"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 350 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 тамызда № 29052 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға түсуге баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан бастап 15 сәуір аралығында жүргізіледі, қосымша мерзімдерді Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Конкурсқа қатысу үшін баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілі белгіленген мерзімде мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында тіркеуден өтеді немесе мамандандырылған білім беру ұйымының жауапты адамына мынадай құжаттарды:

      1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен өтініш;

      2) ЖСН көрсете отырып, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін;

      3) баланың электрондық мекенжайын көрсете отырып, оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтама;

      4) баланың 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуретін;

      5) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      Ақпараттық жүйе болған кезде осы тармақта көрсетілген құжаттар электрондық форматта ұсынылады. Ақпараттық жүйе болмаған жағдайда сканерленген құжаттар электрондық мекенжайға жіберіледі немесе қағаз нұсқасында мамандандырылған білім беру ұйымның кеңсесіне ұсынылады.";

      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. Қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде іріктелетін халықтың әлеуметтік осал топтарына:

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары;

      ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;

      мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;

      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;

      экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының;

      мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары жатады".

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде әрбір мамандандырылған білім беру ұйымының жауапты адамы конкурсқа қатысу үшін білім алушының электрондық базасын тест материалдарын әзірлеу үшін "Дарын" орталығына тапсырады.".

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Мамандандырылған білім беру ұйымы:

      1) "Мың бала" ауыл мектептерінің ұлттық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары үшін 7-сыныпқа қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 10% мөлшерінде;

      2) осы Қағидалардың 18-1) тармағында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 5, 6, 7, 8 және 10-сыныптарға қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде квоталарды бекітеді.";

      мынадай мазмұндағы 25-1 және 25-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "25-1. Осы Қағидаларға 25-тармақта көрсетілген 5, 6, 7, 8 және 10-сыныптарға қабылданатын білім алушылар жергілікті атқарушы өкілді органдардың және/немесе меншік нысанындағы барлық білім беру ұйымдарының басқару органының шешімі бойынша бюджет қаражаты есебінен тамақпен қамтамасыз етіледі.

      25-2. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін конкурстық комиссия ұсынылған құжаттардың іріктеу өлшемшарттарға сәйкестігін тексереді және растайтын құжаттардың түпнұсқаларын қосымша сұратады.";

      27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Конкурс 15 мамыр – 15 маусым аралығындағы кезеңде апта сайын әрбір сенбі-жексенбі күндері өтеді. Қосымша мерзімдерді Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган келесі оқу жылы басталғанға дейін белгілейді.";

      28. Конкурстық іріктеуді өткізу кестесі мамандандырылған білім беру ұйымдарының және "Дарын" орталығының интернет-ресурстарында конкурс басталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын орналастырылады.

      29. Конкурс оффлайн режимінде (тестілеу форматында) өтеді. Конкурсты электрондық форматта өткізу үшін оператор мамандандырылған білім беру ұйымдарымен келіседі.";

      33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Оқуға түсушілерге арналған тестілеу:

      1) 7-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 75 сұрақтан тұрады:

      математика және логика - 55 сұрақ;

      оқу сауаттылығы - 10 сұрақ;

      Қазақстан тарихы - 10 сұрақ.

      2) 6-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 60 сұрақтан тұрады:

      математика және логика - 35 сұрақ;

      оқу сауаттылығы - 15 сұрақ;

      Қазақстан тарихы - 10 сұрақ.

      3) 5-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 40 сұрақтан тұрады:

      математика және логика - 30 сұрақ;

      оқу сауаттылығы - 10 сұрақ.

      4) 10-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 95 сұрақтан тұрады:

      математика және логика - 60 сұрақ;

      оқу сауаттылығы – 10 сұрақ;

      Қазақстан тарихы - 25 сұрақ.

      34. Тестілеуге бөлінген уақыт 7 сыныпта – 120 минут, 6 сыныпта – 90 минут, 5 сыныпта – 60 минут, 10 сыныпта – 180 минут (тест материалдарын тарату, Жауап парағының бөлімдерін толтыру, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарының уақыты көрсетілген уақытқа кірмейді).";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға үміткерлерді, оның ішінде осы Қағидалардың 25-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерді қабылдау мамандандырылған білім беру ұйымының бөлінісінде бос орындарға сәйкес баллдардың ең көп санына қарай жүзеге асырылады.";

      42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Конкурс қорытындысы бойынша мамандандырылған білім беру ұйымының басшысы конкурстық іріктеуден өткен үміткерлерді оқу жылының басталуына дейін мамандандырылған білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық шығарады.

      43. Конкурстық комиссия негізгі бос орындарға кірмеген конкурс үміткерлерінің қатарынан санды кеміту тәртібімен жиналған баллдардың сомасы бойынша үміткерлердің резервтік тізімін қалыптастырады және мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
А. Аймағамбетов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау вице-министрі
_______________ Н. Сағындықова
2022 жылғы "____"_____________