БҰЙЫРАМЫН:
1. "Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1316 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17322 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 22-4-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының Заңының 36-бабының 1-тармағына, "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 46-бабының 1-тармағына және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзерістер енгізу қағидалары бекітілсін."
Осы бұйрықпен бекітілген Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзерістер енгізу қағидаларын бекіту";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзерістер енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзерістер енгізу тәртiбiн белгiлейдi.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер қолданылады:
1) Аттестаттау комиссиясы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аттестаттау комиссиясы;
2) кандидат – патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміттену құқығы бар тұлға;
3) көрсетiлетiн қызметтi алушы – жеке тұлға, патенттік сенім білдірілген өкілге кандидат;
4) патенттiк сенiм білдірілген өкiл – Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi және кемінде төрт жыл еңбек өтілі бар, аттестаттаудан өткен және патенттiк сенiм білдірілген өкiлдердің тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының әрекетке қабiлеттi азаматы;
5) Тізілім – Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерінің тізілімі.
"Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" және "Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).";
4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен адамдар аттестаттауға жіберіледі.
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау Қазақстан Республикасының заңнамасын және зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды білуге арналған тестілеу нысанында өткізіледі.
5. Аттестаттаудан өту үшін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды жібереді:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттауға жіберу туралы өтініш;
2) зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) осы Қағидаладың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізуге арналған мәліметтер;
4) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттауға мемлекеттiк баж төлемiн растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, "электрондық үкiмет" төлем шлюзi (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы мемлекеттік баж төлемі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттiк баж төлеу үшiн қажеттi банк деректемелерi осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетiлген.
Осы Қағидалардың 2-қосымшадағы көрсетiлген мәлiметтер аттестаттау емтиханына келген кезде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынатын құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырылады.
6. "Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес көрсетілген.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Аттестаттауға:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға тыйым салынған адамдар;
2) қылмыс жасағаны үшiн заң тәртiбiнде белгiленген өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
3) осы Заңға сәйкес патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң тiзiлiмiнен шығарылған адамдар жiберiлмейдi;
4) уәкiлеттi органның және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлерi, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатын адамдар.";
12-тармақтың бірінші бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Тестiлерге енгiзiлуi тиiстi сұрақтар тiзбесiн аттестаттау комиссиясымен бекiтедi. Кандидаттардың бiлiмiн бағалауға арналған сұрақтар патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлудi қажет ететiн құқық пәндерiнiң тақырыптарына ("Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы", "Қазақстан Республикасының Патент заңы", "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы", "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары), сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес келуi және бiреуi дұрыс болатын жауаптардың кемiнде төрт нұсқасын қамтиды.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. "Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес көрсетілген.";
1-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
2-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
3-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
4-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
6-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
7-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
К. Мусин |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Нысан
"Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Аттестаттау емтиханы тиісті жартыжылдықтың соңғы айының 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүргізіледі |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған)/"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң немесе теріс шешім немесе осы қосымшаның 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік баж көрсетілетін қызметті алушымен "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің 614-бабында белгіленген төлемнің соммасын және күнін растайтын төлем құжаттарын беретін Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді: |
7 | Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттауға жіберу туралы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары уәкілетті органның www.adilet.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік қызметтер" бөлігінде орналастырылған. |
Нысан
"Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 3 жұмыс күні ішінде |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған)/"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігі осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) жолданады. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік баж көрсетілетін қызметті алушымен "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің 614-бабында белгіленген төлемнің соммасын және күнін растайтын төлем құжаттарын беретін Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді: |
7 | Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) кандидаттың ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат түріндегі мемлекеттік немесе орыс тілдерінде патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін алу үшін осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Көрсетілетін қызметті алушы осы қосымшаның 8-тармағына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасы қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсете отырып, хабарлама жібереді. |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл ретiнде тiркелген мемлекеттiк баж төленгенiн растайтын құжат ұсынылған күннен бастап есептеледі. |