БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 371 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11135 болып тіркелген) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Тіркелген көлік құралына көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік осы Қағидаларға 3-1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-1 қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Е.С. Ботақановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
М. Ахметжанов |
нысан
Көлік құралын тіркеу куәлігі
10,5см/7,5 см. көлемді екі жақты бланк.
Алдыңғы жағы:
Қарама-қарсы беті: