Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 736 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қыркүйекте № 29407 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
К. Мусин

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2022 жылғы 31 тамыздағы
№ 736 Бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін

      1. "Апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17324 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-1-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2-тармағына, "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      осы бұйрықпен бекітілген Апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларында:

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Селекциялық жетістіктер туралы заң), "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Патент заңы), "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Тауар таңбалары туралы заң) және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі –Интегралдық микросхемалары туралы заң) сәйкес әзірленді және қарсылықтарды апелляциялық кеңесте қараудың тәртібін белгілейді.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Апелляциялық кеңес – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы алқалы орган;

      2) қорғау құжаттары – Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңдарына сәйкес берілетін құжаттар (өнертабыстарға патент, өнеркәсіптік үлгілерге, пайдалы модельдерге, тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына, тауар шығарылған жердің атауына куәліктер, селекциялық жетістіктерге патенттер);

      3) Мадрид келісімі – 1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі;

      4) Мадрид келісіміне хаттама – 1989 жылғы 28 маусымдағы Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттама;

      5) өнеркәсіптік меншік объектілері – өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылған жердің атаулары, селекциялық жетістіктер;

      6) өтініш беруші - Апелляциялық кеңес қарсылық берген тұлға;

      7) патенттік сенім білдірілген өкіл – Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары білімі, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен, аттестаттаудан өткен және патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінде тіркелген, әрекетке қабілетті азаматы.

      8) сараптама ұйымы – "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегі комитетiнiң Ұлттық санаткерлiк меншiк институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 шелдедегі № 756 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы;

      9) тараптар – Апелляциялық кеңесте қарсылықтарды қарауға қатысатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

      10) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

      3. Апелляциялық кеңеске мынадай:

      1) сараптама ұйымының тауар белгісін тіркеуден бас тарту, оның ішінде Мадрид келісіміне хаттаманың 5-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес мәлімделген тауар белгісіне құқықтық қорғауды беруден бас тарту туралы шешімдеріне;

      2) сараптама ұйымының тауар шығарылған жердің атауын және географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын тіркеуден және (немесе) табыстаудан бас тарту туралы шешімдеріне;

      3) тауар белгісін, оның ішінде Мадрид келісіміне хаттаманың 5-бабының 6-тармағына сәйкес тіркеуге;

      4) тауар шығарылған жердің атауын және географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын тіркеуге және (немесе) табыстауға;

      5) сараптама ұйымының өнертабысқа патент беруден бас тарту туралы шешіміне;

      6) сараптама ұйымының селекциялық жетістікке патент беруге арналған өтінімді қараудан бас тарту туралы шешімдеріне;

      7) сараптама ұйымының селекциялық жетістікке патент беруден бас тарту туралы шешімдеріне қарсылықтар беріледі;

      8) сараптама ұйымының пайдалы модельге патент беруден бас тарту туралы шешіміне;

      9) сараптама ұйымының өнеркәсіп үлгісіне патент беруден бас тарту туралы шешіміне;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Өтініш берушінің, құқық иеленушінің өкілі ретінде патенттік сенім білдірілген өкіл зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен іс жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен іс жүргізуді өтініш беруші және (немесе) құқық иеленуші де дербес жүзеге асыра алады.

      Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар уәкілетті органда және оның ұйымдарында өзінің өтініш беруші, тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің иесі құқықтарын және географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ оның шегінен тысқары жерде уақытша жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде хат алмасу үшін мекенжайын көрсеткен кезде патенттік сенім білдірілген өкілсіз өзінің өтініш беруші, тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің иесі құқықтарын және географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға құқықтарын жүзеге асыра алады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қарсылықтар Апелляциялық кеңеспен олардың келіп түскен күнінен бастап төрт ай ішінде қаралады.

      Осы Қағидалардың 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген қарсылықтар Апелляциялық кеңеспен олардың келіп түскен күнінен бастап алты ай ішінде қаралады.

      Осы Қағидалардың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қарсылықтар Апелляциялық кеңеспен олардың келіп түскен күнінен бастап төрт ай ішінде қаралады.

      Осы Қағидалардың 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген қарсылықтар Апелляциялық кеңеспен олардың келіп түскен күнінен бастап үш ай ішінде қаралады.

      Осы Қағидалардың 3-тармағының 7) тармақшада көрсетілген қарсылықтар Апелляциялық кеңеспен олардың келіп түскен күнінен бастап үш ай ішінде қаралады;

      Осы Қағидалардың 3-тармағының 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген қарсылықтар Апелляциялық кеңеспен олардың келіп түскен күнінен бастап екі ай ішінде қаралады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Селекциялық жетістіктер туралы заңның 22-3-бабының 3-тармағына, Патент заңының 32-2-бабының 3-тармағына және Тауар таңбалары туралы заңның 41-2-бабының 3-тармағына сәйкес қарсылықты қарау мерзімі үш айға дейін, оның ішінде өтініш берушінің жазбаша өтініші бойынша ұзартылады.

      Апелляциялық кеңестің отырыстары күндізгі (немесе) және қашықтық форматта өткізіледі.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Апелляциялық кеңес отырыс өткізілетін күнді мынадай:

      1) тараптар, қарсылықты өзінің қатысуынсыз қарау туралы өтінішхатын берген жағдайды қоспағанда, келмеген;

      2) өтініш беруші қосымша дәлелдемелерді ұсыну үшін уақыттың қажеттігі туралы өтінішхат берген.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      25. Қабылданған шешім қарсылықты қарауға қатысқан адамдарға ол шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жіберіледі. Апелляциялық кеңестің шешімі жазбаша нысанда баяндалады және ол кіріспе, сипаттау, уәждеу және қарар бөліктерінен тұрады.

      Шешімге апелляциялық кеңестің барлық мүшелері қол қояды.".

      2. "Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1318 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17323 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      осы бұйрықпен бекітілген Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ережесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Тауар таңбалары туралы заң) 18-1-бабына сәйкес әзірленді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің алқалы органы;

      2) патенттік сенім білдірілген өкіл – Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары білімі, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен, аттестаттаудан өткен және патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінде тіркелген, әрекетке қабілетті азаматы;

      3) сараптама ұйымы – "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегі комитетiнiң Ұлттық санаткерлiк меншiк институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 шелдедегі № 756 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы;

      4) тараптар - тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану туралы өтініш берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар, сондай-ақ патенттік сенім білдірілген өкілдер;

      5) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік).";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Комиссияның жұмыс органының функциялары Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы департаментінің Өнеркәсіптік меншік басқармасына жүктеледі.".

      3. "Аттестаттау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17326 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      осы бұйрықпен бекітілген Аттестаттау комиссиясы туралы ережесінде:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Аттестаттау комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Селекциялық жетістіктер туралы заң), "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Патент заңы), "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Тауар таңбалары туралы заң) және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Интегралдық микросхемалары туралы заң) сәйкес әзірленді және аттестация өткізу бойынша комиссиясының қызметін айқындайды (бұдан әрі – Комиссия).

      2. Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) аттестаттау комиссиясы - уәкілетті органның Аттестаттау комиссиясы;

      2) сараптама ұйымы – "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегі комитетiнiң Ұлттық санаткерлiк меншiк институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 шелдедегі № 756 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы;

      3) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Аттестаттау комиссиясы хаттамалық шешімімен:

      1) Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметін:

      патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берілген өтініші негізінде;

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынған адамдарға, уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне;

      Селекциялық жетістіктер туралы заңның 22-6-бабының 1-тармағында, Патент заңының 36-2-бабының 1-тармағында, Тауар таңбалары туралы заңының 46-2-бабының 1-тармағында, Интегралдық микросхемалары туралы заңның 15-2-бабының 1-тармағында көзделген мән-жайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясы тиісті шешім қабылдағанға дейін үш ай бойы тоқтатыла тұрады.

      Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі оның қызметін тоқтата тұруға себеп болған негіздер жойылған жағдайда, аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен қайта басталады.

      2) патенттік сенiм білдірілген өкілді:

      патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берілген жеке өтініші негізінде;

      Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;

      патенттік сенiм білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс болған жағдайда;

      патенттік сенiм білдірілген өкіл қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі күшіне енген кезде;

      патенттік сенiм білдірілген өкіл қайтыс болған немесе ол хабарсыз кетті деп танылған не қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;

      патенттік сенiм білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған жағдайда;

      жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдарын, сондай-ақ патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау нәтижелері бойынша шығарылады.".

      4. "Тауар белгілерін мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде айрықша құқықтарды беру, тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17331 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      осы бұйрықпен бекітілген Тауар белгілерін мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде айрықша құқықтарды беру, тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тауар белгілерін мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде айрықша құқықтарды беру, тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі – Мемқызметтер туралы заң) сәйкес әзірленген және тауар белгілерінің мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде айрықша құқықтарды беру, тауар белгісін пайдалануға құқық беру тәртібін белгілейді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы қағиданың 1-қосымшасындағы "Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі – тізбе) 8-тармағында көрсетілген қосымша құжаттарымен осы қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат түріндегі өтініштерді көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жолдайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі тізбеде келтірілген.

      Төлем қолма-қол ақшасыз аударым тәсілімен көрсетілетін қызметті берушінің "newscab.kazpatent.kz" ақпараттық жүйесімен түйістірілген екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы, осы қағидаларының 4-қосымшасында (бұдан әрі - 4-қосымша) көрсетілген банктік ревизиттер бойынша жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы жіберген кезде, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұранысты қабылдау күйі автоматты түрде "жеке кабинетте" көрсетіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті беруші Мемқызметтер туралы заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      Осы Қағидаларға өзгерістер немесе (және) толықтырулар енгізу кезінде, уәкілетті орган "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникацялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, көрсетілген қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.".

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы қағидалардың 7-қосымшасындағы "Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі – тізбе) 8-тармағында көрсетілген қосымша құжаттарымен осы қағидалардың 8, 9 және 10-қосымшаларына сәйкес ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат түріндегі өтініштерді көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жолдайды.";

      12-тармақтың бірінші бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі тізбеде келтірілген.";

      1-қосымша осы тізбенің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы тізбенің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы тізбенің 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5-қосымша осы тізбенің 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      7-қосымша осы тізбенің 5-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      11-қосымша осы тізбенің 6-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      12-қосымша осы тізбенің 7-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
кейбір бұйрықтарына
енгізілген өзгерістерге
2022 жылғы 31 тамыздағы
№ 736
1-қосымша
  Тауар белгілерін мемлекеттiк
тіркеу тiзiлiмiнде айрықша
құқықтарды беру, тауар
белгісін пайдалануға құқық
беру туралы қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

"Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "ҰЗМИ" ШЖҚ РМК).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Тауар белгісіне айрықша құқықты беруді тіркеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

"Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңның 3-1 бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін және уәкілетті органның adilet.gov. kz және мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің www. kaz pate nt. kz ресми сайттарында орналастырылған тауар белгілерін қорғау саласындағы қызметтерге және бағаларға сәйкес ақылы негізде көрсетіледі. Төлем қолма-қол ақшасыз аударым тәсілімен көрсетілетін қызметті берушінің "newscab.kazpatent.kz" ақпараттық жүйесімен түйістірілген екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.
Портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жұмыс істейді (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы қағиданың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша өзгеге беру/ішінара беру шарты бойынша тауар таңбасына айрықша құқықты беруді тіркеу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғаның электрондық нысандағы өтініштері;
2) тауар таңбасын пайдалануға айрықша құқықты беру туралы шарттың электрондық көшірмесі немесе шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) ұлттық көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда, қорғау құжаты немесе айрықша құқықтар иесінің басқару органдары немесе құрылтайшылардың/акционерлердің жалпы шешімімен шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі бойынша шешімінің электрондық көшірмесі;
4) сенімхаттың электрондық көшірмесі егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш өкіл арқылы берілсе.
Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) объектіге айрықша құқықтың тоқтатылған қолданылу мерзімін қалпына келтіру мерзімінің аяқталуы;
2) тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздерді жою үшін мерзімнің өтуі;
3) шарттың тарапы болып табылмайтын тұлғадан тіркеу туралы өтінішті алу;
4) лицензиялық шартты немесе оған қосымша келісімді тіркеудің болмауы;
5) тараптың объектіні пайдалану құқығын беруге кедергі келтіретін қабылданған міндеттемелердің болуы;
6) тауар таңбасына құқық берілген жағдайда тауарға немесе оны дайындаушыға қатысты жаңылыстыруға;
7) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайда жол берілмейді.
Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін негіздер болған жағдайда, бірақ көрсетілетін қызметті берушімен қалпына келтірілуі мүмкін көрсетілетін қызметті алушыға жіберілген күннен бастап үш ай ішінде болмаған немесе түзетілген құжаттарды ұсынуға не болмаса тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге хабарлама жолданады. Бұл жағдайда құжаттарға тексеру жүргізу мерзімі болмаған немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның www. adilet. gov. kz және көрсетілетін қызметті берушінің www. kaz pate nt. kz интернет-ресурстарында көрсетілген.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
кейбір бұйрықтарына
енгізілген өзгерістерге
2-қосымша
  Тауар белгілерін мемлекеттiк
тіркеу тiзiлiмiнде айрықша
құқықтарды беру, тауар белгісін
пайдалануға құқық беру
туралы қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      ____________________________________________________________________

      2. Иеленуші (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) /

      заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы):

      ___________________________________________________________________

      3. Құқықтық мирасқор (жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы):

      ____________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      ____________________________________________________________________

      5. Хат алмасу үшін мекенжайы және байланыс телефондары:

      ____________________________________________________________________

      6. Өтініш беруші "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісемін.

      Т.А.Ә. ________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ___ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі ___ парақта ___ данада;

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;

      Басқа құжат (көрсету).

      Күні

      ЭЦҚ (Т.А.Ә.)

      Рөлі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
кейбір бұйрықтарына
енгізілген өзгерістерге
3-қосымша
  Тауар белгілерін мемлекеттiк
тіркеу тiзiлiмiнде айрықша
құқықтарды беру, тауар белгісін
пайдалануға құқық беру
туралы қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Айрықша құқықты ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеу туралы ӨТІНІШ

      Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау құжаттарына) қатысты айрықша құқықты ішінара басқаға беру шарты бойынша беруді тіркеуді сұраймын.

      1. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) мен нөмірі (нөмірлері):

      ____________________________________________________________________

      2. Иеленуші (жеке тұлғаның Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы):

      ____________________________________________________________________

      3. Құқықтық мирасқор (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы, заңды мекенжайы):

      ____________________________________________________________________

      4. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің басқа өкілі:

      ____________________________________________________________________

      5. Берілетін құқықтардың шартпен көзделген көлемі:

      ____________________________________________________________________

      6. Хат алмасу үшін мекенжайы және байланыс телефондары:

      ____________________________________________________________________

      7. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісемін.

      Т.А.Ә. _________________________

      Қосымшалар:

      Шарт ___ парақта;

      Өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат көшірмесі ___ парақта ___ данада;

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжат;

      Басқа құжат (көрсету).

      Күні

      ЭЦҚ (Т.А.Ә.)

      Рөлі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
кейбір бұйрықтарына
енгізілген өзгерістерге
4-қосымша
  Тауар белгілерін мемлекеттiк
тіркеу тiзiлiмiнде айрықша
құқықтарды беру, тауар
белгісін пайдалануға құқық
беру туралы қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

      Шарттың тіркеу нөмірі:

      Шартты тіркеу күні:

      Патент иеленуші:

      Құқықтық мирасқор:

"Тауар таңбасына, селекциялық жетістікке, өнеркәсіптік меншік объектісіне, сондай-ақ интегралдық микросхема топологиясына айрықша құқықты беруді тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету туралы ХАБАРЛАМА

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының _ бабының _ тармағына сәйкес № _ тауар таңбасына құқықтарды басқаға беру шарты (ішінара) бойынша айрықша құқықты беру Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде тіркелгенін хабарлайды.

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
кейбір бұйрықтарына
енгізілген өзгерістерге
5-қосымша
  Тауар белгілерін мемлекеттiк
тіркеу тiзiлiмiнде айрықша
құқықтарды беру, тауар
белгісін пайдалануға құқық
беру туралы қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

"Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "ҰЗМИ" ШЖҚ РМК).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Тауар белгісіне пайдалану құқығын беруді тіркеу туралы хабарламаны жіберу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

"Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңның 3-1 бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін және уәкілетті органның adilet.gov.kz және мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің www.kazpatent.kz ресми сайттарында орналастырылған тауар белгілерін қорғау саласындағы қызметтерге және бағаларға сәйкес ақылы негізде көрсетіледі.
Төлем қолма-қол ақшасыз аударым тәсілімен көрсетілетін қызметті берушінің "newscab.kazpatent.kz" ақпараттық жүйесімен түйістірілген екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы, жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.
Портал жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы жұмыс істейді (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы қағидалардың 8, 9 және 10-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша лицензиялық шарт, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты немесе лицензиялық шарттың электрондық түрдегі талаптарын қамтитын өзге шарт бойынша селекциялық жетістікті пайдалану құқығын беруді тіркеу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері;
2) тауар таңбасын пайдалану құқығын беру туралы шарттың электрондық көшірмесі немесе шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) ұлттық көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда, қорғау құжаты немесе айрықша құқықтар иесінің басқару органдары немесе құрылтайшылардың/акционерлердің жалпы шешімімен шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі бойынша шешімінің электрондық көшірмесі;
4) сенімхаттың электрондық көшірмесі егер мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш өкіл арқылы берілсе.
Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) объектіге айрықша құқықтың тоқтатылған қолданылу мерзімін қалпына келтіру мерзімінің аяқталуы;
2) тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздерді жою үшін мерзімнің өтуі;
3) шарттың тарапы болып табылмайтын тұлғадан тіркеу туралы өтінішті алу;
4) лицензиялық шартты немесе оған қосымша келісімді тіркеудің болмауы;
5) Тараптың объектіні пайдалану құқығын беруге кедергі келтіретін қабылданған міндеттемелердің болуы;
6) тауар таңбасына құқық берілген жағдайда тауарға немесе оны дайындаушыға қатысты жаңылыстыруға жол берілмейді;
7) Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайда жол берілмейді.
Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін негіздер болған жағдайда, бірақ көрсетілетін қызметті берушімен қалпына келтірілуі мүмкін көрсетілетін қызметті алушыға жіберілген күннен бастап үш ай ішінде болмаған немесе түзетілген құжаттарды ұсынуға не болмаса тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге хабарлама жолданады. Бұл жағдайда құжаттарға тексеру жүргізу мерзімі болмаған немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның www.adilet.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.kazpatent.kz интернет-ресурстарында көрсетілген.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
кейбір бұйрықтарына
енгізілген өзгерістерге
6-қосымша
  Тауар белгілерін мемлекеттiк
тіркеу тiзiлiмiнде айрықша
құқықтарды беру, тауар
белгісін пайдалануға құқық
беру туралы қағидаларына
11-қосымша

      Нысан

      Шарттың тіркеу нөмірі:

      Шартты тіркеу күні:

      Лицензиар (Қосалқы лицензиар):

      Лицензиат (Қосалқы лицензиат):

"Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету туралы ХАБАРЛАМА

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының _ бабының _ тармағына сәйкес № _ тауар таңбасын пайдалануға арналған лицензиялық шарт бойынша айрықша (қосалқы) лицензия беру (бермеу) Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде тіркелгенін хабарлайды.

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
кейбір бұйрықтарына
енгізілген өзгерістерге
7-қосымша
  Тауар белгілерін мемлекеттiк
тіркеу тiзiлiмiнде айрықша
құқықтарды беру, тауар
белгісін пайдалануға құқық
беру туралы қағидаларына
12-қосымша

      Нысан

      Шарттың тіркеу нөмірі:

      Шартты тіркеу күні:

      Кешенді лицензиар (Қосалқы лицензиар):

      Кешенді лицензиат (Қосалқы лицензиат):

"Тауар таңбасын, селекциялық жетістікті, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн, сондай-ақ интегралдық микросхеманың топологиясын пайдалану құқығын беруді тіркеу" мемлекеттік қызметтін көрсету туралы ХАБАРЛАМА

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының _ бабының _ тармағына сәйкес № _ тауар таңбасын (ларды) пайдалануға айрықша лицензия беру (бермеу) туралы кешенді кәсіпкерлік (қосалқы) лицензия шарты Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде тіркелгенін хабарлайды.

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)