"Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 352 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 маусымда № 28555 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында:

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) объектілерді салу бойынша өз қызметін "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерінде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелді) бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.";

      32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Жол құрылысының жобалары "Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерінде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10690 болып тіркелді) бекітілген Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларында белгіленген тәртіппен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.

      33. Әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сараптамасы Заңның 9-1-тарауына және "Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерінде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелді) бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.";

      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Бекітілген жобаға сәйкес кіреберіс есігі мен терезе блоктары (толтыру) орнатылған, ішкі әрлеу жұмыстары аяқталған, қабырғалары мен төбелері сыланған және тегістелген (ішкі қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру жұмыстарынсыз), еден жабынын салу бойынша төсем салынған (таза едендер салусыз), электр кабельдері мен сымдарын өткізу көзделген, пәтер ішіндегі бөлу автоматтары орнатылған (тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптарсыз, газды немесе электрлі ас үй плиталарсыз), аспаптарды орнату орындарына дейін жапқыш арматурасы мен тығындары бар су өткізу және кәріз құбырлары жүргізілген (санитариялық-техникалық жабдық пен аспаптар орнатусыз), сондай-ақ тұтынылған коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптары (үйге ортақ және жеке) орнатылған, жылыту аспаптары мен терезелік жақтау тақтайлары орнатылған, егер шартта осы көзделмесе, атап көрсетілгеннен асатын көлемдердегі жұмыстар орындалған, сондай-ақ объекті инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылып салынған объектілердің (кешендердің) жай-күйі салынған объектілердің (кешендердің) толық әзірлігін білдіреді.

      Ішкі әрлеу (қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру) жұмыстары аяқталған, таза едендер салынған, санитариялық-техникалық жабдық пен аспаптар, тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптар, газды немесе электрлі ас үй плиталары, тұтынылған коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптары (үйге ортақ және жеке), пәтерішілік есік блоктары орнатылып және объекті инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылып салынған объектілердің жай-күйі мемлекеттiк инвестициялардың қатысуымен салынған тұрғын үй объектілерінің толық әзірлігін білдіреді.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі