БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР-ДСМ-27 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартында:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес "Пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) стандартында көзделген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы МСАК ұйымдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) немесе "электрондық үкімет" порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде портал арқылы "жеке кабинетке" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні туралы хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды ұсынған кезде немесе оларды портал арқылы жіберген кезде МСАК денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігері мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 8-тармағына (5-қосымша) сәйкес олардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру арқылы немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) алады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі: № ҚР ДСМ–175/2020 бұйрығымен бекітілген 001-3/е нысаны бойынша берілген стационарға емдеуге жатқызуға жолдама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған және осы Стандарттың талаптарына сәйкес келген жағдайда МСАК денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігері пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдаманы ресімдейді, оған бөлімше меңгерушісі қол қояды және денсаулық сақтау ұйымының жауапты маманына береді.
Денсаулық сақтау ұйымының жауапты маманы жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдаманы тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің мөрін қояды және көрсетілетін қызметті алушыны стационарға емдеуге жатқызуға жолдаманы береді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде МСАК денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігері мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған кезде, қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының цифрлық құжаттар сервисінде дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауы кезінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы МСАК ұйымына жүгінген кезде мемлекеттік қызметті одан әрі қараудан бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылған, өтінішті одан әрі қараудан бас тарту негіздері көрсетіле отырып, жеке хатпен ресімделеді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілген қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуын жолдайды.
Мемлекеттік қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.";
29–тармақ алып тасталсын;
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"66. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Стандартқа 8-қосымшаға сәйкес "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
"Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) немесе "электрондық үкімет" порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде портал арқылы "жеке кабинетке" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні туралы хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде портал арқылы "жеке кабинетке" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні туралы хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды ұсынған кезде немесе оларды портал арқылы жіберген кезде стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігері мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 8-тармағына сәйкес олардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру арқылы немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - қағаз түрінде стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған және осы Стандарттың талаптарына сәйкес келген жағдайда, стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігері стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмені ресімдейді, оған бөлімше меңгерушісі қол қояды және денсаулық сақтау ұйымының жауапты маманына береді.
Денсаулық сақтау ұйымының жауапты маманы стационарлық науқастың медициналық картасынан үзіндіні тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің мөрін қояды және стационарлық науқастың медициналық картасынан үзіндіні көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігері мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуды қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынылған кезде, қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының цифрлық құжаттар сервисінде дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауы кезінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жүгінген кезде мемлекеттік қызметті одан әрі қараудан бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылған, бас тарту негіздері көрсетіле отырып, жеке хатпен ресімделеді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуды көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жібереді.
Мемлекеттік қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.";
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69. "Санаторийлік-курорттық емделуге қажеттілігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) немесе "электрондық үкімет" порталы (бұдан әрі-портал) арқылы жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде портал арқылы "жеке кабинетке" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні туралы хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды ұсынған кезде е оларды Портал арқылы жіберген кезде МСАК ұйымдарының дәрігері мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 8-тармағына сәйкес олардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру арқылы немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 069/е нысаны бойынша қағаз түрінде берілген санаторийлік-курорттық карта немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда МСАК ұйымының дәрігері санаторийлік-курорттық картаны ресімдейді, оған бөлімше меңгерушісі қол қояды және денсаулық сақтау ұйымының жауапты маманына береді.
Денсаулық сақтау ұйымының жауапты маманы санаторийлік-курорттық картаны тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің мөрін қояды және көрсетілетін қызметті алушыға санаторийлік-курорттық картаны береді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде МСАК ұйымдарының дәрігері мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының цифрлық құжаттар сервисінде дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы МСАК ұйымына жүгінген кезде мемлекеттік қызметті одан әрі қараудан бас тарту көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылған, өтінішті одан әрі қараудан бас тарту негіздері көрсетіле отырып, жеке хатпен ресімделеді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуды көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жібереді.
Мемлекеттік қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.";
көрсетілген Стандартқа 5-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген Стандартқа 8-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген Стандартқа 9-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Ғиният |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-69 бұйрыққа 1-қосымша Қазақстан Республикасында Стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 5-қосымша |
"Пациенттерге емделуге жатқызу үшін жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты" | ||
1 | Қызмет берушінің атауы | Денсаулық сақтау субъектілері |
2 | Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін беретін ұйымдардың атаулары және (немесе) "электрондық үкімет пен ұялы байланыс абоненттік құрылғысы" веб -порталына нұсқау | денсаулық сақтау субъектілері, "электрондық үкімет" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1 (бір) жұмыс күні ішінде; |
4 | мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) және/немесе қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) 001-3/е нысаны бойынша берілген стационарға емдеуге жатқызуға жолдама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы; |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі еңбек заңнамасына сәйкес - дүйсенбіден сенбіге дейін (дүйсенбі - жұма сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, сенбі сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
көрсетілетін қызметті берушіге: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-69 бұйрыққа 2-қосымша Қазақстан Республикасында Стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 8-қосымша |
"Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Стационарлық жағдайда көмек көрсететін медициналық ұйымдар |
2 | Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін беретін ұйымдардың атаулары және (немесе) "электрондық үкімет пен ұялы байланыс абоненттік құрылғыс"" веб -порталына нұсқау | Стационарлық жағдайда көмек көрсететін медициналық ұйымдар, "электрондық үкімет" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде жүгінген күні көрсетіледі. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | электрондық (ішінары автоматтандырылған)/ қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде – нысан бойынша қағаз түрінде стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 8.00- ден 17.00-ге дейін . |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушіге: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-69 бұйрыққа 3-қосымша Қазақстан Республикасында Стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 9-қосымша |
"Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Қызмет берушінің атауы | Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсетушілер |
2 | Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін беретін ұйымдардың атаулары және (немесе) "электрондық үкімет пен ұялы байланыс абоненттік құрылғысы" веб -порталына нұсқау | Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсетушілер, "электрондық үкімет" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды берген сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні ішінде |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде – "денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ–175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 069/е нысаны бойынша берілген санаторийлік-курорттық карта немесе осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер; |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
көрсетілетін қызметті берушіге: 1) еркін нысандағы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы |
10 | Өзге де талаптар мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген |
Көрсетілетін қызметті алушының порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |