"Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 718 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 тамызда № 29330 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9173 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығына 10-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерді ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
К. Мусин

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2022 жылғы 27 тамыздағы
№ 718 бұйрығына
қосымша
  Жылжымайтын мүлік
объектілерін мемлекеттік
техникалық зерттеп-қарау
жөніндегі нұсқаулығына
10-қосымша

      ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МАҚСАТЫ БОЙЫНША

      КЛАССИФИКАТОРЫ

      1. ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР

      11. Тұрақты тұруға:

      1101. Көппәтерлі көпқабатты;

      1102. Дәліз тәрізді көпқабатты;

      1103. Дәліз тәрізді азқабатты;

      1104. Иелігінде жері бар бірпәтерлі;

      1105. Иелігінде жері бар бірпәтерлі коттедждер;

      12. Уақытша тұруға:

      1201. Қонақ үй, отель;

      1202. Жатақхана;

      1203. Интернат, пансионат;

      1204. Кемпинг;

      1205. Мотель;

      1206. Саяжай құрылыстары.

      12. ҚОҒАМДЫҚ ҒИМАРАТТАР

      21. Білім беру мекемелерінің ғимараттары:

      2101. Балалар бөбекжайы;

      2102. Бала бақша;

      2103. Бала бақша-ясли, бала комбинаты;

      2104. Жалпы білім беретін мектептің, лицейдің, гимназияның оқу ғимараты;

      2105. Кәсіптік-техникалық училищенің әкімшілік-оқу ғимараты;

      2106. Кәсіптік-техникалық училищенің оқу-зертханалық ғимараты;

      2107. Орта-арнайы оқу орнының (техникумның, колледждің) әкімшілік-оқу ғимараты;

      2108. Орта-арнайы оқу орнының оқу-зертханалық корпусы;

      2109. Жоғары оқу орнының (университеттің, институттың) оқу-зертханалық корпусы;

      2110. Жоғары оқу орнының әкімшілік-оқу ғимараты;

      2111. Жоғары оқу орнының әкімшілік-тұрмыстық корпусы;

      2112. Оқу полигоны;

      2113. Оқу орнының зертханалық-өндірістік корпусы;

      2114. Оқу орнының профилакторийі;

      2115. Қысқа мерзімді лицензияланған оқу-дайындық орнының (мектептің, курстардың, комбинаттың) оқу ғимараты;

      2116. Мамандарды қайта дайындау және біліктілігін арттыру курстарының оқу ғимараты;

      2117. Мектептен тыс оқу орындарының (оқушылар үйінің, жас техниктер станциясының, жас натуралистер станциясының) ғимараты;

      22. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету және сауықтандыру мақсатындағы мекемелердің ғимараттары;

      2201. Аурухананың, госпитальдың, клиниканың әкімшілік-емдеу корпусы;

      2202. Аурухананың, госпитальдың, клиниканың емдеу корпусы;

      2203. Аурухананың, госпитальдың, клиниканың процедуралық корпусы;

      2204. Пертзентхана;

      2205. Емхананың, диспансердің, консультацияның диагностикалық корпусы;

      2206. Диагностикалық орталық;

      2207. Емхананың, диспансердің, консультацияның процедуралық корпусы;

      2208. Фельдшерлік, фельдшер-акушерлік пункттің, амбулаторияның емдеу-диагностикалық корпусы;

      2209. Аурухананың, емхананың, диспансердің, консультацияның әкімшілік-зертханалық корпусы;

      2210. Аурухананың, емхананың, диспансердің, консультацияның әкімшілік-тұрмыстық корпусы;

      2211. Аурухананың, емхананың, диспансердің, консультацияның зертханалық корпусы;

      2212. Қан құю станциясының зертханалық-дайындау корпусы;

      2213. Жедел жәрдем станциясының емдеу-диагностикалық корпусы;

      2214. Сүт ас үйінің тарату пунктінің, сүт ас үйінің зертханалық-өндірістік корпусы (үй-жайы);

      2215. Дәрігерлік-косметологиялық салоны;

      2216. Дәріхана;

      2217. Мүгедектігі бар адамдар, жұмыссыздардың және үйсіздердің еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру орталығының әкімшілік тұрмыстық ғимараты;

      2218. Қарттарға арналған үй-интернатының әкімшілік-тұрмыстық ғимараты;

      2219. Балалар үй-интернатының әкімшілік-тұрмыстық ғимараты;

      2220. Психоневрологиялық ауытқулары бар ересек және мүгедектігі бар балалардың үй-интернаттарының әкімшілік-тұрмыстық ғимараты;

      2221. Курорттың, санаторийдің, шипажайдың әкімшілік-тұрмыстық корпусы;

      2222. Курорттың, санаторийдің, шипажайдың жатын корпусы;

      2223. Мектептік лагерьдің әкімшілік-тұрмыстық корпусы;

      2224. Мектептік лагерьдің жатын корпусы;

      2225. Демалыс үйінің, спорттық-туристік базаның, пансионаттың әкімшілік-тұрмыстық ғимараты;

      2226. Демалыс үйінің, спорттық-туристік базаның, пансионаттыңжатын корпусы;

      2227. Санитарлық-эпидемиологиялық станцияның әкімшілік-зертханалық ғимараты;

      2228. Санитарлық-эпидемиологиялық станцияның зертханалық ғимараты;

      23. Дене шынықтыру-спорт құрылыстары;

      2301. Стадион, спорт сарайы, жабық арена;

      2302. Спортзалы, манеж;

      2303. Жабық су стадионы, жүзу бассейні;

      2304. Көпфункционалды спорт құрылысы;

      2305. Ату тирі;

      2306. Ашық жүзу бассейні;

      2307. Спорт кешені;

      2308. Велотректер;

      2309. Жасанды мұз аренасы;

      2310. Спорттық-техникалық клуб;

      2311. Мінбемен жабдықталған спорт алаңы;

      2312. Спорт кешенінің қосалқы ғимараттары (құрылыс, павильон);

      24. Мәдениет және өнер мекемелерінің ғимараттары;

      2401. Театр;

      2402. Цирк;

      2403. Филармония;

      2404. Мәдениет үйі, клуб;

      2405. Көпфункциялы ғимарат, мәдени орталық;

      2406. Кинотеатр, бейнесалон;

      2407. Музей;

      2408. Көрме залы;

      2409. Кітапхана;

      2410. Казино, ойын залы, би залы;

      2411. Мәдениет және өнер мекемелерінің қосалқы ғимараттары (құрылыс-павильоны);

      25. Сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары:

      2501. Сауда үйі, әмбебап дүкен;

      2502. Азық-түлік емес тауарлар дүкені;

      2503. Универсам;

      2504. Азық-түлік тауарлар дүкені;

      2505. Мамандандырылған дүкен (жиһаз, құрылыс материалдары, автомобильдерді сату бойынша, экология және басқалар);

      2506. Кулинария дүкені;

      2507. Ауылшаруашылығы өнімін сату бойынша жабық базар (кешен);

      2508. Ауылшаруашылығы өнімін сату бойынша жабдықталған базар, шатырлы алаң;

      2509. Жабдықталған ұсақ көтерме сауда базары, шатырлы алаң;

      2510. Сауда объектісінің қосалқы ғимараттары (құрылыс, павильон);

      2511. Дүңгіршек;

      2512. Мейрамхана, кафе;

      2513. Асхана;

      2514. Бар, тамақ ішетін орын;

      2515. Қоғамдық тамақтану объектісінің (құрылыс, павильон) қосалқы ғимараты;

      2516. Тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты;

      2517. Сыртқы киім, бас киім және аяқ киімді тігу және жөндеу бойынша өндірістік ғимарат (қосалқы үй-жай);

      2518. Тұрмыстық техниканы және жиһазды жөндеу және прокатқа беру бойынша өндірістік ғимарат (қосалқы үй-жай);

      2519. Тұрмыстық қызмет көрсету (шаштараз, фотосалон, қабылдау пункттері, кір жуу, химиялық тазалау) бойынша өндірістік ғимарат (қосалқы үй-жай);

      2520. Кір жуатын өндірістік ғимарат;

      2521. Фабрика-химиялық тазалау, химиялық тазалау цехінің өндірістік ғимараты;

      2522. Монша кешені, монша;

      2523. Ломбард.

      26. Басқару, ғылыми, жобалау, банктік, сақтандыру, іскерлік, қоғамдық және байланыс ұйымдары мен мекемелерінің ғимараттары мен құрылыстары:

      2601. Әкімшілік мекеменің ғимараты (негізгі корпусы, үй-жайы);

      2602. Банктің әкімшілік-өндірістік ғимараты (операциялық үй-жайы);

      2603. Биржаның әкімшілік-өндірістік ғимараты (үй-жайы);

      2604. Сақтандыру мекемесінің әкімшілік-өндірістік ғимараты (үй-жайы);

      2605. Іскерлік мекеменің ғимараты (үй-жайы) (офис, кеңсе);

      2606. Қоғамдық ұйымның ғимараты (үй-жайы);

      2607. Пошта-телеграф ғимараты (үй-жайы);

      2608. Телеорталық, радиостанция, спутник байланысы ғимараты;

      2609. Автоматты телефон станцияның ғимараты (үй-жайы);

      2610. Ғылыми, ғылыми-зерттеу және жобалау мекемесінің әкімшілік-өндірістік кешен;

      2611. Ғылыми, ғылыми-зерттеу және жобалау мекемесінің зертханалық корпусы (полигоны);

      2612. Ғылыми, ғылыми-зерттеу және жобалау мекемесінің тәжірибелік-эксперименталдық полигоны;

      2613. Қосалқы шаруашылық-тұрмыстық және техникалық ғимарат (құрылыс).

      27. Діни құрылыстар:

      2701. Мешіт;

      2702. Медресе ғимараты;

      2703. Шіркеу, храм;

      2704. Діни ғимарат.

      13. Өнеркәсіптік-өндірістік, қоймалық және коммуналдық ғимараттар

      31. Өнеркәсіптік-өндірістік ғимараттар мен құрылыстар:

      3101. Өндірістік корпус, цех;

      3102. Инженерлік корпус;

      3103. Әкімшілік-тұрмыстық корпус;

      3104. Тұрмыстық корпус;

      3105. Әкімшілік-өндірістік корпус;

      3106. Өндірістік-қосалқы ғимарат (құрылыс);

      3107. Өту орны.

      32. Қойма құрылыстар:

      3201. Қойма құрылыстар;

      3202. Көкөніс қоймасы;

      3203. Бункер;

      3204. Резервуар;

      3205. Тоңазытқыш;

      3206. Мұнай сақтағыш;

      3207. Қалқалағыш.

      33. Коммуналдық құрылыстар:

      3301. Өрт депосы;

      3302. Коммуналдық кәсіпорынның әкімшілік-тұрмыстық ғимараты;

      3303. Коммуналдық кәсіпорынның өндірістік ғимараты (құрылысы)

      3304. Жерлеу қызметін көрсету бюросы;

      3305. Крематория;

      3306. Қоғамдық әжітханалар.

      14. КӨЛІКТІК ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАР

      41. Темір жол көлік ғимараттары мен құрылыстары:

      4101. Темір жол вокзалы;

      4102. Темір жол станцасының жолаушыларға арналған ғимараты;

      4103. Темір жол депосы;

      4104. Тартылатын қосалқы станциялар;

      4105. Жөндеу-өндірістік шеберхана;

      4106. Әкімшілік-тұрмыстық құрылыс;

      4107. Өндірістік-қосалқы ғимарат (құрылыс);

      4108. Бақылау-өткізу пункті, өтетін жер.

      42. Қалалық автомобиль және электр көліктерінің ғимараттары мен құрылыстар:

      4201. Автовокзал;

      4202. Автостанция;

      4203. Манеж түріндегі гараж;

      4204. Бокстық үлгідегі гараж;

      4205. Жабық тұрақ;

      4206. Трамвай депосы;

      4207. Троллейбус депосы;

      4208. Метрополитен станциясы;

      4209. Метрополитен депосы;

      4210. Жөндеу-өндірістік шеберханасы;

      4211. Әкімшілік-тұрмыстық құрылыс;

      4212. Қоймалық үй-жай;

      4213. Диспетчерлік пункт;

      4214. Өндірістік-қосалқы ғимарат (құрылыс);

      4215. Бақылау-өткізу пункті, өтетін орын;

      4216. Тарту қосалқы станциясы;

      4218. Көпдеңгейлі көліктік айырық.

      4219 Тұрақ орын.

      4220 Көшетжай.

      43. Өзен көлік құрылысының ғимараттары:

      4301. Өзен вокзалы;

      4302. Өзен айлағы;

      4303. Кемелерді жөндеу шеберханасы;

      4304. Әкімшілік-тұрмыстық құрылыс;

      4305. Жүк тиейтін айлақ;

      4306. Бақылау-өткізу пункті, өтетін орын;

      4307. Жеке су-моторлы құрал айлақтары;

      4308. Өзен кемелеріне қызмет көрсететін құрылыстар.

      44. Теңіз көлік ғимараттары мен құрылыстар:

      4401. Теңіз вокзалы;

      4402. Теңіз айлағы;

      4403. Кемелерді жөндеу шеберханасы;

      4404. Әкімшілік-тұрмыстық құрылыс;

      4405. Жүк тиейтін айлақ;

      4406. Терминал;

      4407. Бақылау-өткізу пункті, өтетін орын;

      4408. Теңіз кемелеріне қызмет көрсету құрылысы.

      45. Әуе көлігі ғимараттары мен құрылысы:

      4501. Аэровокзал;

      4502. Жолаушыларға арналған ғимарат;

      4503. Диспетчерлік пункт;

      4504. Құралдар мен авиакөлік құралдарын жөндеу шеберханасы;

      4505. Ангар;

      4506. Авиа көлік құралдарына қызмет көрсету бойынша қосалқы құрылыс;

      4507. Багаж-жүк құрылысы;

      46. Ауыл шаруашылық өндірістік құрылыс:

      4601. Ферма;

      4602. Ит қора;

      4603. Ат қора;

      4604. Шошқа қора;

      4605. Құс қора;

      4606. Жылы жай;

      4607. Көшетжай;

      4608. Қалқалағыш;

      15. ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІ ҚҰРЫЛЫСЫ

      51. Жылумен қамтамасыз ету құрылысы:

      5101. Жылуэлектрорталығы;

      5102. Қазандық;

      5103. Жылу пункті;

      5404. Жылу камерасы;

      5105. Бойлерлік;

      5106. Градирня;

      5107. Жылу трассасы.

      52. Сумен қамтамасыз ету жүйесі мен кәріз жүйесі құрылысы:

      5201. Жер бетіндегі су жинағыш;

      5202. Жер астындағы су жинағыш;

      5203. Су тазалағыш құрылыс;

      5204. Сукернеуіш мұнара;

      5205. Сумен қамтамасыз ету насос станциясы;

      5206. Кәріз насос станциясы;

      5207. Сарқынды суларды техаликалық тазалау станциясы;

      5208. Сарқынды суларды биологиялық тазалау станциясы;

      5209. Су құбыры;

      5210. Кәріз.

      53. Газбен қамтамасыз ету құрылысы:

      5301. Газ бөлу станциясы;

      5302. Газ бөлу пункті;

      5304. Газбен толтыру станциясы;

      5305. Газгольдер;

      5306. Газ құбыры;

      5307. Мұнай құбыры.

      54. Электрмен қамтамасыз ету жүйесі құрылысы:

      5401. Мемлекеттік аудандық электр станциясы;

      5402. Су электр станциясы;

      5403. Кіші электрстанциясы;

      5404. Трансформаторлық кіші станция;

      5405. Трансформаторлық пункті;

      5405. Электр желісі.

      55. Байланыс желілері жүйесінің құрылысы.

      56. Су техникалық құрылысы.