"Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 692 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 843 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 тамызда № 29159 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 16.09.2024 № 627 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 692 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12671 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидалары;

      2) Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларында:

      9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Заңның 39-бабы 3-тармағының 54) тармақшасына сәйкес шарттар жасаған жағдайда мүгедектігі бар адамдарды қоғамдық бірлестіктерін және (немесе) мүгедектігі бар адамдарды қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдарды;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қаржы
министрінің
2022 жылғы 17 тамыздағы
№ 843 бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік сатып алу веб-
порталының жұмысында
техникалық іркілістер туындаған
жағдайда мемлекеттік сатып алу
веб-порталының жұмыс істеу
қағидаларына
қосымша

Мемлекеттік сатып алу веб-порталының туындаған техникалық іркілістері туралы пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу журналы

р/б

Жүгінген ұйымның атауы

БСН, ЖСН

Өтініш күні мен уақыты

Пайдаланушы жүгінген байланыс деректері

Техникалық іркілістің сипаттамасы

Өтінім қабылдаған маманның Т.А.Ә. (болған кезде)

Расталды/расталмады









      Кестенің жалғасы

Растаудың/растамаудың күні мен уақыты

Қабылданған шешім

Оператор қабылдаған шаралар

Техникалық іркілісті жою күні мен уақыты

Техникалық іркілістің туындау себептері

Күрделілік деңгейі

Техникалық іркілістің түрі

Бұдан былай техникалық іркіліске жол бермеу жөніндегі ұсынымдар









      Техникалық әкімшілендіру бөлімінің

      жауапты тұлғасы (қолы) Т.А.Ә. (болған кезде)

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      р/б – реті бойынша;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.