"Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрлері бойынша модельдік келісімшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № 347 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 маусымда № 28546 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрлері бойынша модельдік келісімшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20376 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған модельдік келісімшартта:

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар қазақстандық кадрларға артықшылық беруге міндетті. Шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын басшылардың, менеджерлердің және мамандардың саны әрбір тиісті санат бойынша басшылардың, менеджерлердің және мамандардың жалпы санының елу пайызынан аспауға тиіс.

      Кадрлардағы елшілік құндылық үлесін есептеу "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 28-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Осы Келісімшарт бойынша барлау үшін жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режимі шеңберінде пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде заңнамада көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жер қойнауын пайдаланушы әуе, темір жол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса алғанда, егер бұл жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) Қазақстан Республикасының резидент еместері көрсететін біртектес жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерді тартуға міндеттенеді.

      Бұл ретте барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт бойынша елшілік құндылық мөлшері жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты, оның ішінде жылдар бойынша кемінде 50% - ды құрауы тиіс:

Жыл

Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер

1 жыл


2 жыл



(келісімшарт ұзартылған жағдайда кейінгі жылдары)


      Елшілік құндылық үлесін есептеу "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 28-бабының 2- тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Жер қойнауын пайдаланушы өзі қабылдаған мынадай міндеттемелерді орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеу түрінде жауапты болады:

      1) жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегі) елшілік құндылық бойынша міндеттемелерді есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының отыз пайызы мөлшерінде орындамағаны үшін;

      2) тиісті жылдың 1 қаңтарында қолданыста болған республикалық бюджет туралы заңнамаға сәйкес кадрлардағы елшілік құндылық бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (АЕК);

      3) осы Келісімшарттың 7 және 8-тарауларында көрсетілген қаржылық міндеттемелерді орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттеме сомасының мөлшерінде.

      Көрсетілген міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеу тиісті күнтізбелік жылда орындалуы келісімшартта көзделген негізгі міндеттемені тоқтатады.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Осы тараудың 51-тармағының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушы сатып алуды осы Келісімшартта және заңнамада белгіленген елшілік құндылық үлесі келісімшарттың 7-тарауының 25-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін осындай жұмыстарды (қызметтерді) сатып алу тәртібіне қойылатын талаптарды бұза отырып жүзеге асырған жұмыстардың (қызметтердің) құны ескеріледі. Бұл ретте көрсетілген көлемнен нақты сатып алынған елшілік құндылық жұмыстарының (қызметтерінің) құны шегеріледі.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Елшілік құндылық бөлігінде келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелерді орындауға қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және жүргізуі туралы, қазақстандық мамандарды оқытуға арналған шығыстар туралы сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстардың көлемі туралы ақпарат өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және оның инфрақұрылымын дамыту құпия болып танылмайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған модельдік келісімшартта:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар қазақстандық кадрларға артықшылық беруге міндетті. Шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын басшылардың, менеджерлердің және мамандардың саны әрбір тиісті санат бойынша басшылардың, менеджерлердің және мамандардың жалпы санының елу пайызынан аспауға тиіс.

      Кадрлардағы елшілік құндылық үлесін есептеу "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 28-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Осы Келісімшарт бойынша өндіру үшін жұмыстар мен қызметтерді сатып алу заңнамада көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жер қойнауын пайдаланушы әуе, темір жол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса алғанда, егер бұл жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) Қазақстан Республикасының резидент еместері көрсететін біртектес жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерді тартуға міндеттенеді.

      Бұл ретте барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде Келісімшарт бойынша елшілік құндылық мөлшері жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты, оның ішінде жылдар бойынша кемінде 50% - ды құрауы тиіс:

Жыл

Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер

1 жыл


2 жыл



(келісімшарт ұзартылған жағдайда кейінгі жылдары)


      Елшілік құндылық үлесін есептеу "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 28-бабының 2- тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Жер қойнауын пайдаланушы өзі қабылдаған мынадай міндеттемелерді орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеу түрінде жауапты болады:

      1) жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегі) елшілік құндылық бойынша міндеттемелерді есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының отыз пайызы мөлшерінде орындамағаны үшін;

      2) тиісті жылдың 1 қаңтарында қолданыста болған республикалық бюджет туралы заңнамаға сәйкес кадрлардағы елшілік құндылық бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (АЕК);

      3) осы Келісімшарттың 7 және 8-тарауларында көрсетілген қаржылық міндеттемелерді орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттеме сомасының мөлшерінде.

      Көрсетілген міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеу тиісті күнтізбелік жылда орындалуы келісімшартта көзделген негізгі міндеттемені тоқтатады.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Осы тараудың 47-тармағының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушы сатып алуды осы Келісімшартта және заңнамада белгіленген елшілік құндылық үлесі осы келісімшарттың 7-тарауының 25-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін осындай жұмыстарды (қызметтерді) сатып алу тәртібіне қойылатын талаптарды бұза отырып жүзеге асырған жұмыстардың (қызметтердің) құны ескеріледі.Бұл ретте көрсетілген көлемнен нақты сатып алынған елшілік құндылық жұмыстарының (қызметтерінің) құны шегеріледі.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Елшілік құндылық бөлігінде келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелерді орындауға қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және жүргізуі туралы, қазақстандық мамандарды оқытуға арналған шығыстар туралы сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстардың көлемі туралы ақпарат өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және оның инфрақұрылымын дамыту құпия болып танылмайды.".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған модельдік келісімшартта:

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар қазақстандық кадрларға артықшылық беруге міндетті. Шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын басшылардың, менеджерлердің және мамандардың саны әрбір тиісті санат бойынша басшылардың, менеджерлердің және мамандардың жалпы санының елу пайызынан аспауға тиіс.

      Кадрлардағы елшілік құндылық үлесін есептеу "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 28-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жер қойнауын пайдаланушы әуе, темір жол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса алғанда, егер бұл жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) Қазақстан Республикасының резидент еместері көрсететін біртектес жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерді тартуға міндеттенеді.

      Бұл ретте барлау жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт бойынша елшілік құндылық мөлшері жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты, оның ішінде жылдар бойынша кемінде 50% - ды құрауы тиіс:

Жыл

Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер

1 жыл


2 жыл



(келісімшарт ұзартылған жағдайда кейінгі жылдары)


      Елшілік құндылық үлесін есептеу "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 28-бабының 2- тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Жер қойнауын пайдаланушы өзі қабылдаған мынадай міндеттемелерді орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеу түрінде жауапты болады:

      1) жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегі) елшілік құндылық бойынша міндеттемелерді есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының отыз пайызы мөлшерінде орындамағаны үшін;

      2) тиісті жылдың 1 қаңтарында қолданыста болған республикалық бюджет туралы заңнамаға сәйкес кадрлардағы елшілік құндылық бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (АЕК);

      3) осы Келісімшарттың 7 және 8-тарауларында көрсетілген қаржылық міндеттемелерді орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттеме сомасының мөлшерінде.

      Көрсетілген міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеу тиісті күнтізбелік жылда орындалуы келісімшартта көзделген негізгі міндеттемені тоқтатады.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Елшілік құндылық бөлігінде келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелерді орындауға қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және жүргізуі туралы, қазақстандық мамандарды оқытуға арналған шығыстар туралы сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстардың көлемі туралы ақпарат өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және оның инфрақұрылымын дамыту құпия болып танылмайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған модельдік келісімшартта:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар қазақстандық кадрларға артықшылық беруге міндетті. Шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту және халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын басшылардың, менеджерлердің және мамандардың саны әрбір тиісті санат бойынша басшылардың, менеджерлердің және мамандардың жалпы санының елу пайызынан аспауға тиіс.

      Кадрлардағы елшілік құндылық үлесін есептеу "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 28-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жер қойнауын пайдаланушы әуе, темір жол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса алғанда, егер бұл жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) Қазақстан Республикасының резидент еместері көрсететін біртектес жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерді тартуға міндеттенеді.

      Бұл ретте өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт бойынша елшілік құндылық мөлшері жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты, оның ішінде жылдар бойынша кемінде 50% - ды құрауы тиіс:

Жыл

Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер

1 жыл


2 жыл



(келісімшарт ұзартылған жағдайда кейінгі жылдары)


      Елшілік құндылық үлесін есептеу "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 28-бабының 2- тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Жер қойнауын пайдаланушы өзі қабылдаған мынадай міндеттемелерді орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеу түрінде жауапты болады:

      1) жұмыстардағы (көрсетілетін қызметтердегі) елшілік құндылық бойынша міндеттемелерді есепті кезеңде орындалмаған міндеттемелер сомасының отыз пайызы мөлшерінде орындамағаны үшін;

      2) тиісті жылдың 1 қаңтарында қолданыста болған республикалық бюджет туралы заңнамаға сәйкес кадрлардағы елшілік құндылық бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (АЕК);

      3) осы Келісімшарттың 7 және 8-тарауларында көрсетілген қаржылық міндеттемелерді орындамағаны үшін есепті кезеңде орындалмаған міндеттеме сомасының мөлшерінде.

      Көрсетілген міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеу тиісті күнтізбелік жылда орындалуы келісімшартта көзделген негізгі міндеттемені тоқтатады.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Елшілік құндылық бөлігінде келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелерді орындауға қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жоспарлауы және жүргізуі туралы, қазақстандық мамандарды оқытуға арналған шығыстар туралы сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстардың көлемі туралы ақпарат өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және оның инфрақұрылымын дамыту құпия болып танылмайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жзарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және табиғи

      ресурстар министрлігі