БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларында:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Конкурс комиссиясының немесе бірыңғай комиссиясының құрамына персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) жұмыскерлері не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндетін атқару жүктелген адамдар, орналасуға конкурс өткізілетін бос лауазымдары бар құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлері, сондай-ақ осы Қағидалардың 14-тармағында, 16-тармағының бірінші бөлігінде, 17-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адам (бұдан әрі – уәкілетті адам) анықтайтын өзге адамдар енгізіледі.
Аудан, қаладағы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің орынбасары лауазымына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы орган, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органы басшысының орынбасары лауазымына орналасуға конкурс, конкурс комиссиясының құрамына осы ауданның, қаладағы ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкімі аппаратының немесе осы атқарушы органның өкілін қоса отырып, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі аппаратының конкурс комиссиясымен немесе бірыңғай конкурс комиссиясымен өткізіледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) басшысының лауазымына орналасуға конкурс өткізу кезінде конкурс комиссияның немесе бірыңғай конкурс комиссияның құрамына мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшесінің өкілі енгізіледі.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"57. Кандидаттарды бағалау нәтижелерін конкурс комиссиясының әрбір мүшесі осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысандағы кандидаттарды бағалау парағына (бұдан әрі – Бағалау парағы) әрбір үміттенген бос лауазым бойынша енгізеді.
Кандидатты бағалау парағы электронды түрде толтырылуы мүмкін.
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"94. Кандидаттарды бағалау нәтижелері Кандидаттардың бағалау парағына әрбір үміттенген бос лауазым бойынша енгізіледі.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 4-қосымшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"
"Б" корпусының мемлекеттік | |
әкімшілік лауазымына орналасуға | |
конкурс өткізу Қағидаларының | |
4-қосымшасы | |
Нысан |
№ | Конкурсқа қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Лауазымның атауы | Сұрақтарға жауаптарды бағалау | Жалпы балл** | |||||||||
кәсіби тәжірибе | білім деңгейі | Коммуникативтік дағдылар | Басқару. дағдылар**** | эссе*** | Іріктеудің басқа әдістері (қолданған жағдайда) | Бейіндік*/ сұрақ № | |||||||
"__"______20__ ж. (00.00ч.) | |||||||||||||
1.1 | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Лауазымның атауы, санаты | |||||||||||
2. | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Лауазымның атауы, санаты | |||||||||||
Лауазымның атауы, санаты | |||||||||||||
3. | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Лауазымның атауы, санаты | |||||||||||
Лауазымның атауы, санаты | |||||||||||||
Лауазымның атауы, санаты | |||||||||||||
Лауазымның атауы, санаты |
___________________________________________
(конкурстық комиссия мүшесінің қолы)
_______________________________________________________________
(конкурстық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"__"_______ 20__ ж.
Ескертпе: |
Коммуникативтік дағдылар: |
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазыкбаев |