БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мелекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10420 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқығын растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
К. Мусин |
Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 743 бұйрыққа қосымша |
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқығын растайтын құжаттардың тізбесі
1-тарау. Құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету кезіндегі құжаттар тізбесі
1. Жеке тұлғаларға мына мәселелер бойынша:
1) алименттер өндіріп алу - баланың (балалардың) туу туралы куәлігі, неке туралы немесе некені (ерлі-зайыптылық) бұзу туралы куәлік , ал егер бала (некесіз) туылған жағдайда, әке болуды анықтау туралы куәлік;
2) зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау– азаматтың жеке басын куәландыратын құжат, зейнеткер куәлігі, тиісті жәрдемақы алуға негіз болып табылатын құжат;
3) ақтау - сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ақтау немесе тоқтату немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтату фактісін растайтын немесе қылмыстық немесе әкімшілік іс бойынша өзге де заңсыз шешімдердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы процестік актінің көшірмесі;
4) босқын мәртебесін алу - ұлттық (азаматтық) паспорт және (немесе) босқын деп танылған азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттар.
5) қандас мәртебесін алу - өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің (болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттар қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен (туу туралы куәлік, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе этникалық қазақтар шыққан елдің арнайы органдарының басқа да ресми құжаттары және үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттар);
6) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар – құжаттардың көшірмелері қайтыс болу туралы куәлігік, ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне байланысты жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынан айыру туралы сот шешімі, бала тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде баланы тәрбиелеу немесе медициналық ұйымнан алудан бас тартуын растайтын құжат.
2. Мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға – мүліктік немесе моральдық зиян келтіру фактісін растайтын процестік актінің көшірмесі.
3. Асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға –қайтыс болу туралы куәлік.
4. Жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға - өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт, қылмыстық процесті жүргізуші органдардың қаулысы.
5. Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары беретін Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі;
2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері –әскери билет, қызметтегі әскерде болғанын растайтын анықтама;
3) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер - әскери билет немесе уәкілетті орган беретін анықтама;
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар - мүгедектік туралы анықтама;
5) жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын жеке тұлғаларға - зейнеткер куәлігі;
6. Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасыларға - балалардың туу туралы куәлігі;
7. Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық кірістері облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдарға (отбасыларға) - өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат, табысы аз отбасының кірісін растайтын құжат, зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда), жұмыс орнынан анықтама не жұмыссыз адам ретінде тіркеу туралы анықтама, балаларға және басқа да асырауындағыларға алименттер туралы мәліметтер.
2-тарау . Соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету кезіндегі құжаттар тізбесі
8. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамға –процестік құжаттың көшірмесі (әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы қаулы не хаттама).
9. Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшыға не жауапкерге және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес талап қоюшыға – өндіріске қабылдау туралы ұйғарым.
10. Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге осы Заңда және Қазақстан Республикасының қылмыстық процессуалдық заңнамасына сәйкес - күдікті ретінде тану туралы қаулы, айыпталушыға - оған қатысты прокурор айыптау актісін жасаған, сотталушының айыптау үкімі, сотталушының үкімі, соттың ақтау қаулысы, жәбірленуші деп тану туралы қаулы.