"Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 136-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 1 шiлдедегi № 279-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 шiлдеде № 28740 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 136-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27114 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда қағидаларында:

      6-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сатушы сатып алушымен келісім бойынша тауарды арнайы ыдысқа (себеттер, қораптар, полиэтилен сөмкелер және басқалар) орап салу, тапсырыстарды сыйлық ретінде әсемдеп орау жөнiнде қосымша қызметтер, тауарларды жеткізу жөнiнде қызметтер көрсетеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта арқылы сатып алынатын тапсырысты ресiмдеу тапсырыстың peттiк нөмiрi, сатушының атауы немесе тегi (бар болған жағдайда), аты, әкесiнiң аты, тауардың атауы, бағасы, саны, жалпы құны, қосымша ұсынылатын қызметтердiң құны, тапсырысты қабылдаудың және орындаудың күні мен уақыты, сатып алушының тегi (бар болған жағдайда), аты, әкесiнiң аты, қолы және мекенжайы, сондай-ақ өзге де келісілген шарттар көрсетiлетiн бланкіде екі данада жасалады.";

      17-тармақ алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі