БҰЙЫРАМЫН:
1. "Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20438 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Дене шыныктыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Занының 7-бабы 65-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларында:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 65-5) тармақшасына сәйкес әзірленген және Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану тәртібін анықтайды.";
11, 12, 13 және 14-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың топтамасын ұсына отырып, өтінішпен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүгінеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) баяндалған.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушы өтініштерінің тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
12. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
13. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды портал арқылы алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың Стандарттың 8-тармағында көзделген толықтығы және сәйкестігін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
14. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын зерделейді және көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды беруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – бөлімше) хат жібереді, ол 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Бөлімше хатты қарағаннан кейін оны тұрғын үй комиссиясының қарауына жібереді.
Тұрғын үй комиссиясы хатты 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қарайды.
Тұрғын үй комиссиясының оң шешімі негізінде, "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жергілікті атқарушы органның тұрғын үй беру туралы қаулысын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап шығарады.";
Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы |
С. Жарасбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
Тұрғынжай беру туралы өтiнiш
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабына
сәйкес маған
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тұрғынжайдың орналасу орнын (облыс, қала) көрсету керек) тұрғынжай беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін. ___________
___________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы "___" ____________
Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы "___"________________________________
_____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның, тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы
Бұйрығына 2-қосымша "Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны пайдалану қағидаларына 3-қосымша |
"Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1-кезең: өтінімді портал арқылы қарауға қабылдау-2 (жұмыс) күн; |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Порталда-өтінімді қабылдау туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияға: |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Организм функцияларының тұрақтыбұзылуы бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып, бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш беру жолымен жүргізеді. |
Бұйрығына 3-қосымша Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны пайдалану қағидаларына 3-қосымша Нысан ____________________________ Көрсетілетін қызметті алушының ____________________________ тегi аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ____________________________ немесе ұйымның атауы ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі –
Мемлекеттік корпорация) филиалының № ____ бөлімі
____________________________________________________________________
(мекенжайы көрсетілсін) "Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық
ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық
топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда жоқ және (немесе)
қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:
1)_______________________________________________________________;
2)_______________________________________________________________;
3)_______________________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды. Мемлекеттік корпорацияның
қызметкері: _________________________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Орындаушы: ______________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Байланыс телефонының нөмірі ____________________________________
Алдым: __________________________________________ ______________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, (қолы) әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы "___" _________