды.
5. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш, құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және айналдыруға рұқсат беруге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады.
Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, өтінішті қабылдау және тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш қабылданған және тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтініш берушіге өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тарту жібереді.
7. Өтініш беруші ұсынған құжаттардың толық болу фактісі анықталған кезде жауапты бөлімше 50 (елу) жұмыс күні ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасының және банк заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
8. Ұсынылған құжаттар Микроқаржылық қызмет туралы Заңы 25-2-бабының 1-тармағында көзделген айналдыруға рұқсат беруден бас тарту негіздерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасының және банк заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде уәкілетті орган Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мерзім ішінде өтініш берушіге оларды жою мерзімін көрсете отырып, оларды жою және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсыну үшін ескертулермен хатты пошта, факсимильдік байланыс, электрондық пошта арқылы жібереді.
9. Айналдыруға рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер болған кезде уәкілетті орган өтініш берушіні айналдыруға рұқсат беруден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама айналдыруға рұқсат беруден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау өтініш беруші айналдыруға рұқсат беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау өткізу және өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше уәкілетті орган Басқармасының айналдыруға рұқсат беру (беруден бас тарту туралы) туралы қаулысының жобасын дайындайды және уәкілетті орган Басқармасының қарауына жібереді. Уәкілетті орган Басқармасы айналдыруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
10. Жауапты бөлімшенің қызметкері уәкілетті орган Басқармасының қаулысын алғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсатты және Басқарма қаулысының көшірмелерін қоса бере отырып микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы хабарламаны немесе айналдыруға рұқсат беруден бас тарту туралы дәйекті жауапты жолдайды.
11. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Уәкілетті орган айналдыруға рұқсат бере отырып бір мезгілде Банктер туралы заңның 11-1 және 17-1-баптарында көзделген тәртіпте рұқсаттар мен келісімдер береді.
12. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсатты кері қайтарып алған немесе микроқаржы ұйымы осы рұқсатты ерікті түрде қайтарған кезде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алу үшін негіз болып табылатын факті анықталған немесе микроқаржы ұйымы рұқсатты ерікті түрде қайтару туралы өтініш берген күннен бастап 2 (екі) ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.
Микроқаржы ұйымын айналдыруға арналған рұқсатты кері қайтарып алған немесе микроқаржы ұйымы банкке ерікті түрде қайтарған кезде уәкілетті орган Банктер туралы заңның 11-1 және 17-1-баптарына сәйкес берілген рұқсат беру құжаттарын уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде күшін жоюға тиіс.
13. Ерікті түрде қайтару кезінде микроқаржы ұйымы айналдыруға рұқсатта көрсетілген айналдыру мерзімі өткенге дейін оған айналдыру үшін берілген рұқсатты қайтарады.
14. Микроқаржы ұйымы айналдыруға рұқсатты ерікті түрде қайтарған кезде айналдыруға бұрын берілген рұқсат және Банктер туралы заңның 11-1 және 17-1-баптарына сәйкес берілген рұқсат беру құжаттарының күші жойылған болып саналады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, Банктер туралы заңның 11-1 және 17-1-баптарында көзделген тәртіппен бұрын берілген рұқсат беру құжаттарының күші жойылды деп саналады.
15. Айналдыруға рұқсаттың уәкілетті орган банк операцияларын жүргізуге лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін заң күші болады.
16. Айналдыруға рұқсаттың қолданыс мерзімі айналдыруға рұқсат берілген күннен бастап 1 (бір) жыл. Уәкілетті орган мерзімді микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру туралы есепті қарау және микроқаржы ұйымының Микроқаржылық қызмет туралы заңның 25-3-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті органның ескертулерін жою мерзіміне тоқтата тұрады.
17. Айналдыруға рұқсат беру мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану жазбаша түрде жүргізіледі.
Айналдыруға рұқсат беру мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның жоғары тұрған лауазымды адамы жүргізеді.
Шағымның қабылдануының растамасы шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөнін, берілген шағымға жауап беру мерзімі мен орнын көрсете отырып уәкілетті органның кеңсесінде шағымның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
Уәкілетті органның атына келіп түскен айналдыруға рұқсат беру мәселелері бойынша өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
18. Шағымда:
1) өтініш берушінің толық атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
2) уәкілетті органның толық атауы және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
3) шағым беруші тұлға өз талаптары мен дәлелдемелерін негіздейтін мән-жайлар;
4) шағымның шығыс нөмірі мен берілген күні;
5) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
Шағымға өтініш беруші не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.
19. Егер өзгесі заңда көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 93 Қаулыға 2-қосымша |
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттар тізбесі
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) микроқаржы ұйымының лауазымды адамының не микроқаржы ұйымы өтінішке қол қоюға уәкілеттік берген адамның қолымен куәландырылған қағаз құжат нысанындағы өтініш;
2) өтініш беруге уәкілетті тұлға туралы ақпаратты қамтитын, банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы микроқаржы ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің көшірмесі;
3) осы қаулыға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша микроқаржы ұйымының 10 (он) пайыздан аз мөлшердегі акцияларына ие акционер – жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтер;
4) микроқаржы ұйымының үлестес тұлғалары туралы мәліметтер (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);
5) "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-3-бабының талаптарына сәйкес келетін микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
6) микроқаржы ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алғаннан кейінгі келесі үш жылға арналған банктің бизнес-жоспары. Бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптар банктің егжей-тегжейлі құрылымын, қызмет стратегиясын, қызмет бағыттарын және ауқымын, қаржылық перспективаларды (бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен зияндар шоты, маркетинг жоспары (банк клиентурасын қалыптастыру), еңбек ресурстарын тарту жоспары, тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруды қоса алғанда, "Банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидалары мен банкті ашуға рұқсат беруден бас тарту негіздерін, Банктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын банк операцияларын және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге де операцияларды жүргізуге лицензиялау, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары жүзеге асыратын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуді лицензиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 36 қаулысымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 31 наурызда № 20228 болып тіркелді) белгіленеді;
7) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында енгізілген өзгерістер және толықтырулармен жарғының жобасы;
8) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 11-1-баптарына сәйкес ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер;
9) Банктер туралы заңның 17-1-бабында көзделген өтініш пен бизнес-жоспарды қоспағанда, өтініш беруші банктің не банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алу қажет болатын жағдайда Банктер туралы заңның 17-1-бабына сәйкес тәртіппен ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2023 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 93 Қаулыға 3-қосымша |
|
Нысан |
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алуға арналған өтініш
________________________________________________________________
(микроқаржы ұйымының атауы, микроқаржы ұйымы өкілінің бизнес
сәйкестендіру нөмірі (бар болса), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
_________________________________________________________________
(өтініш берушінің осы өтінішті микроқаржы ұйымының атынан беруге
өкілеттігін растайтын нотариат куәландырған немесе өзге түрде
куәландырылған құжатқа сілтеме)
__________________________________________________________________
(өтініш берушінің жұмыс орны және ол атқаратын лауазымы, тұрғылықты жері,
__________________________________________________________________
заңды мекенжайы)
__________________________________________________________________
(микроқаржы ұйымының атауы) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру
нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы
__________________________________________________________________
(қабылдаған) "___" _______ 20__ жылғы № ______ шешіміне сәйкес
1)_________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(микроқаржы ұйымының атауы және орналасқан жері) микроқаржы ұйымын
банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру
2) ________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), заңды тұлғаның атауы
(болған кезде)) банктің ірі қатысушысы және (немесе) банк холдингі мәртебесін
иеленуіне (қажеттісін толтыру қажет) келісім беруді (қажет болған жағдайда
толтырылады)
3) ________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(еншілес ұйымның заңды тұлғасының атауы немесе капиталға қомақты қатысуы)
____________________________________________ (қажеттісін толтыру қажет)
___________________________________________ құруға рұқсат беру;
(құрылатын банктің атауы) (қажет болған жағдайда толтырылады)
Микроқаржы ұйымының лауазымды адамы не микроқаржы ұйымы құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген адам өтінішке қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігін, сондай-ақ уәкілетті органға осы өтінішті қарауға байланысты сұратылатын ақпараттың уақтылы ұсынылғанын растайды. Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Қосымша (жіберілген құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтар санын көрсету):
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(микроқаржы ұйымының лауазымды адамының немесе микроқаржы ұйымының
құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген адамының қолы, күні)
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 93 Қаулыға 4-қосымша |
|
Нысан |
(қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланкінде басып шығарылады) Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға арналған рұқсат № ______ ______ жылғы " " ________
Осы рұқсат _____________________________________________________
(микроқаржы ұйымының атауы) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру
нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берілді.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға арналған рұқсаттың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган банк операцияларын жүргізуге лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін, айналдыру мерзімі өткенге дейін заңды күші бар.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру мерзімі осы рұқсат берілген күннен бастап бір жыл.
Төраға (Төрағаның орынбасары) __________________ ______________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Мөр орны
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 93 Қаулыға 5-қосымша |
|
Нысан |
Микроқаржы ұйымының 10 (он) пайыздан аз мөлшердегі акцияларына ие акционер – жеке тұлға туралы мәліметтер
________________________________________________________________
(микроқаржы ұйымының атауы) 20___ жылғы "___" __________________
1. Акционер _____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
2. Туған күні ____________________________________________________
3. Туған жері ____________________________________________________
_______________________________________________________________
4. Азаматтығы __________________________________________________
5. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ___________________
_______________________________________________________________
6. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) ____________________________
_______________________________________________________________
7. Тұрғылықты жері және заңды мекенжайы _________________________
_______________________________________________________________
8. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыс және үй)___________________
_______________________________________________________________
9. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) туралы мәліметтер
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) | Туған жылы | Туыстық қатынастар | Жұмыс орны мен лауазымы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
10. Еңбек қызметі туралы мәліметтер
Бұл тармақта акционер – жеке тұлғаның еңбек қызметі, сондай-ақ оның басқару органына мүше болуы туралы, оның ішінде жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап, сондай-ақ акционер – жеке тұлға еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең туралы мәліметтер көрсетіледі.
№ | Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы) | Жұмыс орны (ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, ұйымының тіркелген елі көрсетіледі) | Лауазымы | Тәртіптік жаза қолданудың болуы | Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
11. Оларға қатысты акционер – жеке тұлға ірі акционер болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғалар туралы мәліметтер
№ | Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері | Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері (негізгі қызмет түрлерін көрсету) | Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе акционер – жеке тұлғаға тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының жалпы санына (артықшылық берілген және сатып алынғандарын шегергенде) арақатынасы (пайызбен) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ескертпе: 4-бағанда акционер – жеке тұлғаның сенімгерлік басқаруындағы үлесті, сондай-ақ иелену нәтижесінде акционер – жеке тұлға өзге тұлғалармен бірлесіп ірі қатысушы болып табылатын акциялар (үлестер) санын есептегендегі үлесті көрсету қажет.
12. Акционер – жеке тұлғаның уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы олардың таратылуына және (немесе) қаржы нарығында қызметін тоқтатуға әкеп соқтырған оның резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлі түрде сатып алу не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы оның резиденті болып табылатын мемлекеттік заңнамасында белгіленген тәртіпте қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы немесе оны банкрот деп тану туралы шешім заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары болған-болмағандығы туралы мәліметтер.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін сондай-ақ қаржы ұйымы ретінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалы түсіндіріледі.
____________________________________________________________________
(иә (жоқ), ұйымның
___________________________________________________________________
атауы, лауазымы, жұмыс істеуі кезеңін көрсету)
13. Акционер – жеке тұлғаның бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын эмитент- заңды тұлғаның қатысушысының (ірі акционерінің) жеке тұлға – ірі қатысушысы (ірі акционері), басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болғаны туралы мәліметтер.
__________________________________________________________ (иә (жоқ),
ұйымның ____________________________________________________________
атауы, лауазымы, жұмыс істеу кезеңін көрсету)
14. Акционер – жеке тұлға тағайындалған (сайланған), оны келісу үшін құжаттарды берген күнге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма
_____________________________________________________________ (иә (жоқ),
құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы
__________________________________________________________________
жауапкершілікке тартылу негіздерін көрсете отырып,
___________________________________________________________________
тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)
15. Акционер – жеке тұлғаға қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар ма
16. Мәліметтерге:
акционер – жеке тұлғаның жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтығы жоқ шетелдіктер үшін);
акционер – жеке тұлғаның азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) не тұрақты тұратын елінде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) олардың азаматтығы бар еліндегі (олар тұрақты тұратын елдегі– азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекет орган берген, акционер – жеке тұлғада қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын құжат. Акционер-жеке тұлға соңғы 10 (он) жылда үнемі өзінің азаматтығы бар елдің аумағынан тыс жерде тұрған болса, акционер-жеке тұлға соңғы 10 (он) жылда үнемі тұрған елде оның қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың жоқ екендігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады. Көрсетілген құжатты ұсыну күні өтінішті берген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның өзге қолданылу мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың жоқ екендігі туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында оларға қатысты көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттар беру көзделмесе, онда азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органы тиісті растауды уәкілетті органның атына хат арқылы жібереді.
Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық болып табылатынын растаймын, сондай-ақ банк акционерлеріне қойылатын талаптарға сәйкестігімді, мінсіз іскерлік беделімнің болуын растаймын.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді айырбастауға және пайдалануға рұқсат беру үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
_______________________________________________________________
(акционер – жеке тұлға өз қолымен баспа әріптерімен толтырады)
Қолы ______________________
Күні ______________________
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 93 Қаулыға 6-қосымша |
|
Нысан |
Микроқаржы ұйымының 10 (он) пайыздан аз мөлшердегі акцияларына ие акционер – заңды тұлға туралы мәліметтер ____________________________________________________________________ (микроқаржы ұйымының атауы) 20___ жылғы "___" ___________________
1. Акционер__________________________________________________ (атауы)
2. Орналасқан жері және нақты мекенжайы ___________________________
_______________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, көше, телефон нөмірі)
3. Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер _________
_______________________________________________________________
(құжаттың атауы, берілген күні мен нөмірі, кім берді)
4. Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болса) _________________________
_______________________________________________________________
5. Қызмет түрі __________________________________________________
_______________________________________________________________
(қызметтің негізгі түрлері көрсетіледі)
6. Қазақстан Республикасының резиденті немесе бейрезиденті __________
7. Оларға қатысты акционер – заңды тұлға ірі акционер болып табылатын не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғалар туралы мәліметтер:
№ | Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері | Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері (негізгі қызмет түрлерін көрсету) | Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе акционер – заңды тұлғаға тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының жалпы санына (артықшылық берілген және сатып алынғандарын шегергенде) арақатынасы (пайызбен) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ескертпе: 4-бағанда акционер – заңды тұлғаның сенімгерлік басқаруындағы үлесті, сондай-ақ иелену нәтижесінде акционер – заңды тұлға өзге тұлғалармен бірлесіп ірі қатысушы болып табылатын акциялар (үлестер) санын есептегендегі үлесті көрсету қажет.
8. Соңғы күнтізбелік 3 (үш) жылда акционер - заңды тұлғада ірі қаржылық проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация, санация болды ма
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(олардың туындау себептері, осы проблемаларды шешу нәтижелері)
9. Акционер-заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы (атқарушы орган қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға)
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Туған күні __________________________________________________
Туған жері ________________________________________________
Азаматтығы ____________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері _____________________
_______________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) ___________
Тұрғылықты жері және заңды мекенжайы ___________________________
________________________________________________________________
Білімі
№ | Оқу орнының атауы | Қабылданған жылы – аяқтаған жылы | Мамандығы | Білім туралы дипломның деректемелері (күні және нөмірі бар болса) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Акционер – заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) жұбайы, жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары) және жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер:
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) | Туған жылы | Туыстық қатынастар | Жұмыс орны мен лауазымы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Еңбек қызметі туралы мәліметтер
Бұл абзацта акционер – заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысының (атқарушы органның қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) бүкіл еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органында мүшелігі), оның ішінде жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең туралы мәліметтер де көрсетіледі.
№ | Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы) | Жұмыс орны (егеп қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса, қаржы ұйымының тіркелген елі көрсетіледі) | Лауазымы | Тәртіптік жазалардың болуы | Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Оларға қатысты акционер-заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке іске асыратын тұлға) ірі акционер болып табылатын немесе мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғалар туралы мәліметтер.
№ | Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері | Мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері (негізгі қызмет түрлерін көрсету) | Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе заңды тұлғаға тиесілі акциялар санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Акционер – заңды тұлғаның атқарушы органы бірінші басшысының (атқарушы органның қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) бұрын Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органы немесе қаржылық қадағалау органы банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктер филиалдарының санатына жатқызу не банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде не соттың Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары немесе мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, бас бухгалтердің орынбасары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент- сақтандыру брокері филиалының басшысы, басшысының орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, жеке тұлға - ірі қатысушы, қаржы ұйымы заңды тұлғаның, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-қаржы ұйымы ірі қатысушысының (банк холдингінің) басшысы болғаны туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
___________________________________________________________ (иә (жоқ),
Ұйымның ___________________________________________________________
атауын, лауазымын, жұмыс істеу кезеңін көрсету)
Акционер – заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысының (атқарушы органның қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) бұрын қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, басқару органының жеке тұлға - ірі қатысушысы (ірі акционері), басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, эмитент-заңды тұлғаның ірі қатысушысының (ірі акционерінің) бас бухгалтері болғаны туралы мәліметтер
_____________________________________________________________ (иә (жоқ),
ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс істеу кезеңін көрсету)
Акционер – заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жалғыз жүзеге асыратын тұлға) сот отырысында жауапкер ретінде тартылды ма
______________________________________________________________
_____________________________________________________________ (иә (жоқ),
күнін, қаржы ұйымының атауын, сот талқылауына жауап берушіні,
_________________________________________________________ қаралып
отырған мәселені және сот шешімін көрсету)
Акционер – заңды тұлғаның басқару органының бірінші басшысы (атқарушы органның қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) өтініш берген күнге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды ма
_________________________________________________________ (иә (жоқ),
құқық бұзушылықтың қысқаша сипаттамасы,
___________________________________________________________________
жауапкершілікке тартылу негіздерін көрсете отырып,
___________________________________________________________________
тәртіптік жаза қолдану туралы актінің деректемелері)
10. Акционер – заңды тұлғаның басқару органының біріншісі басшысы (осындай орган болған кезде)________________________________________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
Туған күні ______________________________________________________
Туған жері _____________________________________________________
Азаматтығы ____________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ______________________
_______________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) ______________________________
Тұрғылықты жері және заңды мекенжайы ____________________________
_________________________________________________________________
Білімі
№ | Оқу орнының атауы | Қабылданған жылы – аяқтаған жылы | Мамандығы | Білім туралы дипломның деректемелері (күні және нөмірі бар болса) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Акционер – заңды тұлғаның басқару органы (осындай орган болған кезде) бірінші басшысының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі (қарындасы), балалары) туралы мәліметтер
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туған жылы | Туыстық қатынастары | Жұмыс орны және лауазымы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Еңбек қызметі туралы мәліметтер
Осы абзацта акционер – заңды тұлғаның басқару органы (осындай орган болған кезде) бірінші басшысының бүкіл еңбек қызметі, сондай-ақ микроқаржы ұйымының басқару органында мүшелік, оның ішінде жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметі туралы мәліметтер, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі
№ | Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы) | Жұмыс орны (егер ұйым Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын болса, ұйымның тіркелген елі көрсетіледі) | Лауазымы | Тәртіптік жаза қолданудың болуы | Жұмыстан шығу, лауазымнан босату себептері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Заңды тұлғалар туралы мәліметтер, оларға қатысты акционер-заңды тұлғаның басқару органының (осындай орган болған кезде) бірінші басшысы ірі акционер болып табылады не мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар
№ | Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері | Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, қызметінің жарғылық түрлері (негізгі қызмет түрлерін көрсету) | Жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе заңды тұлғаның тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Акционер – заңды тұлғаның басқару органы бірінші басшысының (осындай орган болған кезде) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органы немесе қаржылық қадағалау органы банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктер филиалдарының санатына жатқызу туралы не банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда соттың Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары немесе мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы, басшысының орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, жеке тұлға - ірі қатысушы, қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-қаржы ұйымы ірі қатысушысы (банк холдингінің) заңды тұлғаның басшысы болғаны туралы мәліметтер
____________________________________________________________ (иә (жоқ
___________________________________________________________________
ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңін көрсету)
Акционер – заңды тұлғаның басқару органының бірінші басшысының (осындай орган болған кезде) бұрын қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, басқару органының жеке тұлға - ірі қатысушысы (ірі акционері), басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, эмитент-заңды тұлғаның ірі қатысушысының (ірі акционерінің) бас бухгалтері болғаны туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
(иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс істеу кезеңін көрсету)
Акционер – заңды тұлғаның басқару органының бірінші басшысы (осындай орган болған кезде) сот отырысында жауапкер ретінде тартылды ма
____________________________________________________________ (иә (жоқ),
ұйымның атауы, күні, сот отырысында қаралатын мәселе
__________________________________________________________________
жауапкер және сот шешімін көрсету)
Акционер – заңды тұлғаның басқару органының бірінші басшысы (осындай орган болған кезде) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауаптылыққа тартылды ма не өтініш берген күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды ма __________________________________
___________________________________________________________ (иә (жоқ),
құқық бұзушылықтың қысқаша сипаттамасы
___________________________________________________________________
жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып
_______________________________________________ тәртіптік жаза қолдану)
11. Акционер – заңды тұлғаға қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) шешімі бар ма.
12. Мәліметтерге:
акционер – заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарының көшірмесі, олар қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмайтын болса;
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңның 19-бабының 4-тармағында белгіленген талаптардың орындалуын растайтын ақпарат;
аудиторлық ұйым куәландырған, соңғы 2 (екі) аяқталған қаржылық жыл үшін қаржылық есептілік (болатын болса шоғырландырылған есептілікті қосқанда). Аудиторлық ұйымның соңғы аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілігін куәландыру жөніндегі талап өтініш берілген жылдың бірінші тоқсанында өтініш берілген жағдайларға қолданылмайды.
акционер-заңды тұлғаның атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке іске асыратын) және басқару органының (осындай орган болған кезде) бірінші басшыларының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар үшін);
атқарушы органның (атқарушы органның функцияларын жеке іске асыратын тұлғаның) және басқару органының (осындай орган болған кезде) бірінші басшысының азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) не тұрақты тұратын елінде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) олардың азаматтығы бар еліндегі (олар тұрақты тұратын елдегі– азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекет орган берген, акционер – жеке тұлғада қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын құжат. Егер көрсетілген тұлғалар соңғы 10 (он) жылда үнемі азаматтығы бар елдің аумағынан тыс жерде тұрған болса, олар соңғы 10 (он) жылда үнемі тұрған елде оның қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың жоқ екендігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады. Көрсетілген құжатты ұсыну күні өтінішті берген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның өзге қолданылу мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың жоқ екендігі туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында оларға қатысты көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттар беру көзделмесе, онда тиісті растау азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен уәкілетті органның атына жіберіледі.
Осы ақпаратты акционер-заңды тұлғаның тексергенін және оның дәйекті және толық болып табылатынын растаймын, сондай-ақ банк акционерлеріне қойылатын талаптарға сәйкестігімді, мінсіз іскерлік беделімнің болуын растаймын.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді айналдыруға және пайдалануға рұқсат беруге қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісім беремін.
20___жылғы "___" _____________
Акционер – заңды тұлғаның атқарушы органының бірінші басшысының (атқарушы органның функцияларын жеке іске асыратын) қолы
____________________________________________
Акционер – заңды тұлғаның басқару органының (осындай орган болған кезде) бірінші басшысының қолы