БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы №561 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19669 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасында:
13-тармақтын екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тағылымдамадан өту туралы қорытынды оны бекіткеннен кейін екі жыл ішінде жарамды болып табылады.".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. |
А. Мадалиев |