БҰЙЫРАМЫН:
1. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 № 260 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде қалыптастырылатын құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 983 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12886 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде қалыптастырылатын құжаттардың нысандары бекітілсін:";
2-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің ______________ бойынша департаменті
Департамент Комитета труда и социальной защиты по __________";
3-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің ______________ бойынша департаменті
Департамент Комитета труда и социальной защиты по __________";
4-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің ______________ бойынша департаменті
Департамент Комитета труда и социальной защиты по __________";
5-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің ______________ бойынша департаменті
Департамент Комитета труда и социальной защиты по __________";
6-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің ______________ бойынша департаменті
Департамент Комитета труда и социальной защиты по __________";
7-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің ______________ бойынша департаменті
Департамент Комитета труда и социальной защиты по __________".
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Д.Оспановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 381 бұйрығына қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 № 260 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.