"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 қыркүйекте № 29367 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 23.11.2022 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 21710 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесінде:

      3-тармақта:

      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) химиялық заттар мен өнімдерді, агрохимикаттарды және пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалар, вакциналар мен иммунологиялық (иммундық-биологиялық) дәрілік препараттарды сақтау және тасымалдау объектілері;";

      мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "30-1) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп-орау жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылатын объектілер;";

      38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "38) патогендігі І-ІV топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын зертханалар.";

      4-тармақта:

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) вакциналар мен иммунологиялық (иммундық-биологиялық) дәрілік және диагностикалық препараттарды дайындау, өндіру, қайта өңдеу және өткізу объектілері;";

      мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "22-1) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын өндіру, қайта өңдеу, өткізу объектілері;";

      35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "35) патогендігі І-ІV топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын зертханаларды қоспағанда, зертханалардың барлық түрлері;".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі