"Спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 289 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 16 қарашадағы № 327 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 қарашада № 30567 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 289 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9682 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе келесі редакцияда жазылсын:

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын қалыптастыру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
Д. Абаев

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2022 жылғы 16 қарашадағы
№ 327 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі Төрағасының
2014 жылғы 25 шілдедегі
№ 289 бұйрығымен
бекітілген

Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын қалыптастыру қағидалары

1- тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес әзірленген және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аға жаттықтырушы – Қазақстан Республикасының құрама командаларының резервтік (жастар, жасөспірімдер) құрамасының даярлығы үшін жауап беретін жаттықтырушы;

      2) бірінші жаттықтырушы – жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлаудың бастапқы (ерте) кезеңдерінде спортшыны даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;

      3) жаттықтырушылар кеңесі – спортшылар мен командаларды спорт жарыстарына қатысуға даярлау әдістемесіне ұсынымдар әзірлеу үшін бас жаттықтырушы, мемлекеттік жаттықтырушы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аға жаттықтырушылардан, спорт түрлері бойынша құрама командалардың дәрігерлерінен, дене шынықтыру және спорт саласындағы ғалымдардан, дене шынықтыру, спорт түрлері бойынша республикалық федерациялардың кеңесші органы;

      4) жеке жаттықтырушы – спортшыны спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасынан (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командадан) тыс болған кезеңінде оның жеке-дара даярлау жоспарын орындауына бағытталған даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;

      5) жылдың басты республикалық спорттық жарыстары – Қазақстан Республикасының чемпионаттары, Қазақстан Республикасының спартакиадалары, Қазақстан Республикасының кубоктері, Қазақстан Республикасының Жастар спорт ойындары және Қазақстан Республикасының Паралимпиада ойындары;

      6) жылдың басты халықаралық спорттық жарыстары – Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы), Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы), Азия ойындары (жазғы, қысқы), Азия Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы), Жасөспірімдер Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы), барлық жас топтарына арналған спорт түрлерінен әлем чемпионаттары, барлық жас топтарына арналған спорт түрлерінен Азия чемпионаттары, Еуропа кубоктары, Әлем кубоктары және Әлем кубогының кезеңдері;

      7) Қазақстан Республикасының штаттық құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық штаттық құрама командалар) – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген қаржылық шарттармен спорттық қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы астында халықаралық спорттық жарыстарға қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, отандық және шетелдік мамандар ұжымдары;

      8) мемлекеттiк жаттықтырушы – Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша функциялар мен іс-шараларды жүзеге асыратын жаттықтырушы;

      9) спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) бас жаттықтырушысы – спорт түрi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасына (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командаға) басшылық жасауға, оның даярлығына, қалыптастырылуына және әлем чемпионаттарына, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға қатысуына жауап беретiн жаттықтырушы;

      10) спортшы – спорт түрімен (түрлерімен) жүйелі түрде айналысатын және спорт жарыстарына қатысатын жеке адам;

      11) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) – халықаралық спорттық жарыстарға даярлықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы астында қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, отандық және шетелдік мамандар ұжымдары.

      3. Қазақстан Республикасы құрама командаларының негізгі мақсаттары:

      1) әлемдік спорт ареналарында жоғарғы нәтижелерге қол жеткізу;

      2) әртүрлі деңгейдегі спорттық іс-шараларға қатысу, олимпиадалық және спорттық қозғалысты Қазақстан Республикасында және одан басқа жерлерде насихаттау;

      3) халықаралық спорттық жарыстарға қатысу арқылы халықтар арасындағы достық пен өзара түсінісушілікті нығайту.

      4. Қазақстан Республикасы құрама командаларының негізгі міндеттері:

      1) Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы), Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы), Азия ойындары (жазғы, қысқы), Азия Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы), Жасөспірімдер Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы), барлық жас топтарына арналған спорт түрлерінен Әлем чемпионаттары, барлық жас топтарына арналған спорт түрлерінен Азия чемпионаттары, Еуропа кубоктары, Әлем кубоктары және Әлем кубогының кезеңдері және басқа халықаралық спорттық жарыстарға дайындалу және табысты өнер көрсету;

      2) спортшылардың спорттық шеберлігін одан әрі жетілдіру;

      3) қазақстандық спортының халықаралық аренадағы беделін арттыру;

      4) спортшыларды патриоттыққа тәрбиелеу және дене шынықтыру мен спортты насихаттау.

2-тарау. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамдарын қалыптастыру тәртібі

      5. Спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасы (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команда) негізгі және резервтік (жастар, жасөспірімдер) құрамынан тұратын және бокс, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күресі, әйелдер күресі, биатлон, шаңғы жарыстары, таеквандо WTF және ойын спорт түрлерін қоспағанда, жылдың басты республикалық немесе басты халықаралық спорттық жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшылар қатарынан қалыптастырылады.

      Бокс, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер күресі, биатлон, шаңғы жарыстары, таэквондо WTF бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасы (бокс, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер күресі, биатлон, шаңғы жарыстары, таеквандо WTF бойынша ұлттық құрама командасы) негізгі және резервтік (жастар, жасөспірімдер) құрамы жеңімпаздар мен жүлдегерлер болып табылатын, сондай-ақ жылдың басты республикалық немесе басты халықаралық спорттық жарыстарында 8 орынға дейін қоса алғанда иеленген спортшылардың қатарынан қалыптастырылады.

      Ойын спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасының (ойын спорт түрлері бойынша ұлттық құрама команданың) негізгі және резервтік (жастар, жасөспірімдер) құрамы жеңімпаздар мен жүлдегерлер болып табылатын, сондай-ақ жылдың басты республикалық немесе басты халықаралық спорттық жарыстарында 10 орынға дейін қоса алғанда иеленген спортшылардың қатарынан қалыптастырылады.

      Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының негізгі және резервтік (жастар, жасөспірімдер) құрамдарындағы спортшылар өз қатарларынан команда капитанын сайлайды.

      6. Негізгі және резервтік (жастар, жасөспірімдер) контингент мүшелерінің сандық құрамына:

      1) үштік құрамға – олимпиадалық, паралимпиадалық, ұлттық спорт түрлері бойынша;

      2) қос құрамға – олимпиадалық емес, техникалық және қолданбалы, паралимпиадалық емес, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша қабылданады.

      7. Аккредиттелген республикалық немесе өңірлік спорт федерациялары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасының құрамына қабылдау үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) спортшыларды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізіммен бірге спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына енгізу туралы қолдаухат;

      2) спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық немесе өңірлік спорт федерациясының мөрімен расталған спорттық жарыстардың хаттамасы (алдыңғы жылдың басты республикалық немесе басты халықаралық спорттық жарыстарындағы спорттық нәтижесі).

      8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

      9. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын бекіту туралы шешім қабылдайды.

      10. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын Заңның 7-бабының 30) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган жыл сайын жазғы спорт түрлері бойынша 20 желтоқсанға дейін және қысқы спорт түрлері бойынша 25 мамырға дейін бекітеді.

      11. Спортшылар, жаттықтырушылар, отандық және шетелдік мамандар, дене шынықтыру-спорт және медицина ұйымдарының басқа да қызметкерлері уәкілетті органның шешімімен Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшелері ретінде бекітіледі.

      12. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мәртебесін және спортшылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) негізгі және резервтік (жастар, жасөспірімдер) құрамдарының жаңа мүшелерін осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасы мүшесінің антын қабылдай отырып, салтанатты қабылдау өткізіледі.

      13. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелері:

      1) спорттық нәтижелерді төмендеткені;

      2) спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлаудың жеке жоспарын жүйелі орындамағаны;

      3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 18 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Допингке қарсы қағидаларынның талаптарын бұзғаны үшін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9812 тіркелген);

      4) спорттық этика нормаларын бұзғаны үшін аккредиттелген республикалық спорт федерациялардың ұсынысы бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органның шешімімен спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамынан шығарылады.

      14. Бас жаттықтырушы Қазақстан Республикасы құрама командасына басшылық етеді және спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар кеңесін басқарады.

      15. Бас жаттықтырушы халықаралық спорттық жарыстарға құрама команда мүшелерін даярлау жөнінде жұмысты ұйымдастырады және құрама командаға мүше спортшылардың жарыстарға қатысуының нәтижелеріне үнемі талдау жүргізеді.

      16. Қазақстан Республикасы құрама командасына мүше спортшының жеке жаттықтырушысы Қазақстан Республикасы құрама командасына орталықтандырылған даярлық үшін уақытша іссапарға жіберілуі мүмкін.

      17. Спорт дәрігері Қазақстан Республикасы құрама командасына мүше спортшының денсаулығын қадағалайды, жаттықтырушылар құрамына спортшының функционалды жағдайы мен ұсынылатын жаттығу жүктемелері жөнінде ұсыныстар береді, медико-биологиялық, қалпына келтіру шаралары мен емдеуді, сондай-ақ спортшыны үйлесімді тамақтандыруды, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар өтетін орындардың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылауды жүзеге асырады.

      18. Қазақстан Республикасы құрама командасының массажшысы спорт дәрігерінің немесе бас дәрігердің әдістемелік басшылығымен жұмыс істейді.

      19. Қазақстан Республикасы құрама командасын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету үшін тартылатын мамандар, ұлттық құрама команда мүшелерінің функционалдық қалпын және спорттық дайындығының техникалық деңгейіне ағымдағы бақылауды жүзеге асырады өз құзыреті шегінде, бас жаттықтырушымен, жаттықтырушылар кеңесімен бірлесіп спортшылардың жеке дайындық жоспарын әзірлеуге және спортшыларды даярлауда әдістемелік көмек көрсетеді.

      20. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамынан шығаруды, тиісті спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық немесе өңірлік спорт федерациясының қолдаухаты негізінде уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырады.

3-тарау. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларын (спорт түрлері бойынша штаттық ұлттық құрама командаларды) қалыптастыру тәртібі

      21. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша штаттық ұлттық құрама командалардың) құрамы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелері қатарынан қалыптастырылады.

      22. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша штаттық ұлттық құрама командалардың) сандық құрамы құрама командалар мүшелерінің халықаралық және республикалық спорт жарыстарында өнер көрсету нәтижелері бойынша айқындалады.

      23. Бас жаттықтырушы алдыңғы жылдың (спорт түрі бойынша) халықаралық және республикалық спорт жарыстарында өнер көрсету нәтижелері бойынша аккредиттелген республикалық немесе өңірлік спорт федерациясымен келісім бойынша және жаттықтырушылар кеңесі отырысының қорытындылары бойынша спортшыларды іріктеуді жүргізеді.

      24. Аккредиттелген республикалық немесе өңірлік спорт федерациялары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша штаттық ұлттық құрама командалардың) құрамына қабылдау үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) спортшыларды осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізіммен бірге спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша штаттық ұлттық құрама командалардың) құрамына енгізу туралы қолдаухат;

      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медициналық қорытындысы.

      25. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша штаттық ұлттық құрама командалардың) құрамын Заңның 7-бабының 30) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган жыл сайын жазғы спорт түрлері бойынша 25 желтоқсанға дейін және қысқы спорт түрлері бойынша 1 маусымға дейін бекітеді.

      26. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелері:

      1) спорттық нәтижелерді төмендеткені;

      2) спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлаудың жеке жоспарын жүйелі орындамағаны;

      3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 18 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Допингке қарсы қағидаларынның талаптарын бұзғаны үшін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9812 тіркелген);

      4) спорттық әдеп нормаларын бұзғаны үшін;

      5) еңбек қызметі туралы шарттың немесе спорттық қызмет туралы шарттың (келісімшарттың) талаптарын бұзғаны үшін аккредиттелген республикалық спорт федерациялардың ұсынысы бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның шешімімен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамынан шығарылады.

      27. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командасының (спорт түрлері бойынша ұлттық штатық құрама командалардың) құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командасының (спорт түрлері бойынша ұлттық штаттық құрама командалардың) құрамынан шығаруды, тиісті спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық немесе өңірлік спорт федерацияларының қолдаухаты негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.

      28. Осы Қағидалардың 24-тармағында көзделген деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау cпорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

      29. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың негізінде осы Қағидаларға 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық штаттық құрама командалардың) құрамын бекіту туралы шешім қабылдайды.

  Спорт түрлері бойынша
Қазақстан Республикасының
құрама және штаттық құрама
командаларының (спорт
түрлері бойынша ұлттық
құрама командалардың)
құрамын қалыптастыру
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Cпорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) тізімі

Спортшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Спорттық атағы, разряды

Қабылдау нәтижесі

Сала/
санат

Өңір

Жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бірінші жаттықтырушы

Жеке жаттықтырушы

1

2

3

4

5

6

7

8

9




























  Спорт түрлері бойынша
Қазақстан Республикасының
құрама және штаттық құрама
командаларының (спорт
түрлері бойынша ұлттық
құрама командалардың)
құрамын қалыптастыру
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Cпорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамы

Спортшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Спорттық атағы, разряды

Қабылдау нәтижесі

Сала/
санат

Өңір

Жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бірінші жаттықтырушы

Жеке жаттықтырушы

1

2

3

4

5

6

7

8

9




























  Спорт түрлері бойынша
Қазақстан Республикасының
құрама және штаттық құрама
командаларының (спорт
түрлері бойынша ұлттық
құрама командалардың)
құрамын қалыптастыру
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасы (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) мүшесінің анты

      Мен,__________________(тегі аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) мені _______________ спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасына (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) қабылдауды мемлекеттің ерекше сенімі ретінде бағалай және өзімнің жауапкершілігімді сезіне отырып:

      - аса жоғары нәтижелерге жету үшін өзімнің жеңіске деген бар күш-жігерімді жұмсай отырып, спорт аренасында біздің Отанымыздың намысын лайықты қорғау үшін спорттық шеберлігімді үнемі жетілдіруге;

      - спорт жарыстарында адал күресуге, жарыс ережелерін қатаң сақтауға, допингке қарсы қағидаларды ұстануға және тыйым салынған заттарды және (немесе) әдістерді пайдаланбауға;

      - спорттағы тәлімгерлердің барлық нұсқаулары мен талаптарын орындауға, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына, команда мүшелеріне, бәсекелестерге, төрешілерге, көрермендер мен жанкүйерлерге сыйластықпен қарауға;

      - өзімнің барлық іс-әрекетімде спорттық әдеп ережелерін басшылыққа алуға салтанатты түрде ант етемін.

      Менің осы антты бұзуым спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) мүшесі деген жоғары атақпен сыйыспайтындығын ұғынамын.

_______________________________ __________________ тегі аты әкесінің аты (болған жағдайда) (күні)

  Спорт түрлері бойынша
Қазақстан Республикасының
құрама және штаттық құрама
командаларының (спорт
түрлері бойынша ұлттық
құрама командалардың)
құрамын қалыптастыру
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Cпорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша штаттық ұлттық құрама командалардың) тізімі

Спортшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Спорттық атағы, разряды

Өңір

Жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Штаттық бірлік

Бірінші жаттықтырушы

Жеке жаттықтырушы

1

2

3

4

5

6

7

8

























  Спорт түрлері бойынша
Қазақстан Республикасының
құрама және штаттық құрама
командаларының (спорт
түрлері бойынша ұлттық
құрама командалардың)
құрамын қалыптастыру
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Cпорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша штаттық ұлттық құрама командалардың) құрамы

Спортшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Спорттық атағы, разряды

Өңір

Жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Штаттық бірлік

Бірінші жаттықтырушы

Жеке жаттықтырушы

1

2

3

4

5

6

7

8