БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/106 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10494 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 615 Бұйрығына қосымша |
Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі
№ | Жануарлардың түрлері |
1 | 2 |
Су жануарлары: | |
1 | Қортпа |
2 | Орыс бекiресi |
3 | Шоқыр |
4 | Пiлмай (арал және іле популяциясынан басқасы) |
5 | Сүйрiк |
6 | Бадырақкөздi қарынсау |
7 | Каспий теңіз майшабағы, бражников майшабағы |
8 | Каспий өтпелі майшабағы, қара жон |
9 | Жұмырбасты қарынсау |
10 | Майқап |
11 | Көкшұбар |
12 | Парсы бекіресі |
13 | Пайдабалық |
14 | Бадырақкөздi тюлькасы |
15 | Каспий қарынсауы |
16 | Сiбiр хариусы |
17 | Кефаль, сингиль |
18 | Шортан |
19 | Торта |
20 | Тұрпан |
21 | Аққайран |
22 | Ақ амур |
23 | Ақмарқа |
24 | Қызыл қанат |
25 | Балпанбалық |
26 | Қырлықұрсақ |
27 | Оңғақ |
28 | Едiл қызылкөзi |
29 | Кәдiмгi шармай |
30 | Қабыршақсыз көкбас |
31 | Майбалық |
32 | Табан |
33 | Қылышбалық |
34 | Алтын түсті мөңке |
35 | Сазан (тұқы) |
36 | Ақ дөңмаңдай |
37 | Шұбар дөңмаңдай |
38 | Кәдімгі жайын |
39 | Нәлiм |
40 | Қабыршақты көкбас |
41 | Балқаш алабұғасы (балқаш-іле популяциясынан басқа) |
42 | Кәдімгі көксерке |
43 | Берш |
44 | Атлант майшабағы |
45 | Үлкенауызды буффало |
46 | Түйетабан |
47 | Ұзынсаусақты шаян (түркістандық түршесінен басқасы) |
48 | Анчоустектес тюлькасы (майшабақ) |
49 | Қара теңіз каспий тюлькасы |
50 | Құбылмалы бахтах (микижа) |
51 | Айнакөз |
52 | Көктыран |
53 | Өзен алабұғасы |
54 | Марқакөл майқабы |
55 | Теңіз көксеркесі |
56 | Кәдімгі ақсаха |
57 | Сүйіртұмсықты кефаль |
58 | Қаракөз |
59 | Балқаш шармайы |
60 | Күміс түстес мөңке |
61 | Тұрпа |
62 | Кәдімгі таутан |
63 | Артемия жұмыртқалары (циста) |
64 | Гаммарус |
65 | Сүліктер |
66 | Дафния |
67 | Күтім |
Сүт қоректілер | |
1 | Жанат тәрізді ит |
2 | Қарсақ |
3 | Түлкі |
4 | Қоңыр аю (Тянь-Шань аюынан басқасы) |
5 | Жанат |
6 | Бұлғын |
7 | Құну |
8 | Сарғыш күзен |
9 | Ақ қалақ |
10 | Ақкіс |
11 | Сары күзен |
12 | Сасық күзен |
13 | Американ су күзені |
14 | Борсық |
15 | Кәмшат (ортаазиялықтан басқасы) |
16 | Сілеусін (түркістандықтан басқасы) |
17 | Қабан |
18 | Құдыр |
19 | Өзен құндызы |
20 | Сібір елігі |
21 | Марал |
22 | Аскания бұғысы |
23 | Бұлан |
24 | Киік |
25 | Сібір тау ешкісі |
26 | Кәдімгі тиін |
27 | Зорман |
28 | Байбақ немесе дала суыры |
29 | Сұр суыр немесе алтай-тянь-шань суыры |
30 | Ұзын құйрықты немесе қызыл суыр |
31 | Ондатра немесе су тышқан |
32 | Құм қоян |
33 | Ор қоян |
34 | Ақ қоян |
Құстар: | |
1 | Қызыл жемсаулы гагара |
2 | Қара жемсаулы гагара |
3 | Сұр қаз |
4 | Ақмаңдайлы қаз |
5 | Қырманқаз |
6 | Отүйрек |
7 | Сарыалақаз |
8 | Барылдауық |
9 | Ысылдақ шүрегей |
10 | Қырылдақ шүрегей |
11 | Боз үйрек |
12 | Сары айдар үйрек |
13 | Қылқұйрық |
14 | Даурықпа шүрегей |
15 | Жалпақ тұмсық |
16 | Қарашақаз |
17 | Қызғыш |
18 | Көк сүңгуір |
19 | Қызылбас сүңгуір |
20 | Айдарлы сүңгуір |
21 | Айдарсыз сүңгуір |
22 | Ұшқыр үйрек |
23 | Сусылдақ |
24 | Айдарлы үйрек |
25 | Қара тұрпан |
26 | Кіші бейнарық |
27 | Секпілтес бейнарық |
28 | Бейнарық |
29 | Аққұр |
30 | Тундра аққұры |
31 | Құр |
32 | Саңырау құр |
33 | Сұр құр |
34 | Гималай ұлары |
35 | Кекілік |
36 | Дала шілі |
37 | Шіл |
38 | Сақалды шіл |
39 | Бөдене |
40 | Қырғауыл |
41 | Қасқалдақ |
42 | Дыркептер |
43 | Түзкептер |
44 | Көк кептер |
45 | Құз кептер |
46 | Кәдімгі түркептер |
47 | Үлкен түркептер |
48 | Күжіркей |
49 | Шаушалшық |
50 | Тауқұдырет |
51 | Орман маңқысы |
52 | Ауылдақ тауқұдіреті |
53 | Тау маңқысы |
54 | Маңқы |
55 | Жылқышы |
56 | Үлкен шалшықшы |
57 | Қасқа шалшықшы |
58 | Үлкен шырғалақ |
59 | Кіші шырғалақ |