"Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 764 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қыркүйекте № 29858 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларында:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Тiркеу іс-қимылдарын жасау үшін көлік құралдарының иелерi:

      1) жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін);

      2) растайтын құжаттар:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (бұдан әрі – Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген баждар мен алымдарды төлеуді.

      Бастапқы тіркеу үшін алымдар төлеуден Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар және/немесе оның өкілдіктері, консулдық мекемелер, Қазақстан Республикасында аккредиттелген, 1961 жылғы "Дипломатиялық қатынастар туралы" Вена конвенциясына және 1963 жылғы "Консулдық қатынастар туралы" Вена конвенциясына сәйкес артықшылары мен иммунитеттері бар қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері босатылады";

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау;

      3) техникалық құжатты;

      4) Қазақстан Республикасына уақытша, оның ішінде кері әкету туралы мiндеттемемен әкелінген көлiк құралдарының МТНБ, КҚТК және (немесе) тiркеу құжаттарын;

      5) заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлінісіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы, осы ұйымның мөрімен куәландырылған (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) бұйрығы (өкімі);

      6) көлiк құралына, нөмірлiк агрегатқа меншiк құқығын растайтын құжатты, оларға:

      кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (кеден декларациясы, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелген жағдайларда кері әкету туралы міндеттеме);

      сот шешімінің, қаулысының сот растаған көшірмелері, орындауға жататын мемлекеттік органның әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы қоса берілген атқару парағы;

      азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәлiктер, мүлікке мұрагерлік құқығы туралы құжаттар жатады;

      7) Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының Техникалық регламентіне (бұдан әрі – 018/2011 КО ТР) 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті:

      жеке тұлғалар Кеден одағы/Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - КО/ЕЭО) бірыңғай кеден аумағына өз қажеттіліктері үшін әкелетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;

      көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан көп уақыт өткен жағдайда, бұрын КО/ЕЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттерде жол жүрісіне қатысқан, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына әкелінетін көлік құралдарын заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеген кезде;

      жеке және заңды тұлғалар айналымға шығарылғанға дейін конструкциясына жеке тәртіппен өзгерістер енгізілген, сериялық өндіріс жағдайындағы; немесе сериялық өндірістен тыс жеке тәртіппен құрастыру жиынтығынан немесе жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын; немесе бұрын мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілгендер қатарынан айналымға шығарылған көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;

      8) пайдаланудағы және қайта жабдықталуына байланысты Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тіркелген көлік құралын мемлекеттік тіркеген кезде 018/2011 КО ТР 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті;

      9) базалық көлік құралын дайындаушының рұқсаты, базалық көлік құралын дайындаушылардың конструкцияға өзгерістер енгізудің тиісті түріне арналған ресми технологиялық құжаттары, ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен келісілген, белгіленген тәртіппен бекітілген конструкторлық құжаттама, көлік құралының шассиін, рамасын немесе тірек шанағын ауыстыруға байланысты пайдаланудағы және қарап тексеру нәтижелері бойынша ІІО уәкілетті қызметкері осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес шығарған қорытынды;

      10) 018/2011 КО ТР 14 және 15-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көлік құралының типін мақұлдау, көлік құралы шассиінің типін мақұлдау:

      көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан аз уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар Кеден одағы/Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;

      жеке және заңды тұлғалар Кеден одағы/Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде ұсынылмайды.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Ұсынылған құжаттарды, МТНБ-ны қолдан жасау белгілері анықталған кезде, сондай-ақ көлік құралының (нөмірлік агрегаттардың), иесінің немесе ұсынылған құжаттардың іздестіруде екені туралы мәліметтер болса, ІІО-ның уәкілетті қызметкері, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері дереу ІІО кезекші бөліміне тиісті ақпарат береді.

      Соғылған, егелген нөмірлік агрегаттар, іздестіру бойынша есептен шығарылмаған көлік құралдары тіркеуге жатпайды.

      Нөмірлік агрегаттардың сәйкестігін, олардың таңбалануын және көлік құралын сәйкестендіруді айқындау үшін көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу кезінде ІІО уәкілетті қызметкері көлік құралын қарап тексеруді жүзеге асырылады.

      Көлік құралын сәйкестендіру үшін көлік құралының шассиін, рамасын немесе тірек шанағын ауыстырғаннан кейін оның модификациясының базалық көлік құралын шығарудың модельдік жылына сәйкестігін айқындау үшін ІІО уәкілетті қызметкері көлік құралын қарап тексеруді жүзеге асырады.

      Көлік құралын қарап тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті қызметкер осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес қорытынды шығарады.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемкорпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемкорпорация басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, ЭҮП арқылы электронды түрде, не көрсетілетін қызметті берушінің, ІІО немесе Мемкорпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе ІІО-ның кеңсесінде қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемкорпорация қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемкорпорация басшысының атына беріледі.

      Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның Мемкорпорацияда қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошта мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      76-тармақ алынып тасталсын;

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің (бұдан әрі – МТНБ) телнұсқасын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе нотариаттық расталған сенімхаттың негізінде әрекет ететін оның өкіліне (жеке тұлғалар үшін нотариатты расталған) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы бойынша беріледі.

      Телнұсқаларды беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 9-тармағында көзделген бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау туралы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданған күнге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабардар етеді. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көлік құралдары үшін МТНБ телнұсқасын беру туралы шешім қабылдайды не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.";

      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемкорпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемкорпорация басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, ЭҮП арқылы электронды түрде, не көрсетілетін қызметті берушінің, ІІО-ның немесе Мемкорпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ІІО-ның кеңсесінде шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемкорпорация қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемкорпорация басшысының атына беріледі.

      Қолма-қол, сонымен қатар пошта арқылы келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның Мемкорпорацияда қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошта мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      5-қосымшада:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз.

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемкорпорацияға жүгінген кезде мыналарды ұсыну қажет:
1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
2) түбіртектер немесе растайтын құжаттар:
- "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі - Салық кодексі) белгіленген баждар мен алымдарды төлеу туралы.
Бастапқы тіркеу үшін алымдарды төлеуден дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар және (немесе) оның өкілдіктері, Қазақстан Республикасында тіркелген консулдық мекемелер, Қазақстан Республикасында акккредиттелген, "Дипломатиялық қатынастар туралы" 1961 жылғы Вена конвенциясына және "Консулдық қатынастар туралы" 1963 жылғы Вена конвенциясына сәйкес артықшылықтары мен иммуниттері бар қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері босатылады;
көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген кеңейтілген міндеттемелерді орындауы;
3) техникалық құжат;
4) МТНБ, КҚТК және/немесе кері әкету міндеттемесімен Қазақстан Республикасына уақытша әкелінген көлік құралдарының тіркеу құжаттары;
5) заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлінісіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы, осы ұйымның мөрімен куәландырылған (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) бұйрығы (өкімі);
6) көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжат, оларға:
- кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (кеден декларациясы, кедендік кіріс ордері), уақытша кіргізген жағдайларда кері шығару туралы міндеттеме) немесе олардың көшірмелері;
- орындауға жататын, мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысы хабарламасының сот растаған көшірмелері қоса берілген атқару парағы; - азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған мәмілелер шарттары, куәліктер, мүлікті мұрагерлікке алу құқығы туралы құжаттар;
7) Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне (бұдан әрі - 018/2011 КО ТР)
17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті:
жеке тұлғалар Кеден одағы/Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – КО/ЕЭО) бірыңғай кеден аумағына өз қажеттіліктері үшін әкелетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан көп уақыт өткен жағдайда, бұрын КО/ЕЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттерде жол жүрісіне қатысқан, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына әкелінетін көлік құралдарын заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеген кезде;
жеке және заңды тұлғалар айналымға шығарылғанға дейін конструкциясына жеке тәртіппен өзгерістер енгізілген, сериялық өндіріс жағдайындағы; немесе сериялық өндірістен тыс жеке тәртіппен құрастыру жиынтығынан немесе жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын; немесе бұрын мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілгендер қатарынан айналымға шығарылған көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;";
8) базалық көлік құралын дайындаушының рұқсаты, базалық көлік құралын дайындаушылардың конструкцияға өзгерістер енгізудің тиісті түріне арналған ресми технологиялық құжаттары, ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен келісілген, белгіленген тәртіппен бекітілген конструкторлық құжаттама, көлік құралының шассиін, рамасын немесе тірек шанағын ауыстыруға байланысты пайдаланудағы және Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында тіркелген көлік құралын мемлекеттік тіркеу кезінде қарап тексеру нәтижелері бойынша ІІО уәкілетті қызметкері осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес шығарған қорытынды;
9) пайдаланудағы және қайта жабдықталуына байланысты Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тіркелген көлік құралын мемлекеттік тіркеген кезде 018/2011 КО ТР 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті;
10) 018/2011 КО ТР 14 және 15-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көлік құралының түрін мақұлдауды, көлік құралы шассиінің түрін мақұлдауды: - көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан аз уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүшелері болып табылмайтын елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
- жеке және заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүше елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде ұсынылады;
11) жеке басты куәландыратын құжаттар, мекенжай анықтамасы туралы, заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтама немесе куәлік туралы, баждар мен алымдар төленгені туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген кезде), мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын көлік құралына салық төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Азаматтар ЭҮП арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы мен көлік құралы бойынша деректемелік және сәйкестендіру деректері қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелерден сұратылады. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) белгіленген баждар мен алымдарды төлеу ЭҮП арқылы жүзеге асырылады.
Қызмет алушылар ЭҮП арқылы жүгінген кезде:
1) көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген кеңейтілген міндеттемелерді орындауын растайтын құжаттар.
2) сканерленген техникалық құжат;
3) Қазақстан Республикасына кері әкету туралы міндеттемемен әкелінген көлік құралының КҚТК және/немесе тіркеу құжаттарының, МТНБ-ның сканерленген көшірмелері, олардың түпнұсқалары тапсыруға жатады;
4) заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлінісіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы, осы ұйымның мөрімен куәландырылған (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) бұйрығы (өкімі);
5) көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын сканерленген құжат, оларға:
- кедендік ресімдеуден өтуін растайтын құжаттар (кеден декларациясы, кедендік кіріс ордері), уақытша кіргізген жағдайларда кері шығару туралы міндеттеме;
- сот куәландырған орындалуы тиіс сот шешімінің, қаулысының, мемлекеттік органның әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасының көшірмелері қоса берілген атқару парағы;
- азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған келісімшарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
6) 018/2011 КО ТР 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы сканерленген куәлікті:
- жеке тұлғалар КО/ЕЭО бірыңғай кеден аумағына өз қажеттіліктері үшін әкелетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
- көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан көп уақыт өткен жағдайда, бұрын КО/ЕЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттерде жол жүрісіне қатысқан, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына әкелінетін көлік құралдарын заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеген кезде;
- жеке және заңды тұлғалар айналымға шығарылғанға дейін конструкциясына жеке тәртіппен өзгерістер енгізілген, сериялық өндіріс жағдайындағы немесе сериялық өндірістен тыс жеке тәртіппен құрастыру жиынтығынан немесе жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын немесе бұрын мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілгендер қатарынан айналымға шығарылған көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
7) пайдаланудағы және қайта жабдықталуына байланысты Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тіркелген көлік құралын мемлекеттік тіркеген кезде 018/2011 КО ТР 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сканерленген куәлікті;
8) 018/2011 КО ТР 14 және 15-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша:
көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан аз уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар КО/ЕЭО мүшелері болып табылмайтын елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан кем уақыт өткен жағдайда, КО/ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын КҚ заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеген кезде;
КО/ЕАЭО мүше елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын заңды және жеке тұлғалар мемлекеттік тіркеген кезде көлік құралының түрін мақұлдауды, көлік құралы шассиінің түрін мақұлдауды.
Жаңа МТНБ мен КҚТК алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға: жеке басты куәландыратын құжатты ұсынады, сондай-ақ бұрынғы КҚТК мен МТНБ (олар болған жағдайда) тапсырады.

      ";

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Өтініштер қабылдаудан бас тарту үшін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Құжаттарды қабылдау кезінде Мемкорпорация қызметкері:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкім) бар;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулыларды және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттігі туралы Нұсқаманы оларды орындағанға дейін ұсынады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкім) бар;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.
6) КҚ пайдалануға тыйым салулар мен шектеулердің болуы;
7) терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген адамның көлік құралдарын тіркеу органына жүгінуі;
8) иесі (немесе оның өкілі) және (немесе) көлік құралы іздестіруде болған жағдайда;
9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулыларды және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттігі туралы Нұсқаманы оларды орындағанға дейін ұсынады;
10) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі болмаған жағдайда.

      ";

      8-қосымшада:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз.

      ";

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Өтініштерді қабылдаудан бас тарту үшін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік корпорация құжаттарды қабылдамайды және мемлекеттік қызмет көрсетуге:
1) тиісті өтінімді қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған немесе толық көлемде ұсынбаған, сондай-ақ оқылмайтын, қарындашпен орындалған, түзетулері, қосып жазылулары, сызылған сөздері, сондай-ақ ескертілмеген түзетулері бар құжаттарды ұсынған;
2) көлік құралы меншік иесінің мүдделерін білдіруге өкілеттігі жоқ адам Мемкорпорацияға жүгінген;
3) ақпараттық жүйелерде мемлекеттік баж төленгені туралы мәліметтер болмаған;
4) жүгінген адамда айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулы және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама болған жағдайда, оларды орындағанға дейін мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдамайды және өтінімді қалыптастырмайды.
Көрсетілетін қызметті беруші:
1) көлік құралдарын пайдалануға тыйым салулар мен шектеулер болған;
2) терроризм мен экстремизді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген адам көлік құралдарын тіркеу органына жүгінген;
3) иесі (немесе оның өкілі) және (немесе) көлік құралы іздестіруде болған кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады;
4) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі болмаған жағдайда.

      ";

      осы бұйрыққа қағидаларға сәйкес 12-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларында:

      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 073/е нысан бойынша берілген, көлік басқаруға жіберу туралы медициналық анықтама;";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Практикалық емтихан тиісті санаттардағы көлік құралдарымен жарақталған және жүргізу нәтижелерін автоматты түрде есептейтін мамандандырылған құрылғылармен жабдықталған автоматтандырылған автодромда жүзеге асырылады.

      Автоматтандырылған автодром болмаған және ол бұзылған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланының білім беру мекемелеріндегі жергілікті әскери басқару органдарының жолдамалары бойынша "С", "С1" санаттарындағы және "С1", "D1" кіші санатындағы механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін кейіннен оларды жүргізуші құрамы лауазымдарына мерзімді әскери қызметке шақыру үшін даярлау бағдарламасы бойынша оқыған азаматтар үшін Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарында практикалық емтиханды емтихан комиссиясы қабылдайды. Практикалық емтиханды қабылдау жөніндегі емтихан комиссиясы кемінде үш адамнан тұрады:

      1) жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның қызметкері (комиссияның төрағасы, комиссия мүшелері);

      2) оқу, кәсіби бірлестіктердің және қоғамдық ұйымдардың өкілі (комиссия мүшелері);

      3) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері (комиссия мүшелері).

      Емтихан комиссиясының құрамына емтихан тапсыратын топты дайындауды жүзеге асырған оқытушыны немесе автомобиль жүргізу бойынша өндірістік оқыту шеберін кіргізуге жол берілмейді.";

      106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "106. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемкорпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемкорпорация басшысының атына беріледі.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, ЭҮП арқылы электронды түрде не көрсетілетін қызметті берушінің, ІІО немесе Мемкорпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ІІО-ның кеңсесінде шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемкорпорация қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемкорпорация басшысының атына беріледі.

      Қолма-қол, сондай-ақ пошта арқылы келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның Мемкорпорацияда қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошта мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      14-қосымшада:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электронды (ішінара автоматтандырылған / қағаз.

      ";

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Өтініштер қабылдаудан бас тарту үшін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік корпорация:
1) тиісті өтінімді қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған немесе толық көлемде ұсынбаған, сондай-ақ оқылмайтын, қарындашпен орындалған, түзетулері, қосып жазылулары, сызылған сөздері, сондай-ақ ескертілмеген түзетулері бар құжаттарды ұсынған;
2) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіруге өкілеттігі жоқ адам Мемкорпорацияға жүгінген;
3) ақпараттық жүйелерде мемлекеттік баж төленгені туралы мәліметтер болмаған;
4) жүгінген адамда айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулы және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама болған жағдайда, оларды орындағанға дейін мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдамайды және өтінімді қалыптастырмайды.
Көрсетілетін қызметті беруші:
1) көлік құралдарын басқаруға тыйым салулар мен шектеулер болған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризм мен экстремизді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген адам көлік құралдарын тіркеу органына жүгінген;
3) иесі (немесе оның өкілі) іздестіруде болған кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады;
4) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі болмаған жағдайда.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2022 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 764 бұйрығымен
бекітілген
  Көлік құралының сәйкестендіру
нөмірі бойынша көлік
құралдарының жекелеген
түрлерін мемлекеттік тіркеу
және есепке алу қағидаларына
бұйрығына қосымша

      Нысан

      00 № ____

      (өңір коды) (реттік нөмірі)

Көлік құралын қарап тексеру актісі

      20__ жылғы "___"______________

      Мемлекеттік тіркеу нөмірі_____________________________________

      Сәйкестендіру нөмірі (VIN)____________________________________

      Маркасы, моделі ______________________________________________

      Дайындаушы кәсіпорын__________________________________________

      КҚ түрі ___________________ КҚ санаты_________________________

      Шығарылған жылы ____________ Шасси (рама) нөмірі _____________

      Шанақ нөмірі _________________________________________________

      Түсі _________________________________________________________

      Сериясы ________ №_______________________________________________

      (көлік құралын сәйкестендіретін құжат)

      Сериясы ________ № ______________________________________________

      (меншік құқығын растайтын құжат)

      ___________________________________________________________тиесілі

      (заңды тұлғаның атауы) (иесінің Т.А.Ә (болған жағдайда)

      ______________________________________________________________

      Иесінің тіркелген жерінің мекенжайы ________________________________

      _________________________________________________________________

      Сенім білдірілген адам________________________________________

      (Т.А.Ә (болған жағдайда), мекенжайы, сенімхат нөмірі, сериясы, кім, қашан берген)

      _________________________________________________________________

      Қарап тексеру жүргізген ІІО лауазымды адамы:

      _________________________________________________________________

      (қарап тексеру жүргізген лауазымды адамның лауазымы, бөлінісі, атағы, Т.А.Ә (болған жағдайда)

      _______________________________________________________________

      Анықталған техникалық ақаулар_________________________________

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

Көлік құралының жалпы сипаттамасы

      (жеңіл автомобильдің рамасын, шассиін, шанағын, негізгі шанағын ауыстырған жағдайда толтырылады)


Базалық көлік құралы

Жеңіл автомобильдің рамасын, шассиін, шанағын, негізгі шанағын ауыстырғаннан кейін

Дөңгелек формуласы/негізгі дөңгелектер



Көлік құралын жинақтау сызбасы



Шанақ түрі/есіктердің саны
(М1 санаты үшін)



Тиеу кеңістігін толтыру (N санаты үшін)



Кабина (для категории N)



Жолаушылар сыйымдылығы
(M2, M3 санаттары үшін)



Жүксалғыштардың жалпы көлемі (M3 санаты үшін, класс III)



Отыруға арналған орындардың саны (M2, M3, L санаттары үшін)



Рама (L санаты үшін)



ось/дөңгелектер саны (санат үшін)



Жабдықталған күйдегі көлік құралының массасы, кг



Көлік құралының техникалық рұқсат етілген ең жоғарғы массасы, кг



Габариттік өлшемдері, мм



- ұзындығы



- ені



- биіктігі



- базасы, мм



Алдыңғы/артқы дөңгелектердің колеясы, мм



Қозғалтқыш (маркасы, түрі)



- цилиндрлердің саны мен орналасуы



цилиндрлердің жұмыс көлемі, см3



отын



Беріліс қорабы (маркасы, түрі)



Рульдік басқару (орналасуы, маркасы, түрі)



      Қорытынды:_______________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (қарап тексеру жүргізген лауазымды адамның қолы, бөліністің мөрі)