Биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссия (режимдік комиссия) туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қазанда № 30270 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 24.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссия (режимдік комиссия) туралы ереже;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның (режимдік комиссияның) құрамы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық бөлiмшелерiнің басшылары осы бұйрықтың 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссия (режимдік комиссия) құруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2022 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
В. Дудник

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
м.а.
2022 жылғы 20 қазандағы
№ ҚР ДСМ-119 бұйрығына
1-қосымша

Биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссия (режимдік комиссия) туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссия (режимдік комиссия) туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 21-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның (режимдік комиссия) (бұдан әрі – режимдік комиссия) өкілеттіктерін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрі – аумақтық бөлiмшелер) беретін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат және оған қосымшаны беру үшін аумақтық бөлiмшелер жанынан режимдік комиссиялар құрылады.

      3. Режимдік комиссиялардың қызметін үйлестіруді және бақылауды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аумақтық бөлімшелер ұсынатын мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының жыл сайынғы мониторингі арқылы бейінді сарапшылар мен мамандарды (келісу бойынша) тарта отырып жүзеге асырады.

2-тарау. Режимдік комиссияның құрамы және функциялары

      4. Режимдік комиссиялардың құрамы аумақтық бөлімше басшысының бұйрығымен бекітіледі және аумақтық бөлімшенің және Режимдік комиссияның мүшелері болып табылатын бейінді мемлекеттік ұйымдардың бейінді мамандарынан (келісу бойынша) құрылады.

      5. Хатшы Режимдік комиссияның мүшесі болып табылмайды. Режимдік комиссияның хатшысы режимдік комиссияның мүшелеріне Кодекстің 9-бабының 40-4) тармақшасына сәйкес бекітілетін Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданысын қайта бастау, қайта ресімдеу, қолданысын тоқтату қағидаларына (бұдан әрі - Рұқсаттарды беру қағидалары) сәйкес патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру немесе қайта ресімдеу үшін ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді жібереді.

      6. Режимдік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру немесе қайта ресімдеу үшін ұсынылған құжаттарды қарау;

      2) ықтимал қауіпті биологиялық объектінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау шеңберінде патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне зерттеп-қарау;

      3) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру үшін қорытындыны не дәлелді негіздемесі бар теріс қорытындыны шығару;

      4) ықтимал қауіпті биологиялық объектілерге әсер ететін табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар болған жағдайда консультация беру және әдістемелік көмек көрсету;

      5) биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша консультациялық және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек және өзгелері.

      7. Режимдік комиссияның қызметі Рұқсаттарды беру қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

  Биологиялық қауіпсіздік
саласындағы талаптардың
сақталуын бақылау жөніндегі
комиссия (режимдік комиссия)
туралы ережеге
қосымша
  Нысан

Биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссия (режимдік комиссия) қорытындысы

      1. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру немесе қайта ресімдеу үшін ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі:

      1) өтініш_______________________________________________________;

      2) мыналар көрсетілген түсіндірме жазба:

      орындалатын зерттеулер номенклатурасы: _________________________;

      материалдық база: ______________________________________________;

      материалдың қозғалыс схемасы (ағындылығы):______________________;

      патогендігі I және (немесе) II топтағы патогенді биологиялық агенттермен

      жұмыс істеуге рұқсатын ескере отырып, персоналдың кадрлық құрамы және

      кәсіптік даярлығы: _______________________________.

      2. Объектінің патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге

      асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне зерттеп-қарау

      нәтижесі: мәлімделген патогенділік тобына сәйкес келеді/сәйкес келмейді.

      (керектісінің астын сызу)

      Биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын

      бақылау жөніндегі комиссияның (режимдік комиссия) қорытындысы:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________.

      Режимдік комиссияның мүшелері:

      _________________________ _______________ ___________________________

      (лауазымы)                         (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған

      жағдайда)

  бұйрығына
2-қосымша

Биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның (режимдік комиссия) құрамы

      1. Режимдік комиссияның төрағасы – аумақтық бөлімше басшысының инфекциялық сырқаттанушылықты эпидемиологиялық қадағалау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары;

      2. Режимдік комиссия төрағасының орынбасары – аумақтық бөлімшенің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы немесе аумақтық бөлімшенің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы;

      3. Режимдік комиссияның хатшысы – аумақтық бөлімшенің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің қызметкері;

      4. Режимдік комиссияның мүшесі – аумақтық бөлімшенің аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің қызметкері;

      5. Режимдік комиссияның мүшесі – аумақтық бөлімшенің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің қызметкері;

      6. Режимдік комиссияның мүшесі – аумақтық бөлімшенің коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің қызметкері;

      7. Режимдік комиссияның мүшесі – аумақтық бөлімшенің өнеркәсіптік, радиациялық-қауіпті объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің қызметкері;

      8. Режимдік комиссияның мүшесі – аудандық/қалалық аумақтық бөлімшенің басшысы;

      9. 8. Режимдік комиссияның мүшесі – аудандық/қалалық аумақтық бөлімшенің маманы;

      10. Режимдік комиссияның мүшесі – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК-нің облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы филиалының қызметкері (келісу бойынша);

      11. Режимдік комиссияның мүшесі – "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК-нің облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы филиалының қызметкері (келісу бойынша);

      12. Режимдік комиссияның мүшесі – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының аумақтық инспекцияларының басшысы (келісу бойынша);

      13. Режимдік комиссияның мүшесі – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аудандық, облыстық маңызы бар қаланың инспекция басшысы (келісу бойынша);

      14. Режимдік комиссияның мүшесі – облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының қызметкері (келісу бойынша);

      15. Режимдік комиссияның мүшесі – жоғары медициналық оқу орнының қызметкері (келісу бойынша).